Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ел бірлігі - ең асыл қасиет

Автор

Иманалинова Гульсим Рахметолдаевна
4 мин оқу 468 оқылым

Бірлік – мәңгілік және бөлінбейтін, ынтымағы мен берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар¬дағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, Сталин зобалаңына ұшырап, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қаншама таңдары қиындықпен атса да, жаны қиналса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсар¬лық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Еліміздің 29 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі,атап айтсақ, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыз, Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі, ел бірлігінің, халық ынтымағының арқасында осындай биіктерге жетіп отыр деп ойлаймыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ігері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез келген ұлт өкілінің құқықтары тең. Ата Заңымыздың бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды басты орынға қойған мемлекетімізде адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің мәліметіне қарасақ, бүгінде республика халқының саны – 18 млн 431,5 мың адамға, сондай-ақ, елімізде 140 түрлі ұлт бар. Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Міне, осыншама ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, алауыздық жоқ. Олар Қазақстанды өздерінің Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газет-журнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театрларымыз алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келі¬сімнің болуы да, ең алдымен, қазақтың ұлылығын танытса керек.
Осыдан 25 жыл бұрын еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарлық шығарған болатын. Ол 800-ден астам этномәдени бірлестіктердің басын біріктірді. 1995 жыл¬дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату¬лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас¬самблеясы, бүгінде қоғамдағы келісім мен ынтымақтастықтың басты тетігі болып отыр. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлт¬тық-мәдени бірлестігі бар.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң¬ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам¬қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам¬дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты¬настарды реттеудің тиімді тетік¬терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымы ая¬сын¬да біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің төрағасы, Бақытжан Әбдірайым ағамыздың айтуынша, бүгінде елімізде 195 этноағарту кешені мен лингвистикалық мектеп қызмет көрсетеді екен. Ассамблеяның белгілі азматы Видади Салаховтың пікіріне тоқтала кетсек: «Біздің салт-дәстүрімізді, тілімізді, тарихымызды, әдебиетімізді сақтауға себін тигізетін мектеп, театр, газет, теле- радиобағдарламалар бар. Мұның барлығы – этникалық топтардың мәдениетін біріктірген саясат». Ассамблеяның басты мақсаты – саяси жағдайларға болжам жасай отыра, қоғамды алауыздықтан сақтау. Яғни, азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайту. Себебі, алпауыт елдердің өзі абдырап отырған тұста, Қазақстан халқы ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді.
Иә, шынында да, бүгінгі таңда Қазақстан халық¬тарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өмі¬ріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.
Қорыта келгенде, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Иманалинова Гульсим Рахметолдаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ел бірлігі ең асыл қасиет

Мақалада ел бірлігі мен халық ынтымағының тарихи маңызы, татулықтың қоғам тұрақтылығы мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі сөз болады.

Иманалинова Гульсим Рахметолдаевна 426 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин