Мазмұнға өту

Экономикада, бизнес саласында және жеке кәсіпкерлікте психологияның рөлі.

Тулекова Гулжан. Алмасқызы ЯСМИН 5 мин оқу 81 оқылым

Жетекші: ф.к.ғ.  қауымдастырылған профессор Тулекова Г.Х.

Алмасқызы Ясмин ПСИ 241(4)

Андатпа

Қазіргі заманда экономика, бизнес және кәсіпкерлік салаларында адамның мінез-құлқын зерттеу мен түсіну маңызды рөл атқарады. Осы салалардың табысты болуы көбінесе адамдардың қажеттіліктерін, мотивациясын және психологиялық ерекшеліктерін дұрыс анықтауға байланысты. Психология ғылымы экономикалық қатынастар мен кәсіпкерлік стратегияларды тиімді құру үшін құнды құрал болып табылады. Сонымен қатар адамдардың деген ойлау қәбілеті, олардың өздерін ұстануына қарай үлкен көмек береді.

Түйінді сөздер: психология, экономика, бизнес, кәсіпкерлік, мотивация, мінез-құлық.

Аннотация

В современном мире изучение и понимание поведения человека играют важную роль в области экономики, бизнеса и предпринимательства. Успех в этих сферах во многом зависит от правильного определения потребностей, мотивации и психологических особенностей людей. Наука психология является ценным инструментом для эффективного построения экономических отношений и предпринимательских стратегий. Кроме того, мышление людей и их поведение оказывают значительную помощь в достижении целей.

Ключевые слова: психология, экономика, бизнес, предпринимательство, мотивация, поведение.

Abstract

In the modern world, the study and understanding of human behavior play a crucial role in the fields of economics, business, and entrepreneurship. Success in these areas largely depends on accurately identifying people’s needs, motivations, and psychological characteristics. Psychology serves as a valuable tool for building effective economic relations and entrepreneurial strategies. Moreover, people’s thinking abilities and behavior provide significant support in achieving goals.

Keywords: psychology, economics, business, entrepreneurship, motivation, behavior.

Психология экономикада, бизнес пен жеке кәсіпкерлікте өте маңызды рөл атқарады. Бұл ғылым адамдардың ойлау жүйесін, мінез-құлқын және шешім қабылдауын зерттейді. Осы білімдерді дұрыс қолдану арқылы бизнестегі табыс пен тиімділікті арттыруға болады. Бизнес саласында психология адамдармен дұрыс жұмыс істеу үшін қажет. Мысалы, адамдардың сатып алу шешімдеріне эмоциялар, әлеуметтік нормалар және мәдени ерекшеліктер әсер етеді.эмоционалдық интеллект теориясы (Дэниел Гоулман) және мотивацияның қажеттілік иерархиясы (Абрахам Маслоу).Теория: Басшының эмоционалдық интеллекті оның қызметкерлермен қарым-қатынасын нығайту арқылы жалпы өнімділікті арттырады (Гоулманның эмоционалдық интеллект теориясы).

Жетекші әр қызметкердің мотивациясын түсініп, олардың жұмысқа деген ынтасын арттыруы керек. Егер қызметкер өз жұмысының бағаланып жатқанын сезінсе, ол тиімдірек жұмыс істейді. Психологияның маңызды аспектілерінің бірі — «нәтижелерді болжау теориясы». Осы теория адамдардың тәуекелге қатысты қалай шешім қабылдайтынын түсіндіреді. Эмоционалдық интеллекті жоғары тұлғалар басқалармен тиімді қарым-қатынас орнатады” (Гоулман, 1995).

Сонымен қатар, жарнама мен маркетингте психологиялық әдістер маңызды. Тұтынушылардың мінез-құлқы жарнаманың эмоционалдық мазмұнына тәуелді” (Талер, 1980).Тұтынушының назарын аударту үшін түстер, сөздер және эмоция тудыратын бейнелер жиі қолданылады. Экономикадағы қаржылық шешімдерге де психологияның әсері зор, әсіресе инвестициялаудағы адамдардың тәуекелге бейімділігі мен эмоциялық реакцияларын талдау маңызды. Соған қоса осы сала үлкен шыдамдылыққа алып келеді, өйткені жұмыс барысында жумысшылар әр түрлі адамдармен кездесе отырып осы адамлардын көніліне қарай бағдар тұтады. Бизнес саласында психологияның рөлі ұйымның ішкі және сыртқы процестерін тиімді басқару үшін өте маңызды. Қызметкерлердің клиенттермен сенімді байланыс орнату  үшін үлкен психологиялық жұмыс жасау керек. Жетекшілер үшін адамдарды түсінуге, олардың қажеттіліктерін анықтауға және компанияның жалпы дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.  Психологияны қолдана отырып тек бизнес ғана емес  қаржылық табысты арттырып  тұрақты және бәсекеге қабілетті ұйым құра алады.

Келіссөздерде психология адамдардың сенімін қалыптастыру, қарым-қатынас стилін таңдау және конфликтілерді шешу үшін қолданылады. Табысты бизнес көшбасшысының негізгі қасиеттерінің бірі — эмоционалды интеллект. Ол арқылы көшбасшы қызметкерлердің көңіл-күйін түсініп, олармен тиімді жұмыс істей алады.  Бизнес саласында және жеке кәсіпкерлікке қатысушылар өз жұмысына өте көп уақыт бөлуге мәжбүр болады. Бұл ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін адамдардың эмоционалдық және физикалық ресурстарын тауысады.Жеке кәсіпкерлер мен бизнесмендер үшін жеке өмір мен кәсіби өмір арасындағы шекараның бұзылуы өте жиі кездеседі. Үнемі жұмыста болу және жұмыстан тыс уақытта да ойлану адамды эмоционалды күйзеліске ұшыратады. Экономика мен бизнес саласында, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікте суицидтің себептері көп түрлі және жеке жағдайларға байланысты болады. Суицидке әкелуі мүмкін негізгі факторлар — қаржылық қиындықтар, эмоционалдық күйреу, жеке өмірдегі мәселе , әлеуметтік қолдаудың болмауы және психологиялық аурулар.  Мысалға, Жапон мемкелеттің алуға болады, жапонияда жұмысшылар көп жұмыс жасап қайтыс болып жатыр, оны кароси мәселесің  алсак болады,  ол “артық жұмыс істеуден өлім”. Осы  құбылыс ұзақ уақыт жұмыс істеу, стресс және физикалық қажудың салдарынан жұмысшылардың кенеттен инфаркт, инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларынан немесе өз-өзіне қол жұмсаудан қайтыс болуын сипаттайды.Бұл теорияны және мәселені зерттеген Хироши Кавахито-Ол еңбек стрессі мен артық жұмыс мәселелерін зерттеумен айналысқан жетекші мамандардың бірі және “Кароси құрбандарын қорғау ұлттық кеңесінің” бас хатшысы болған. Осыған орай Хироши Каросиді зерттеген жетекші маман ретінде ол жұмыс уақытын қысқарту және міндетті үзілістерді енгізу идеясын белсенді түрде алға тартты. Кавахито демалыс адамдардың денсаулығын сақтау үшін маңызды екенін үнемі атап өтті. 2010 жылдары “Premium Friday” кампаниясы басталды, ол қызметкерлерді жұма күні жұмысты ертерек аяқтауға ынталандырды. Артық жұмыс уақытын шектеу бойынша ережелер енгізілді.2000 жылдары іске қосылған “Ютарюку” бағдарламасы оқу сағаттарын қысқартып, сыныптан тыс іс-шараларға көбірек уақыт бөлді.

Мұғалімдер мен педагогтар, мысалы, Тору Кумон, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған және оқу жүктемесін азайтатын әдістерді ұсынды. Экономикада, бизнес саласында және жеке кәсіпкерлікте психология адамдардың мінез-құлқын, мотивациясын және қажеттіліктерін түсіну үшін маңызды құрал болып табылады. Бұл ғылымды тиімді қолдану бизнестің тұрақтылығы мен табыстылығын қамтамасыз етеді. Болашақта психологияның осы салалардағы рөлін тереңірек зерттеу экономикалық және кәсіпкерлік стратегиялардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, психологияны бизнес пен экономикада қолдану ұйымның тұрақтылығы мен табыстылығын қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен тұтынушылардың қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл саладағы зерттеулер мен тәжірибелерді одан әрі дамыту экономикалық және кәсіпкерлік стратегиялардың тиімділігін арттырад.

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Маслоу, А. Х. Мотивация и личность. - Мәскеу: Педагогика, 1999.
  2. Фрейд, З. Психология бессознательного. - Мәскеу: АСТ, 2006.
  3. Альтман, И., & Тейлор, Д. Социальная психология: межличностное поведение. - Мәскеу: Мир, 2010.
  4. Эриксон, Э. Идентичность: Юность и кризис. - Мәскеу: Прогресс, 1996.
  5. Қожахметова, К. Кәсіпкерлік психологиясы. - Алматы: Қазақ университеті, 2015.

Қазақстан Республикасының экономикалық және кәсіпкерлікке байланысты ресми деректері.

Соңғы жаңарту: 28 қараша 2025, 10:15

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тулекова Гулжан. Алмасқызы ЯСМИН

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Қызыл Гүлназ Ыбырай қызы Педагог - психолог Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, с. Жарлы "Жарлы" бөбек жай балабақшасы. Аннотация. Мақалада мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тәрбиеленушілердің функционалдық…

Bilimger Media 101 оқылым 8 мин
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 43 оқылым 1 мин
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 74 оқылым 4 мин
Психология

3–6 жастағы баланың эмоциясын тану және басқару: ашу, реніш, қызғаныш

Психолог Аннотация Бұл мақалада 3–6 жастағы баланың эмоцияларын тану және оларды жас ерекшелігіне сай басқару жолдары қарастырылады. Ерте балалық шақта эмоцияны айыру қабілеті (бет-әлпет, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалыс,…

Өтебай Ұлмекен Базарбайқызы 141 оқылым 7 мин