Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Экология - ел тағдыры

Автор

Aiken Turganbek
3 мин оқу 26 оқылым

Шыңғыс АЙТМАТОВ:

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді.

Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.

Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр»

Біздің мемлекетімізге ғана емес, планетамызға қауіп төндіріп тұрған экологиялық ахуал – болашақтың жастары біздерді де алаңадтпай қоймайды. Экологияның ластану себебі —  ең алдымен адам денсаулығына зиян. Бұл – ұрпақ  саулығына кері әсер етеді деген сөз. Сондықтан, әлем елдерінің экологтары бас қосып, мәселені реттеуді қарастыруда. Келелі мәселенің оң шешімін табуына әр адам, отбасы, оның мүшелері табиғаттың жасыл желегін сақтап қалуға ұмтылуы керек. Қоршаған ортаның ластануына ең алдымен адамзат баласы жауапты деп ойлаймын.

Айталық, күнделікті тұрмыста қолданылатын целофан қалталар, пластик бөтелкелер Алматы қаласының арықтарында қаптап жатады. Ауа райының қолайсыз күндері, жаңбыр жауғанда, қар суы ерігенде арықтар тек осы екі затпен ғана толып, су көшелерге жайылып жатады. Қаламыздың барлық көшелерінде, демалыс орындарында, парктерде арнайы қоқыш жәшіктері орнатылғанына қарамастан, тазалық сақтауға аса мән берілмейді. Ал, ауылдық жерлерде адамдар, балалар мен жастар өзінің тұратын мекенінің тазалығын сақтамайтындығы туралы жиі мәселе көтеріледі.

Эколог ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, қоршаған ортамыздың ауасының нашарлауына тікелей адамдардың қатысуымен болатын бірнеше факторларды: қоршаған табиғи ортаның ластануы. Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға шығарылуы. Су ресурстарының ластануы. Химиялық ластану. Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері екенін атап айтады. Ең қауіптісі – Арал теңізінің акваториясының қысқаруы және тұздану дәрежесі жоғары жаңа шөлді аумақтардың түзілуіне байланысты оның табанының жалаңаштануы, бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының қалдықтары, Каспий теңізі шельфінің ресурстарын қарқынды түрде игеру арқылы теңіз және жағалаулық экожүйелерге әсер ету, орман алқабының азаюы, соған орай аң-құстардың жойылу  туралы естігенімде, үнсіз қалмай балалар мен жасөспірімдерді экологиямызға жанашыр болуға шақыруға ниеттендім.

Еіміздің төрт атырабын қоршаған жасыл ормандарымыздың аумағы – өрттің салдарынан күлге айналуда. Табиғи және адами фактор болуы қажеттігін ресми орындар тексеруде. Биыл жаз айының ыстық аптабы басталмай жатып, Семей ормандары, Қостанай өңірі, Астананың айналасында болған өрттің өшуі бірнеше күнге созылуда. Автокөліктер санының көбеюіне байланысты одан атмосфераға тарайтын улы газдарды алмастыратын жасыл отын көздері қарастырылуда. Жыл өткен сайын орман қорының азаюы, алма бақтар алқабының кемуі, табиғи жайылымдардың деградацияға ұшырауы – экологиялық апатқа апаратын күрделі мәселенің бірі.

Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология.  Әлеуметтік экология —  табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын «табиғат — адам — қоғам» жүйесі негізінде; Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін; геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын; Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін; Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алуды зерттейді.

Арнайы ақпараттармен танысқанымда, елімізде экология мәселесін терең зерттейтін кәсіби мамандардың аздығы айтылады. Елінің табиғатын қорғап, экологиясын сақтап қалуды алдағы уақытта мектеп оқушылары да қатты ойлануы қажет. Яғни, эколог мамандығын таңдап, ел үшін қызмет етуге бел байлап, табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына, табиғи факторладырдың алдын алуға білімін, біліктілігін жұмсайтын жастар қатары көбейетініне сенемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Aiken Turganbek

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жаңалықтар

Жасыл экономика және оның Қазақстандағы дамуы

Жасыл экономиканың негізгі артықшылықтары мен Қазақстанда оны дамытуға түрткі болған факторлар, стратегиялар және бастамалар сипатталады.

Aiken Turganbek 65 оқылым 3 мин
Жаңалықтар

Қазақстандағы инфляция деңгейі

Материалда Қазақстандағы инфляцияның негізгі себептері мен халыққа және ел экономикасына әсері қарастырылады.

Aiken Turganbek 75 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Өнер алды қызыл тіл

«Ғалымның аты, жақсының хаты өлмейді», деп ата- бабаларымыз текке айтып кетпеген. Осындай сөз қалдырған дана халық, дана нақыл сөздердің, шешендік ойлы сөздердің ешқашан қадірі кетпейтін қазына екенін айтып кеткен. Сан…

Aiken Turganbek 28 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин