Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы

Bilimger Media
3 мин оқу 69 оқылым
Сабақ №5   Мектеп: «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» КММ
Күні:  7.09.2021ж Мұғалімнің аты-жөні: Жумабекова Ұ.А.
Сынып:  6 «Д» Қатысқан оқушы саны: Қатыспаған оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну

6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу

Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:

Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну, екі санның қатынасын оқу және жазу

Оқушылардың басым бөлігі:

Екі санның қатынасын оқу және жазуды тапсырмалар орындауда көрсету

Кейбір оқушылар:

Шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастыру және мәнін табу

Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы

5 минут

Ұйымдастыру сәті

  Жүректен-жүрекке» оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу,      жылы лебіздер айту.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. Психологиялық ахуал.
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 минут

(Ұ) Ширату жаттығулары:  «Шеңбер» әдісімен ұйымдастырылады.

Оқушылар шеңбер құрады және 1, 2 сандарын санайды. 2 санын айтқан оқушылар 1 санын айтқан оқушыларға қарама- қарсы тұрады. Сонда 1 санын таңдаған оқушы шеңбердің сыртында, 2 санын таңдаған оқушы шеңбердің ішінде қалады. Сұрақ қоятын оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Дұрыс жауап берген оқушы стикерді алады. Сұраққа жауап берген оқушы келесі сұраққа орындарын жылжыту арқылы жауап береді. Дұрыс таба алмаған жағдайда стикер ала алмайды.

1. Санды өрнек дегеніміз не?

2. Әріпті өрнек дегеніміз не?

3. Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы неде?

4. Өрнектің ықшамдалған түрінің оның алғашқы түрінен айырмашылығы неде?

5. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті қалай ықшамдауға болады?

Ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушылардың берілген сұрақтарға жауабын саралау. Сыртқы шеңбердегі оқушыларды 1- топқа, ішкі шеңбердегі оқушыларды 2-топқа отырғызамын

Мұғалім ОМ анықтайды

Үлестірмелі қағаздар

Оқулықпен жұмыс

25 минут

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жаңа сабақты өздігінен оқып үйренеді. Оқушы жеке оқып, жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды.

ҚБ:

(Ж)Тапсырма-1: Ұзындығы 14 см АВ кесіндісін ұзындығы 7 см ДЕ кесіндісімен салыстырыңдар (1.1 - сурет)

А                                                                                        В

Д                                         Е

(1.1 - сурет)

Сұрақтарға жауап беріңдер:

1) 14 қатынасының мағынасын түсіндір?

2) 7қатынасының мағынасын түсіндір?

Тапсырманы «Сұрақ-жауап» әдісімен орындайды.Жұпта білмегенін сұрап, толықтырып отырады.

(Ө) Тапсырма – 2:Оқушы тапсырманы жеке отырып орындайды.Себебі оқушылар оқу стандартына сай меңгеруге тиіс тапсырма.

а)       

Қатынасты жазыңдар
9-дың 5-ке
15-тің 7-ге
0,8-ның 4-ке
0,75-тің 3-ке
4,9-дың 7-ге
0,8-дің  0,2-ге

ә)

қатынас Қатынастың оқылуы Қатынастың мәні
98:7
121:11
84:12
8:5

(Т) Тапсырма-3: 1.а)Мына формулаларды «қатынас» сөзін пайдаланып, оқыңдар

V=

2.ә)  Пойыз 3 сағатта 255 км жол жүрді. Пойыздың жылдамдығын қатынас

түрінде жазыңыз.

б)  Принтер 12 минутта 108 бетті шығарды. Принтердің жұмыс

өнімділігінқатынас түрінде жазыңыз.

в) 4кг кәмпиттің құны 1500 теңге. Кәмпиттің бағасын қатынас түрінде

жазыңыз.

Бұл тапсырма«Галереяны шарлау» әдісімен орындалады және бағаланады. Оқушылар сыныптастарымен топта тапсырманы талқылап, бірге орындайды. Сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Постерлер ілініп, топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, постерлерді қарайды, сараптайды, талдайды және стикерге пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз постерлеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды. Саралаудың     «Қарқын» тәсілін таңдадым, себебі кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды, ал кейбіреулері уақыт қажет етеді. (стикерлер арқылы топтар бір-бірін бағалайды).

Жұмыс дәптеріне жазылым тапсырмаларын орындау

Дескриптор:

-       АВ кесіндісінде 14 бірлік кесінді, ДЕ кесіндісінде 7 бірлік кесінді барын анықтайды;

-       қатынастың мәнін табады

Жұмыс дәптеріне жазылым тапсырмаларын орындау

Дескриптор:

-қатынастың мүшелерін

ажыратады

 -қатынас түрінде жазады

 -қатынасты оқиды

 -қатынастың мәнін табады

Дескриптор:

-формуданы «қатынас» сөзін пайдаланып, оқиды

-жылдамдық - қашықтықтың уақытқа қатынасы екенін біледі

-жұмыс өнімділігі – өнімнің уақытқа қатынасы екенін біледі

-баға – құнның зат мөлшеріне қатынасы екенін біледі

Саралаудың «Бағалау» тәсілімен тақтадағы дұрыс жауапқа қарап

бағаланады.

Топтық тапсырмалар.

Соңы

5 минут

Сабақты бекіту Рефлексия

Үйге тапсырма:

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.
Кері байланыс Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Табыс» ағашы. Қызыл алма – сабақ маған түсініксіз. Сары алма – тақырыпты түсіндім, бірақ тез ұмытамын. Жасыл алма – сабақ маған ұнады, тақырыпты меңгердім. (Оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады) Кері байланыс парағы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым