Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ЕАЭО-тың Қазақстан экономикасына әсері және бәсекеге қабілеттілігі

Талибаева Айнұр Иембергенқызы
2 мин оқу 34 оқылым

ЕАЭО-тың Қазақстан экономикасына әсері және бәсекеге қабілеттілігі

Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, оны Елбасы М. Ломоносов атындағы Мәскеу гуманитарлық университетінде дәріс оқу кезінде – 1994 жылғы 29 наурызда жария еткен болатын.

Тұңғыш Президенттің бастамасы тек 20 жылдан кейін ғана іске асты және бұл экономикалық одаққа кірген посткеңестік республикалар үшін тарихи оқиғаға айналды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан астанасында қол қойылды. Аталған құжат Одаққа қатысушы елдердің экономикаларын дамыту үшін ұзақ мерзімді тұрақты жағдайларды қамтамасыз ететін еуразиялық интеграцияның дамуына бастау берді, сондай-ақ төрт еркіндікті: тауарлар, капитал, қызметтер және жұмыс күшінің еркін қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік жасады.

Одақтың жұмыс істеуі кезінде бірлестік елдері азаматтарының өмір сүруі мен жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ілгері даму өзгерістері байқалуда. Одақтағы өнім айналымының жалпы ережелерінің арқасында тұтынушылар үшін сапалы және қауіпсіз тауарлардың саны артты, азаматтар ЕАЭО елдерінің кез келгенінен тең жағдайда ала алатын қызметтердің сапасы жақсарды.

Бүгінде еңбек етушілер Одақ ішінде еркін қозғалып, қосымша талаптар мен рұқсаттарсыз жұмыс істейді, олардың дипломдары өзара мойындалады. Олар қажетті медициналық көмекті ала алады, балаларды балабақшалар мен мектептерге бөледі. Бұл, ең алдымен, бизнесті және жалпы ЕАЭО елдерінің экономикаларын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында мүмкін болды. ЕАЭО жаңа Кедендік кодексі қабылданды, соның арқасында кедендік операцияларды жасау мерзімі бірнеше есеге қысқарды. Сонымен қатар, Одақ ішіндегі сауда кедергілерімен күрес институтталды, 2016 жылдан бастап 51 кедергі жойылды. Соңғы жылдары Одақ ішіндегі өзара тауар айналымы шамамен 32%-ға өсті.

Әлемдік сараптаушылардың бағалауынша, XXI ғасырдың бірінші онжылдығындағы барынша серпінді 25 экономиканың арасында Қазақстан үшінші орынды иемденді. Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ 20 есе артты, сөйтіп, 2013 жылы 12 мың АҚШ долларын құрады, елдің алтын валюта қоры 90 млрд. АҚШ долларынан асты, бұл Қазақстан экономикасының 30%-ын құрайды. Кеден одағы құрылғаннан бері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне құйылған тікелей инвестициялардың көлемі екі есе өсті. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне құйылған шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 88% көбейді, яғни 2009-2012 жылдарда 1,8 млрд. АҚШ  долларынан 3,4 млрд. АҚШ долларына өсті. Кедендік одақ жұмыс істегеннен бастап мүше мемлекеттердің өзара саудасының артқандығы байқалды және жалпы қазақстандық экспорт 2009 жылмен салыстырғанда 64% ұлғайды.

Жоғарыдағы оң көрсеткіштерге қарамастан бірсыпыра бағыттар бойынша Қазақстанның деңгейі әлі де төмен. Айталық «Жаңа технологияға қол жетімділік» және «Кәсіпорын деңгейінде технологияны қолдану» көрсеткіштері бойынша, сәйкесінше 88 және 78 орында.

7М04143 Цифрлық экономика, 2 курс магистранты

Талибаева Айнұр Иембергенқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Талибаева Айнұр Иембергенқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым