Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Искакова Сайлаугуль
3 мин оқу 482 оқылым

Мақсаты: Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.

  1. Дүниетанымын, ой-өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  2. Дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, электрондық оқулық, суреттер

Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімемелеу, түсіндіру, топтастыру,түртіп алу

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

а/ топтастыру

б/сұрақ-жауап арқылы

Жаңа сабақ

а/Электрондық оқулықпен түсіндіру

б/Мынау не? Дидактикалық ойын

Оқулықпен жұмыс

а/Мәтінді дауыстап оқу

б/Жаңа мағлұматты белгілеу

в/ «Азық – түліктерді жина» ойыны

Дәптермен жұмыс

а/Кесте толтыру

Сергіту сәті

Сауалнама

Үйге тапсырма

Рефлексия

Бағалау

Дәрумендер – адам ағзасы үшін қажет, химиялық структурасы әртүрлі биологиялық белсенді заттар. Олар адам ағзасына күнделікті тұтынатын тағамдардан беріледі. Дәрумен жетіспеушілігі – құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайды. Оның салдары адам ағзасының қартаю процесін жылдамдатады, әртүрлі ауруға шалдығу қаупін күшейтеді. Адам ағзасы тағамдармен бірге үнемі дәрумендерді қажет етеді. Дәрумендердің ағзаға тәуліктік қажет нормадан аз түсуі гиповитаминозға шалдықтырады.Гиповитаминоз бен авитаминоздың көктем айларында көптеп кездесуінің басты себебі адамдардың қыс мезгілінде көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерінен аз пайдалануынан орын алады. Авитаминоз дәрумендердің жетіспеушілігінен ғана емес, кейде ағзаның дәрумендерді табиғи, физиологиялық, психологиялық және тағы басқа да факторларға байланысты көп қажет етуінің салдарынан да туындайды. Мысалы, ауа температурасының жоғары немесе төмен болуы, ауыр, қауіпті жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы, күйзеліске ұшырау мен әйелдердің жүктілік және бала емізу кезінде.Сонымен қатар авитаминоз салдарынан адам ағзасында зат алмасу процесі бұзылып, иммунитет төмендейді, адам әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Авитаминоз белгілері: ұйқышылдық, үнемі шаршап жүру, безеудің пайда болуы, көру қабілетінің төмендеуі, шаштың түсуі, ашуланшақтық, тырнақтың сынуы және т.б.  Ескерте кетер жайт – дәрумендердің адам денсаулығының басты кепілі екендігін қашанда жадыңызда сақтағаныңыз абзал. Сондықтан авитаминоздың алдын алу үшін әркез дұрыс тамақтанып, көкөніс, жеміс-жидекті жиі пайдаланып, дәрігерлік тексеруден өтіп тұрған дұрыс.Тағамдардың ішінде чипсы, газды сулар және өте майлы, қанты көп тағамдар адам ағзазына зиянды.

  • Міне, балалар, біз денсаулық туралы тегіннен тегін әңгімелеп отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде әңгімелекпіз.Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда.
  • Адамдар толық немесе жүдеу, дені сау немесе аурушаң болатынын байқаған боларсың. Дені сау болып өсуі үшін адамға қоректік заттар керек. Олар азық-түліктің әр түрінде болады.

/Электрондық оқулықпен жұмыс/

Денсаулықтың негізі- дұрыс тамақтану

1.Қолыңды сабындап жу

2.Қисаймай, түзу отыр

3.Қасықты оң қолыңмен ұста

4.Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет оқыма

5.Шамадан тыс тойып ішпе

6.Нанды үзіп же

7.Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Ас дайындайтын адамды кім дейміз?
  2. Сендердің үйлеріңде тамақты кім дайындайды?

3.Азық-түліктің қандай түрлері болады?

«Азық – түліктерді жина» ойыны Қайсысы өсімдік тектес, қайсысы жануар тектес азық-түлік екі корзинаға салу.

4.Тамақ алдымызға қалай келеді?

5.Сендер неше мезгіл тамақ ішесіңдер?

6.Сабақтан кейін бірден тамақ ішуге отырасыңдар ма?

Дәптермен жұмыс. Кестені толтыру.

Дұрыс тамақтану Дұрыс тамақтанбау

Сауалнама:

1.Нансыз тамақ ішесің бе?                                                                                   2.Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?                                                           3.Қандай жемістің шырынын ішесің?                                                                  4.Күніне неше рет сүт ішесің?                                                                                5.Сен балықты жақсы көресің бе?                                                                      6.Шайға қантты көп саласың ба?

«Ауырып ем ізедегенше, ауырмайтын жол ізде» мақалын талдау

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, кестені толтыру

Рефлексия:

Ас-адамның арқауы                                                                                                               Аспен күш артады                                                                                                                                 Тағам іш жағымды                                                                                                             Тазартар жаңынды

«Өзіңді,тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңгі – кеш ауызыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда-деген тілекпен
Тренинг: Мен саған ... тілеймін. «Жүректен – жүрекке»

Сонымен балалар,бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді өмірде пайдалана біліңдер.Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Искакова Сайлаугуль

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану»

Балабақшада алақанмен, саусақпен, нүктемен және тіс щеткасымен сурет салу тәсілдері сипатталған. Дәстүрден тыс әдістер балалардың шығармашылық жұмысына арналған.

Искакова Сайлаугуль 3 мин 366 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым