Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

домбыра қазақтың ұлттық аспабы

Нуржамал
4 мин оқу 35 оқылым

Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі.
Білім бөлімі: Коммуникация. Таным, Шығармашылық. Оқу-қызметі: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу, хореография.
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспабы-Домбыра.
Мақсаты: 1. Балалардың домбыра туралы білімдерін толықтыру, пысықтау. Мультфильмнен үзінді сахналау шеберлігін арттыру. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Домбыраға қатысты туған жердің тарихы мен мәдениеті туралы толық білім алу. 2. Дауыс ырғағын дұрыс қойып өлеңді мәнерлеп оқу машығын, сұрақтарға толық сөйлемдермен жауап беру дағдылырын дамыту. 3. Домбыраның тарихына, ұлттық өнерге қызығушылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып бойынша слайд. Әр балаға бір домбыра. «Ақсақ құлан» мультфильмі.
Әдіс-тәсілдері: Сахналау, баяндау, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Құлағында ойнау, баба.
Алдын ала жұмыс: Мультфильмнің толық нұсқасы көрсетіліп, аты аталған күйші, ақындар мен әнші, жыршылар туралы толық мәлімет берілді.
Барысы:
Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері: Сәлемдесу:
Сәлем сөздің патшасы, Сәлем бердім баршаңа. Қазақтың кең ғой пейілі, Сыйлайтын дос пен қонақты. Сәлеметсіздер ме!
-Балалар, қазақтың тағы қандай екенін Қ. Мырзалиевтің қай өлеңінен білуге болады?
-«Домбыра» өлеңінен білуге болады. -Олай болса өлеңді бәріміз бірге оқиық.
Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ-қазақ емес, Нағыз қазақ- Домбыра.
-Ендеше, балалар, бүгінгі оқу-қызметімізді осы домбыраға арнайық.
Ұйымдастыру-ізденушілік.

-Домбыра туралы қандай аңызды білесіңдер? -«Ақсақ құлан» деген аңызды білеміз.
Сахналау: «Жошыхан мен Кетбұға күйші». Мультфильмді көріп келе жатып тоқтаған жерінен жалғастырып рөлді балалар ойнайды. Балалар тоқтатқан жерінен ары қарай мультфильм тамашаланады. Мақс: Мультфильм мен сахналық қойылымды араластыра отырып, балалардың шығармашылық шеберлігін арттыру, -Мультфильм мен көріністе кімдерді көрдіңдер? -Жошыхан мен баласы, Кетбұға күйші мен домбыраны көрдік. -Міне балалар, Кетбұға күйшінің өзі де келе жатыр. -Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен сендердің домбыра туралы не білетіндеріңді білгім келеді. -Отыра қойыңыз, Кетбұға күйші баба. Балалар бар білетінін, сіздің және домбыраңыздың басынан қандай жағдай өткенін сізге айтып береді. Ол туралы Жұбан Молдағалиев атамыз «Мен қазақпын» деген өлеңінде қалай жырлағанын балалар оқып берсін. Өлеңнен үзінді оқылады.

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Жерімізді жау қолы жосығанда, Тура айтуға тірі тіл шошығанда. Жалғыз дауыс домбыра емес педі, Қарсы барған қаныпезер Жошыханға.
-Міне көрдіңіз бе, балалар бәрін де біледі.
-Балалар, бағанағы көріністе көрген оқиғалардан кейін домбыра қалай өзгергенін мына домбыраға қарап айтып берейік.
Баяндау. «Домбыра» Мақсаты: Мультфильмде көргенін және қазіргі кездегі домдыраны салыстыру. Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. -Қорғасын құйғанға дейін домбырада 5 ішек болған, қорғасын құйғаннан кейін 2 ішек қалған -Қорғасын құйғанға дейін домбыраның беті бүтін болған, қорғасын құйған жерде тесік пайда болған. -Ары қарай домбыраның құрылысын айтайық. -Домбыраның 2 ішегі , көп пернелері бар. -Домбыраның шанағы, бетқақпағы бар. -Домбыраның басы, 2 құлағы бар. -Домбыраның тиегі, түймесі бар. -Домбыраның мойны бар.
-Кетбұға күйші сізден кейін осы домбырамен сары даланы күймен тербеткен қаншама күйшілер болғанын балалар сізге айтып берсін. -Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет, Сүгір, Дина. -Бұлар ертеректе болған күйшілер. Олардың күйлерін бізге жеткізген кім? -Құрманғазы Динаға домбырасын мұраға қалдырған, сөйтіп Дина олардың күйлерін біздің заманымызға жеткізген. -Ал, кейінгі күйшілер кімдер? -Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров, Секен Тұрысбеков, Айгүл Үлкенбаева. -Ал осы домбыраны күйшілерден басқа кімдер тартады? -Домбыраны ақын, жыршы, жыраулар да тартқан. -Қандай ақынды білесіңдер Құрманғазы сияқты домбырасын мұраға қалдырған? -Сүйінбай ақын домбырасын Жамбыл Жабаевқа мұраға қалдырған. -Енді осы домбыраның соншалықты қандай қасиеті барын М. Мұқатаев «Домбыра» деген өлеңінде қалай жырлаған?

«Домбыра»
Тарт күйіңді, домбыра, Төгіл, төгіл тәтті күй! Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін жел соқтыр! Тауда тұман тұрмасын, Көкте бұлт ыдыра!
-Домбыраның қасиеті неге байланысты екенін балаларым біле мекен? -Иә. -Өйткені домбыраны қасиетті емен ағашынан, дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай ағашынан, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі ағаштарынан жасайды. -Міне керемет! -Оны кімдер жасайды? -Оны шеберлер жасайды. -Осындай домбыраны әлемдік сахнаға алып шығып ән салған қандай әншіні білеміз? -Әміре Қашаубаев Париж қаласында домбырамен ән шырқап, әлемді таң қалдырған.
Сөздік жұмыс. Мақсаты: Сөзді түсінгенін қимылмен көрсете білу, айта алу.
-Балалар, біз домбыраны не істейміз? -Домбыраны тыңдаймыз. -Домбыраны тартамыз. -Домбыраны шертеміз. -Домбыраға байланысты қандай сөз тіркесін білесіңдер? -«Домбыраның құлағында ойнау» -Домбыраны шебер тарту дегенді білдіреді. -Ал біз осы домбырамен би өнерін көрсетейік.
Сергіру сәті. Би өнері. (Домбырамен билеу)
-Кетбұға күйші баба, біздің елімізде қазір домбыраның құрметіне «Үлттық домбыра күнін» атап өтетін болған. Ол күнді қай кезде тойлаймыз, балалар? - Ол күнді шілде айының бірінші демалысында атап өтеміз. -Міне Кетбұға күйші, өзіңіз көргендей қазақ халқы домбыраны қалай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқанын. -Жарайсыңдар, балаларым. Мен сендерге өте тәнті болдым. Менің домбырам қазақ деген халықты Жошыханның қаһарынан бекерге қорғап қалмаған екен.. Рахмет сендерге. Сендердің де араларыңнан талай күйші, жыршы, ақындар шығатынына мен сенемін. Ал енді кетейін сау болыңдар. -Сау болыңыз!
Рефлексивті-түзетушілік.
-Балалар бүгінгі оқу-қызметінде біз не туралы айттық? -Бізге кім қонаққа келді? -Неге «баба» дейміз? - Тағы не істедік? -Мультфильм не туралы болды? -Домбыра не екен? -Кімге не ұнады?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Домбыра туралы аңызды, домбыраның құрылысы мен жасалуын, домбыра туралы өлеңдерді, домбыраға қатысты танымал кісілерді;
Түсінеді: Домбыраға қатысты сөз тіркестерін, ертегіден үзіндіні жалғастырып сахналауды, сұрақтарға түсініп жауап беруді;
Қолданады: Сөздерді байланыстырып сөйлейді, өз ойларын айта алады, өлеңді мәнерлеп оқиды, домбыраны дұрыс ұстайды;

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нуржамал

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Қыстап қалатын құстар

Балалар қыстап қалатын құстармен танысып, оларды жыл құстарынан ажыратуды үйренеді. Оқу қызметінде ойындар мен сахналық көрініс қарастырылған.

Нуржамал 3 мин 118 оқылым
Балабақша

Алтын күз

Балабақшаның ересек тобына арналған «Жомарт күз» ертеңгілігінің сценарийі. Балалар өлең оқып, жұмбақ шешіп, ән айтып, би билейді.

Нуржамал 4 мин 31 оқылым
Балабақша

Абай- біздің бабамыз

Балабақшаға арналған кіріктірілген сабақта балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімін пысықтап, өлең оқып, ойын тапсырмаларын орындайды.

Нуржамал 5 мин 40 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 302 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым