Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алтын күз

Автор

Нуржамал
4 мин оқу 31 оқылым

«Жұлдызша» ересек тобы 2023 жыл
«Жомарт күз»
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: .
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

- Армысыздар балалар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Жомарт күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1 Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

2 Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

3 Күн шуақта маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштармен жамырап,
Ұшты кенет жапырақ

4 Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз
Қалада да, далада да,
Жаның бәрі жарқын күз

5 Ой, балалар, балалар.
Қоңырқай күз болыпты
Қурап, жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.

6 Сап – сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

7 Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.

8 Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.

Жүргізуші: Қарсыалайықбәріміз,
Жасымызбенкәріміз.
Қырданкеледіқыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.(әуенмен күз кіреді)
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Ән: «Сары күз »

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы:Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр одан өтпейді
Түймелеуге жетпейді (қырыққабат)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Жарайсындар балалар!

Жүргізуші: Балалар,сендер білесіндер ме күзде, аңдар да қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады.
Қоян кіреді
Жүргізуші: - Сәлеметсіңбе қоян!
Күзгі орманда не жаңалық
Кәне, ортаға сала ғой?
Қоян: Қош келдің, Алтын күз!
Сәлем менің достарым!
Қыс қамын жаз ойла
Деп атамыз айтыпты.
Бірақ оны елемей
Шегірткедей секіріп
Кешігіп мүлдем қалыпты
Кірпі менен тиінім

Бастаушы: Қане, онда оларды
Шақырайық ортаға
Көңілденіп күзбенен Әсем биін билесін
Би: «Кірпілер»

Күз оларға себетпен сыйлық береді.

Қоян: Жомартсың ау, Алтын күз
Қуантасың сыйыңмен.
Алғыс айтып өзіңе
Орманға енді барайық

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Әсем әнге салайық!
Ән: «Күзгі вальс»

9 Алтын, сары, қызыл, көк.
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.

10 Қандай өзі береген,
Алмасын ай, алмасын
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсын

11 Күзім ау күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің Қызық ау.

12 Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

13 Тербеледі ағаштар
Қызыл, сары атырап.
Сусып жерге түседі,
Алтын түсті жапырақ.

14 Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Күз ханшайымы:Жарайсындар балалар!Маған арнаған тапақтарын керемет екен!Ал мен сендерге жалғыз келген жоқпын, құрбыларыммен келдім.
Кәне тамшылар, келіндер!
Би-билеп беріндер!

Би: « Тамшылар»

Жүргізуші: Дәннің дәмі сезіліп,
Бағбан келеді ортаға.
Болса өзің айта ғой,
Бау мен бақша жаңалығын.
Бағбаншы кіреді
Бағбаншы: Күз дегенің осы ғой,
Себелетіп жаңбырын.
Жинап ерте алмасам
Шіріп босқа қалам ма
Көкөніс пен жемісім
Кәне, сапқа тұрыңдар
Көзі көріп сендерді
Халқым кәне бір тойсын!
Көкөніс тер мен жемістер ортаға шығады, тақпақтар айтылады
Алма
Қызыл, сары түсім
Домалақ сұлу мүсін
Ағашта өсем салбырап
Күзде пісем албырап

Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін
Жаңа пісіп үзілдім
Күлгін, жасыл, қара, көк
Көркі болам күзіңнің

Алмұрт
Шамға ұқсаған келісті
Сопақша бір жеміспін
Алмұрт деген атым бар
Тәттісімін жемістің

Сәбіз
Қызыл сары сәбізбін
Жер бетінде бұрымым
Көзге берер күш қуат
Дәруменнің бірімін

Тәтті бұрыш
Түрлерім көп сан түрлі
Бұрыш деген мен болам
Келтіріп дәмін тағамның
Дастарханды толтырам

Капуста
Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат қабат тоным бар
Қалай оны шешемін

Картоп
Отаным менің қиырдан
Күз болғанда жиылам
Асыққанда аналар
Мені табаға қуырған

Бағбан:
Енді халқым келіңдер
Жинап тез тез алыңдар
Күздің қара суығы
Ұрып босқа кетпесін

Ойын: «Жемістер мен көкөністер» Шарты: Екі топқа бөлініп жеміс пен көкөністі бөлек себетке жинайды.

Жүргізуші: Бағбан,саған мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.

Күз ханшайымы: - Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші:Мерекемізді әдемі әнмен жалғастырсақ.

Ән: «Күз келді»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар,менің әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңдар. ( Күз ханшайымы, себеттегі жемістерді балаларға береді)
Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Күз жомарт» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі болсын, астық мол болсын! дейміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нуржамал

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Қыстап қалатын құстар

Балалар қыстап қалатын құстармен танысып, оларды жыл құстарынан ажыратуды үйренеді. Оқу қызметінде ойындар мен сахналық көрініс қарастырылған.

Нуржамал 118 оқылым 3 мин
Балабақша

Абай- біздің бабамыз

Балабақшаға арналған кіріктірілген сабақта балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімін пысықтап, өлең оқып, ойын тапсырмаларын орындайды.

Нуржамал 40 оқылым 5 мин
Балабақша

Математика әлемі

Балабақшадағы математика әлемі тақырыбындағы ашық ойын әрекетінің жоспары. Балалар геометриялық пішіндерді танып, салыстыру және кеңістікті бағдарлау тапсырмаларын орындайды.

Нуржамал 66 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 203 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин