Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Домбыра-қазақтың қазынасы

Автор

Ayaulym
3 мин оқу 37 оқылым

Домбыра – қазақтың қазынасы

Әр ұлттың өзінің тілі, дәстүрі, салты болады. Қазақ – салтқа бай, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын халық. Ата бабамыз байырғы заманнан өзіндік ұстанатын дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп отырды. «Нағыз қазақ» деген сөз естігенде бірінші ойымызға домбыра түсетіні сөзсіз. Ұлттық аспабымыз ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, дәстүрімізді айшықтап келеді. Әр қазақтың шаңырағының төрінен орын алған домбыраның халқымыз үшін орны бөлек. Тарихымыздан белгілі, атақты жыршыларымыз, сал-серілеріміз ауыл мен елді мекендерді аралап өнер көрсетіп, халықтың батасын алған. Бірінші кезекте, музыкалық аспап арқылы елдің ықыласына бөленіп, сол заманнан келе жатқан қыз бен жігіт айтысы, жыраулардың баға жетпес туындылары халық арасына ауыздан-ауызға тарап бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Бүгінде домбыраға деген қаракөздеріміздің қызығушылығы жоғары. Бұл біз бен сіз үшін қуантарлық жайт екені белгілі. Той мен жиынның, алқалы отырыстың сәнін келтіріп жүрген де – домбыра. Қай заманда болмасын музыкалық аспаптың танымалдылығы тоқтаған емес. Бұл дәстүрді сақтап, оны әрі қарай жалғастыру басты міндет. Осы орайда, қазіргі таңда домбыраны мектеп программасына оқытылуына қатысты әңгімелер жүруде. Бұл да болса өткенімізге көз сүзіп, алға қадам басуда маңызды фактор. Әлем халық қызықтыратын тағы бір жайт, домбыра аспабында қазақтың халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады. Оған жарқын мысал ретінде, әлемге өз өнерімен танылған Димаштың шығармаларын домбырамен орындауы. Ұлттық аспабымызды әлемге танытып жатырған жас әншінің тыңдармандары домбыраның үніне ғашық болғандарын жасыра алмауда. «Ұлытау» тобының да әлемде өз орны бар. Күмбірлеген күйімен талайды таңқалдырған топтың жанкүйерлері алыс, жақын шет мемлекеттерден жетерлік.

Жыл сайын шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра» күні болып жарияланды. Аталған мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ. Себебі, дана халқымызбен егіз ұғым болып кеткен ұлттық аспабымызға құрметпен қарау маңызды болып табылады. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деген сөздің өзі біраз нәрсені айтып тұрғандай. Өткен жылы бас қаламызда мың жас өспірім баланың қатысуымен үлкен домбырашылар сабағы өткен болатын. Маңыздысы сол, осы шара Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын. Осы секілді ұлттық аспабымызды ұлықтайтын бас шаралар әлі де жалғасын табады деген ойдамын.

Домбыра қазақтың ұлттық қазынасының бірі. 2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен жеті ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге ұлттық аспабымыз домбыра да енді. Домбыра – сөзбен айта алмағанды сезіммен жеткізетін жалғыз аспап түрі деуге болады. «Ақсақ киік» оқиғасын тарих пен әдебиеттен білеміз. Сол секілді, Құрманғазының ішіндегі жағдайын күйге түсіріп, оны тартқан кезде халықтың да ол жайтты сөзсіз түсініп, қабылдауы ғажайып құбылыс. Қазақта ән, күй, жырлар өте көп. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын халықпыз. Қай заманда болсын домбыра арқылы ақындар суырып салма өнерімен халықтың мұң-мұқтажын айтып, шешілмей жатқан мәселелерін көтеріп отырған. Елді мекен тұрғындары да күміс көмей, жез таңдай өнерпаздарға қолдау білдіріп, айтыскер ақындарға шапан жауып, ат мінгізіп құрмет көрсеткен. Күмбірлеген асыл қазынамыз домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт беріп отырған.

Әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұратын домбыра ұлттық өнерді ұлықтайды. Қашан да бабаның көзіндей, қазақтың өзіндей болған қастерлі дүниенің қадір-қасиетін құрметтей білген елміз. Ғасырлар бойы сақталған даланың рухы мен бабаның ғұрпын бүгінге жеткізген ұлттық құндылықтың тамыры тым тереңде жатыр. Біз бар кезде қасиетті домбырамыздың қадірі ешқашантүспек емес. Домбыра — қазақтың асыл қазынасы, халық аспабы!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ayaulym

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жаңа технологиялар

Медиасауаттылық және әлеуметтік педагогика

Материалда медиасауаттылықтың әлеуметтік педагогикадағы рөлі, ақпаратты бағалау, сыни ойлауды дамыту және фейк жаңалықтармен күресу мәселелері қарастырылады.

Ayaulym 41 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Бала тәрбиесі басты назарда

Мәтінде жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тәлімді бойына сіңіру және баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін қасиеттер туралы айтылады.

Ayaulym 41 оқылым 7 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин