Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Дефектолог - ХХІ ғасырдың мамандығы

Умит Абибуллаева
4 мин оқу 101 оқылым

Дефектолог - ХХІ ғасырдың мамандығы                                                                                                         У.С. Абибуллаева «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  «№ 3 облыстық арнайы  мектеп-интернаты» КММ дефектолог маманы

Дефектология (латынша defectus-кемшілік,  греше λόγος –ілім, ғылым)-дамуында психикалық, дене кемшіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым. Дефектологияға арнаулы педагогиканың бірнеше бөлімдері (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика и логопедия) және арнаулы психология (сурдопсихология, тифлопсихология, олигофренопсихолгия и логопсихология) кіреді. Сонымен бірге дефектология психикалық дамуы тежелген балалардың тәрбиесі мен оқуы, эмоциональды-еріктік кемшіліктері, тірек-қозғалыс аппараттары, күрделі құрылымдық кемшіліктері, психофизикалық даму проблемаларын зерттеумен де айналысады. Дефектологияның ғылым ретіндегі әлеуметтік ортадағы рөлі өте зор. Ал дефектолог-дефектология саласының маманы. Кең мағынада алғанда дамуында ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, оқыту, үйрету маманы. Тар мағынада-түзетуші педагог. Дефектолог мамандығы педагогика және медицинамен бірлікте қызмет атқарады.  Оның жұмысының мақсаты-аталған балаларды мүмкіндігінше дамыту, әлеуметтік, оқу, тұрмыс, кәсіби және басқа салаларға бейімдеу. Қоғам дамуының әр кезеңінде дамуында кемшілігі бар балалардың болғандығын деректер дәлелдейді. Қазір де бұл маман өте тапшы. Бала оқытудың, бала тәрбиелеудің, баламен жұмыс істеудің қызығынан гөрі шыжығы басымырақ екені белгілі. Ал кемтар балалармен жұмыс жасаудың ауыртпалығы қандай екені айтпаса да түсінікті. 
– Қазақ жерінде кемтар балалардың саны күн сайын артып отырғанына жүрегім сыздайды. Әртүрлі дәрежедегі кемтар балаларға арналған арнайы мектептер мен кәсіби дефектолог мамандардың жетіспеушілігіне алаңдаймын.

Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік. Әрине бұны жеңіл деп айта алмаймын. Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші, бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек. Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе  болып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие.

Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес,ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю,адамдарға өшпенділікпен емес,махаббатпен қарап,тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет. Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Сондықтан да мұғалім – дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс. Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс.

Дефектологтың мақсаты:

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету.
  2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта

құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

  1. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен

байланыста болу.

Міндеті:

  1. Дамуында ауытқушылығы бар  балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу

жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне  байланысты қолдану.

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже:

  1. Психофизиологиялық  мүмкіндігі дамиды.
  2. Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады.
  3. Әлеуметтік – адамгершілік  қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады. Өмірге құштарлығы артады.

Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар,түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып  саналады. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.

Əдебиеттер тізімі:
1. З.Бейсенбаева. Сөз жасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1998 ж.
2. Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова
3. «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі.» Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 ж                                                                                                                                       4. В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов Основы Дефектологии. М.,1990ж                                                                       5. В.А.Лапшин, Б.П. Пузанов  Словарь по дефектологии.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Умит Абибуллаева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым