Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

“Дәстүрден жаңылмаған қазақ.”

Автор

Birlik Bekmukhanbet
2 мин оқу 30 оқылым

"Дәстүрден жаңылмаған қазақ!"

Дәстүрлі әнші, Қазақстан дауысы жобасының финалисті, актер Ернар Амандықпен сұқбат.

- Сұқбатқа келіскеніңізге рақмет, көңіл күй қалай?
- Өте керемет!
Ернар, бірден сұраққа көшсек, әзір елдің бәрі эстрада әндерін тыңдайтын болды. Бәлкім бұл заман талғамы шығар қалай ойлайсыз?
– Шыны керек, бұл айтылмай немесе жазылмай жүрген жайт емес. «Қазір халықтың дәстүрлі әнге деген қызығушылығы азайып кетті» десем, жаңалық ашпаспын.
-Жақсы, мысалға, дәстүрлі әнді қалай дәріптеу керек? Бұл туралы сіз осыдан 2-3 жыл бұрынғы әңгімеңізде айтыпсыз. Дегенмен сол уақыттан бері дәстүрлі әннің дамуында алға жылжу бар ма?
– Бәлендей өзгеріс болды деп айта алмаймын. «Баяғы жартас, сол жартас» қалпы. Ашығын айту қажет, жақын арада өзгереді деу тағы артық. Шындығында бәрі насихатқа байланысты. Ал қазіргі жағдай қандай? Теледидарды қосып қалсаң, алыс-жақын шет елдерден көшірілген сапасыз, талғамсыз бағдарламалары көресің. Өзгенің қаңсығы, бізге таңсық заман болды ғой, тәйірі.
- Қазір халық әндерін эстрадалық нақышқа салу үрдіске айналды. Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?
– Халқымыздың төл мұрасы, халық әндерін эстрадаға салудың еш әбестігі жоқ. Бұл бір жағынан осынау асыл мұраны әзіргі жастарға жеткізудің таптырмас жолы. Салсын, тек… әннің ырғағын бұзып, даңғыр-дұңғырын көбейтіп жіберетіндеріне көңілім толмайды. Халық әндерінің ішінде де эстрадалық нақышқа келетіні, келмейтіні бар. Бұл тарапта халық әндерін қисынсыз өңдей беруден аулақ болған жөн.
- Ал өз басыңыз эстрадалық әндерді орындауға ықыласыңыз бар ма?
– Шыны керек, эстрадалық ән айтсам, ешкімнен кем түспеспін деп ойлаймын. Бірақ, маған бұдан әлдеқайда жауапты міндет жүктелген. Ол қазақтың әні мен күйін бүгінгі өсер ұрпаққа тарату, дарыту. Біржаннан бастап Ақан Серіге, одан кейін Үкілі Ыбырайға берілген міндетті кейіннен Мәди, Жарылғапберді жалғастырды. Олардың өкшесін басқан Әмірелер де ұмыт болған жоқ. Олардың ізін Жәнібек, Қайрат ағаларымыз жалғады. Өз кезегінде Рамазан, Бекболат ағаларымыз іліп әкетті. Біз бұлардан кейінгі буынбыз. Бәріміз жеңіл-желпі әннің соңына түсіп, эстрадалық сахнаға шығып кетсек, киелі өнерді кімде қалдырамыз?
- Жақсы, бүгінгі сұқбатта біраз дүниелер айтылды деп ойлаймын, ішкі дүниелер ақтарылды, соңында, алтын уақытыңызды бөлгеніңізге алғыс, шығармашылық табыс тілейміз!
- Сіздергеде шақыру үшін көп рақмет, ал уақыт болып жатса халықтың алдында жүргендіктен, келіп ой бөлісу біздің парыз!
- Сау болыңыз!
- Сау болайық!
Сұхбаттасқан Мұса Қошаев
Тұран университеті.
Жетекшісі Рушанова Н.Б

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Birlik Bekmukhanbet

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Спорт-денсаулық кепілі!”

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерлік Серікұлы пәннің бала денсаулығындағы маңызы мен оқушыны жаттығуға қызықтыру жолдары туралы әңгімелейді.

Birlik Bekmukhanbet 23 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин