Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Бұл қай кезде болады?»

Жазира
3 мин оқу 108 оқылым

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Нурахметова Жазира Отепбергеновна

Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық, таным, денсаулық, әлеумет.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, жапсыру, математика, дене, орыс тілі.

Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты:

Білімділік: Жыл мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау, жарты жыл бойы алған білімдерін бекіту;

Дамытушылық: Ойлау, еске түсіру қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Аю-ю-ю, қоян-н-н, қасқар-р-р,

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, қорытынды.

 

Әрекеттер    кезеңі

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру:

Арайлап таң атты!
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Салеметсіздерме, достарым!

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Жыл мезгілдерін кім атап береді?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Апта күндерін атайықшы?

Балалар шаттық шеңберді, өлең жолдарына сай қимылдармен орындайды.

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Қыс, көктем, жаз, күз.

Қыс мезгілі

-Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

Ізденуші ұйымдастыру

- Балалар біз неше күн демаламыз және неше күн балабақшаға келеміз?

- Біздің балабақшамыз қалай аталады?

- Ал тобымыз қалай аталады?

- Балалар тобымыздың ұранын айтыңдаршы.

- Өте жақсы балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ,жылдың басынан алған білімдерімізді көрсетейік.

- Балалар жақында біз қандай мерекені атап өттік?

- Біз жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алдық?

Жаңа жыл мерекесі сіздерге ұнадыма?

Жарайсыңдар балалар, ендеше сол шырша мерекесіне біздің ормандағы жабайы жануарларымызда барғысы келеді екен.

- Бірақ біз оларға көмектесуіміз керек.

- Көмектесемізбе, балалар?

- Ол үшін балалар жабайы жануарларымыздағы жасырынған тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-тапсырма:

Қасқыр:

Жұмбақ: «Бұл қай кезде болады?»

1.

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Жапырақ ашып,

Бәйшешектер басады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

2. Күннің көзі шуақты

Балалар жүр шомылып,

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

3. Жапырақтар сарғаяды

Күн бұлттанады

Жаңбыр жиі жауады

Құстар жыллы жаққа ұшады

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады?

4. Шана зырғып, желетін

Шаңғы коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

- Жарайсыңдар, балалар, жыл мезгілдеріне арнап кім тақпақ айтып береді?

2-тапсырма:

Түлкі:

Санамақтар,тура және кері санау.

1 ден 5 ке дейін сандарды тура және кері санау.

3-тапсырма:

Аю:

«Мақал-мәтелдер»

Сергіту сәті:

4-тапсырма:

Қоян:

Шыршаны безендіру.

Ойын:

«Ойлан тап.»

Бес күн балабақшаға келеміз, екі күн демаламыз.

-«Рахат бөбекжай-бақшасы»

-№7 «Жауқазын» ортаңғы тобы

-Биік-биік белеске,

Қарлығаш болып самғаймыз.

- Жаңа жыл

- Жақсы көңіл күймен

- Иә

- Иә, көмектесеміз

(Көктем)

(Жаз)

(Күз)

(Қыс)

Омар
Балалар-ау балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр салып

Айару
Жазды ыстық сүйемін
Сайраңдап жүремін
Суына шомылам
Ыстығына күйемін

Алихан:
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып-жылтыр боп жатады

Айзере:
Берекесін сыйлауғы
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Көзайым:
Бір дегенім, бірлік
Бірліксіз болмас тірлік
Екі дегенім жаман
Елім болсын аман
Үш дегенім білім
Ойға тоқы күнім
Төрт дегенім халық
Ауға түссін балық
Бес дегенім қол
Қолмен ұрды ол

Амина:
Бір дегенім-білім
Екі дегенім-ілім
Үш дегенім-ғылым
Төрт дегенім-таным
Бес дегенім-талғам

Аймерей:
Бір дегенім-бесік
Шықтым содан өсіп
Екі дегенім-елім
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім-үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім

Балалар мақал-мәтелдер айтады.

Ян-ян-ян секіреді қоян
Ю-ю-ю қорбаңдайды аю
Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі
Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр

Балалар түрлі пішіндерден жасалған ойыншықтарды алып, желім арқылы шыршаға жапсырады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексті түзетуші Қорытынды:

Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі  ұнадыма?

Біз не туралы әңгімеледік?

Жарайсыңдар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Балалар жабайы жануарларымызда шырша мерекесіне келіп жайғасты.

Балалар жабайы жануарларымыздың шырша мерекесі көңілді өту үшін біз жаңа жылдық әнімізді шырқап берейікші?

- Иә ұнады.

Ән: « Шырша жыры»

Күтілетін нәтиже:                                     

Білу керек: мезгілдердің бір-бірінен айырмашылығын ажырата біледі;

Болуы керек: тірек сызба арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін;

Қолынан келу: табиғатты аялауға:

Тәрбиеші: Нурахметова Ж.О.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жазира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Химия

Химия пәнін оқытудың тиімді әдістері

Материалда химия пәнін оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдер сөз болады.

Жазира 9 мин 62 оқылым
Қазақстан тарихы

Тарихты білу-ұрпаққа парыз

Мәтінде Қорқыт, әл-Фараби, Абай мен Алаш қайраткерлерінің ұлттық санаға қосқан үлесі және кеңестік кезеңдегі қазақ халқына жасалған қысым баяндалады.

Жазира 4 мин 97 оқылым
Балабақша

ЦИКЛОГРАММА

23–27 мамырға арналған ересек топ циклограммасы. «Жаз да келді көңілді» тақырыбындағы күн тәртібі, ойындар мен оқу қызметтері берілген.

Жазира 5 мин 49 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 416 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым