Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

бүйрек

Жетесова Жанна
2 мин оқу 110 оқылым

Бүйрек
Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі – бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы
өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1–2-бел
омыртқаның екі жағына орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті (86-
сурет). Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек (1–1,5 см) орналасады.
Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі
дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында
бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар
жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты
қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан
түзілген.Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді.
Бүйректің боз (милы) затында ұштары бүйрек астаушасына қарай бағытталған 15–20
пирамида орналасқан. Пирамидалардың қыртысты затқа қараған шеті жалпақ.
Пирамидалардың астаушаға қарай бағытталған шеті бүйрек емізікшелері деп аталады.
Ондағы ұсақ саңылаулар кіші тостағаншаларға ашылады. Әрбір бүйректегі кіші
тостағаншалардың саны 8–9. Олар өзара 2–3 үлкен тостағаншаға бірігеді. Үлкен
тостағаншалар бүйрек астаушасына ашылады. Бүйрек қақпасында бүйрек астаушасы
тікелей несепағармен байланысады.
Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі –
нефрон (грекше «nephros» – бүйрек) деп аталады . Әрбір бүйректе 1 млн-нан
астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан
бөлімі – бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі – иір
өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз (милы) затында орналасқан.
Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар
тікелей пирамидалармен байланысқан.
Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет капилляр (ұсақ қантамырлар) шумағын
құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет шумақ құрайды.
Бүйректің қызметі. 1. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін
сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың
концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып,
жасуша бүрісіп қалады. 2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді. 3. Бүйрек –
күрделі биологиялық сүзгі: ағзадағы артық су, тұз, дәрі заттарды шығарып, жетіспейтін
заттарды сүзіп алып қалады. 4. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі. 5. Ағзаның ішкі ортасы
құрамының тұрақтылығын сақтайды. 6. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жетесова Жанна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қантамырлар

Мәтінде артерия, вена және капиллярлардың құрылысы мен қызметі, қанның ағу бағыты, қысымы және әр тамыр түріне тән ерекшеліктер баяндалады.

Жетесова Жанна 1 мин 38 оқылым
Жалпы рубрика

Бауыр

Материалда бауырдың ағзадағы қызметтері, өт қабының ерекшеліктері, өт сұйықтығының құрамы мен ас қорытудағы рөлі сипатталған.

Жетесова Жанна 4 мин 31 оқылым
Жалпы рубрика

көз

Мәтінде көз алмасының қабықшалары, қарашық пен көз бұршағының қызметі, сондай-ақ торлы қабықшадағы жарықты сезетін жасушалар сипатталады.

Жетесова Жанна 6 мин 56 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым