Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 425 оқылым

Айтказина Айгерим Серикпаевна

Педагогикалық жұмыста мақсатқа бағытталған тәрбие ісі әр адамның тәрбиелік қызметі арқылы іске асады.Бала бақша ұжымымен қоштасып,өз мамандығыма сәйкес қызметке орналасу - менің өмірімдегі өзекті оқиға. Осы күнге дейін осы мектепке алғаш келген сәтім көз алдымда.

Білім ордасы 47  орта мектебі ұжымы. Ұжымдағы әр ұстаздың өз ерекшелігімен бір төбе. Мектеп ішінде әр класқа көз салсаң томпиып - томпиып отырған балалардың әрқайсысының бойында көрінбей жатқан таланттар жатуы сөзсіз. Әр бала өзінше жұмбақ,өзінше байлық. Өзімді таныстыра отырып,оқушыларды сөзге тартсам олардың пысық, ақылды екендіктеріне тіпті бойларындағы тентектіктерінде жарасымды екеніне көзім жетті.

Күндер өтіп жатыр,ал мен оқушылардың жұмбақ қырларын көре бастадым.Оларда мені жақын тартып өздерінің қуаныштары  мен өкініштерін,ойларымен асығатын болды.Құр жұмыс папкасын толтырып қойғаннан оқушының жағдайы жақсармайтыны аян. Ол мен үшін тек тексерушінің алдындағы қарабайыр қорғаныс құралы. Әр оқушының өз мінезіне,жағдайына қарай бабын таба алмасақ жұмысымызда еш нәтиже болмасы белгілі.

Біздің  мектебімізде 1500 дей бала бар. Олардың бойынан бүгінде бір-біріне деген құрмет,сенім,сыйластық қасиеттерін байқаймын. Менің мектебіміздегі ер балалар  тек қана білім алып қоймай,спорттың сан алуан түрімен әуестенеді. Соның ішінде қазақша күрес,қол күрес,шахмат,футбол секцияларына қатысып,түрлі жарыстарда жеңіске жетіп жүлдегер атанып жүргендері аз емес.

Өнерлі өңірдің өрендері өнерден де қалыс қалмаған. Бір күмбірлетіп күй тартса ,әуелетіп ән салып,енді бірі пьесаларда түрлі кейіпкерлерді сомдап,»Өнер адамы»атағымен марапатталған.

Алғашқы жылдарымен ой бөліскенді ұнататынмын, өйткені менің басты мақсатым олардың жан дүниесін тереңірек ұғыну болды. Қазірде оқушылардың есейгендері байқалады. Бірі ашушаң,бірі тұйық,бірі ерке.Сан қырлы қиындықтарға қарамастан оқушылармен жұмыс атқаруды тереңдете бастадым. Міне осы жылдары мен ерекше қиналды.Мен олардың әрқайсысымен жеке сөйлесуге тырысып,мұң-мұқтаждарымен бөлісіп,сәті түскенде сырласу сәттерін жүргіздім.»Алтын балық»,»Егерде мен…»,»Шынымды айтсам…»аяқталмаған сөйлем әдістерін қолдандым. Маған ерекше тиімді көрінген әдіс бұл олар мен сырласуда өзімді,өз балалық шағымды мысалға ала отырып әңгімелесу болды.Содан кейін ғана менің жұмбақ жандарым өздеріне «жаңа сырлас» тапты, ал мен өзіме «сенімді шәкірт» таптым.

Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе,қиын әрі күрделі үрдіс,тіпті ол тоқтаусыз соғып тұрған жүрегің сияқты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде әр педагогтың алдындағы басты міндет - ұлы жауапкершілікті сезіну.Ал оны жүйелі жоспарлау оқушыларды жан-жақты зерттеп тәрбиелеуде    жемісті нәтиже береді. Педагогикалық-психологиялық тәрбиенің әр түрлі әдістерімен түрлерін қолданып, рухани адамгершілік қасиеттерді бала бойына дарыта білсек - еңбегіміздің зая кетпегені. Әр педагог мойнындағы жауапкершілікті сезінеді. Әр шәкіртпен жеке әңгімелескенде ,пікірталас  кезінде де сөздерін салмақтап сөйлеуге,әр нәрсені парасатпен талдауға үйренеді.

«Баланы бақырып үйретпе,ақырын үйрет»деген қапысыз тәлімгерге халқымыз осылай талап қойыпты.Байбалам салмай, бабын тауып сөйлескенде ғана еңбегіміз жемісін табар.

Авторы
Айтказина Айгерим Серикпаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 24 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 104 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 45 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 76 оқылым