Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бүгін дұрыс таңдалған мамандық – ертеңгі сенімділік пен тұрақтылық

Автор

Айжан
2 мин оқу 26 оқылым

Өмір бойы біз үнемі бір нәрсені таңдауымыз керек. Күнделікті сұрақтардан бастап жаһандық мәселелерге дейін. Әр адамның өміріндегі ең маңызды екі таңдау бұл – өмірлік серік пен болашақ мамандықты таңдау. «Мен кім болғым келеді?» деген сұрақ ойландырады. Әр адамның өміріндегі ең күрделі мәселе! Себебі біз мамандық таңдағанда болашақты таңдаймыз. Мамандық таңдау ерте – жасөспірім кезден басталуы керек. Осы ретте жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауда көмек көрсетуіміз аса қажет.

Білім беру саласында жұмыс атқарғандықтан, мен осы тақырыпты қозғап отырмын. Мамандық таңдау – кез-келген адамның өміріндегі өте жауапты кезең. Көбінесе мектеп оқушыларына шешім қабылдау өте қиынға соғады. Мұнда ең бастысы, әрине, қай мамандықты таңдаған дұрыс екенін түсіну керек. 9-сыныптан кейін таңдауға болатын көптеген колледждер бар. Бірақ та оқу орнын емес, мамандықты таңдау керек екенін түсіну қажет. Білім беру жүйесінде әр оқушы екі нұсқаның бірін таңдай алуы мүмкін:

  1. 9-сыныпқа дейін мектепте оқып, колледжге немесе басқа орта кәсіптік білім беру мекемесіне бару.
  2. 11-сыныпқа дейін оқып, содан кейін колледжге немесе жоғары оқу орнына түсу.

Қазіргі таңда сәулет және құрылыс мамандықтары ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып отыр. «ҚазБСҚА колледж-мектебі» Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Колледж келесі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды:

07310100 "Сәулет"

02110300 "Графикалық және мультимедиялық дизайн"

02120200 "Киім дизайны"

07320100 "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану"

07310200 "Геодезия және картография"

Шығармашылық тұлғалар үшін сәулетші мен дизайнер мамандықтары, математикалық және логикалық ойлауға бейімділігі бар оқушылар үшін құрылыс инженері, жобалаушы мен геодезия мамандықтарына таңдау жасағандары дұрыс.

Колледж оқушылары заманауи деңгейде жобалық шешімдерді графикалық әзірлеуді жүзеге асырады, барлық мүмкін графикалық бағдарламаларды пайдалана отырып және құрылыс объектілерін салу кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптарын және жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеу, рәсімдеу тәртібін сақтай отырып, қалалық және сәулеттік шешімдер жобасының сәулет-құрылыс бөлігін әзірлеумен айналысады.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы түлектері заманауи өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың барлық салаларында сұранысқа ие. Колледж өз түлектерінің жұмысқа орналасуына кепілдік береді. Құрылыс нысандарында немесе жобалау ұйымдарында жұмыс істеумен қатар, құрылысты салу немесе жөндеу процесін бақылай алады, ғимарат жобасын әзірлеу, абаттандыру жұмыстарын жоспарлайды.

Қай жерде болмасын, жоғары білікті мамандар әрқашан жоғары бағаланады. Инновациялық-индустриялық дамуды ұстанатын ел үшін қазіргі заманның жоғары талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау қазіргі әлемдегі басты міндет болып табылады. Осыған байланысты, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының есіктері жоғары сапалы білім алғысы келетін немесе алған білімдерін тереңдеткісі келетіндер үшін әрқашан ашық.

Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда сәттілік тілейміз!

Жексембинова А.Б., «ҚазБСҚА колледж-мектебі» оқытушысы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Психология

Іскер адамның психологиясы және іскерлік этикасы

Материалда іскерлік этикет пен қарым-қатынас түрлері, этикалық нормалардың кәсіби ортадағы маңызы және іскер адамның психологиялық бейнесі қарастырылады.

айжан 80 оқылым 2 мин
Ағылшын тілі

Effective techniques for teaching English pronunciation

Ғылыми мақалада ағылшын тілінің айтылымын үйретудің дәстүрлі және интерактивті тәсілдері, фонетикалық дағдыларды, сөз екпіні мен интонацияны дамыту жолдары қарастырылады.

Айжан 49 оқылым 13 мин
Технология

Құрылыстағы электр жабдықтары.

Материалда автомобильдің электрмен жабдықтау жүйесі, генератор мен аккумулятор батареясының қызметі және 37.3701 генераторының құрылысы қарастырылады.

Айжан 52 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин