Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Bilimger Media
3 мин оқу 2 207 оқылым

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №180 бөбекжай балабақшасы

Топ:«Күншуақ»

Білім беру саласы:Әлеумет

Оқу қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері

Мақсаты:Балаларды жаңа бөлме өсімдігі қоғажаймен таныстыру,олардың сыртқы пішініне сипаттама беріп,жапырақтары туралы мағұлмат айту.Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктердің атын атап,салыстыру арқылы білімдерін кеңейту.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу.Бөлме өсімдіктерін күтіп баптауға,жұмысты біртіндеп орындауға дағдыландыру,әдемілікке,сұлулыққа деген сезімін ояту,еңбекке баулу.

Көрнекіліктер:бөлме гүлдерінің суреттері,демонстрациялық материалдар,диафильм,слайд.

Құрал-жабдықтар:Су құйғыш,сүлгі,еңбек құралдары: тырма,күрек, стейкалар,қолғап целоффан,су сепкіш.

Техникалық жабдықтар:Теледидар,үнтаспа

Оқуқызметінің  әдіс-тәсілдері:Салыстыру, сипаттау,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сөздік жұмыс:Қоғажай,аспидистра,қопсыту.

Билингвальді компонент:бөлме өсімдіктері-комнатные растение

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды

Айналаға нұр шашылды

Біз көңілді баламыз

Біз сүйкімді баламыз

Табиғатқа қамқор боп

Байлығын біз қорғайық

Жақсылығын қолдайық

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Ал көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер мен құбылыстар болады?

-Дұрыс айтасыңдар,көктемде күн жылынып,табиғат ояна бастайды.Ағаштар бүршік атып,гүлдер шыға бастайды.

Балалар қолдарын ұстап,шаттық шеңберін дауыстап айтады.

Көктем

Балалар көктемнің сызбасына қарап ,естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Гүлдер  неше топқа бөлінеді ?

Кәне балалар бізде топ ішіндегі табиғат бұрышында қандай гүлдер бар екен.

Ал бүгін сендермен жаңа гүлдермен танысатын боламыз.Мынау бегония,аспидистра және қоғажай гүлдері.Бәріміз бірігіп атайықшы.Бұл –бегония гүлі,ол өте әдемі,сабағы қатты гүл.Ал жапырақтары үсті жасыл,асты қандай екен балалар?

- Балалар, ақырын ғана жанынан жапырақтарын көрейікші.

Балалар қараңдаршы, оның жапырағында ақ түтікшелер бар екен. Ал енді тағы бір гүліміз аспидистраны қарайықшы. Оның сабақтары ұзын, жапырағы жасыл, үсті тайғанақ болады. Бұл екі гүлдің ұқсастығы екеуі де күннің көзін қажет етеді, суғарғанды жаксы көреді. Ал айырмашылығы бегонияның жапырағы мен сабағы, аспидистрияға қарағанда қатты, әрі түсі өзгеше болады. Ал енді балалар, біз тағы бір әдемі гүлмен танысайықшы. Оның аты қоғажай. Бұл гүлдің түсі жасыл, ал гүлдерінің түсі ақшылдау, жапырақтарының үстінде кішкене түтікшелері бар екен, сабағы жіңішке. Бұл нәзік гүл балалар. Олай болса балалар, біз гүлді қалай күтеміз, қане, бәріміз көрсетейікші. Суғарамыз, шаңын сүртеміз, күтіп, баптаймыз. Олай болса, осы гүлдерді де солай күтейік. Мына суреттерде қандай бөлме гүлдерін көріп тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл жерде бізге таныс бөлме гүлдерінің суреттері бар, ал бүгін біз олардың қатарына тағы бір гүлді қостық. Назарымызды слайдқа аударайық. Балалар қараңдаршы, гүлдерге байланысты мақал-мәтелдер беріліпті, өтірік өлеңдер де бар екен. Қандай қызық балалар! Ал ендеше, бәріміз бірге орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз

Құстай боылп ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Ал енді, балалар, орнымызға отырайық. Балалар, сендер ғажайып өсімдіктер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме? Бәріміз тыныш отырып фильмді көрейік.

2  дала және бөлме гүлдері

Өздеріне таныс гүлдердің атын атайды.

Балалар гүл аттарын атайды

Қызыл  түсті

Балалар гүлді ұстап,оның сабағын,жапырағын сипап көреді.

Гүлдің әсемдігі туралы айтады.

Балалар гүлдерді мұқият қарап,олардың аттарын естеріне сақтайды.

Балалар өздеріне таныс гүл аттарын атайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Балалар көрдіңдер ме, бөлме өсімдіктерін қалай күту екендігін.  Енді біз гүлдерді жұлмай, оларды әдемі қылып өсіріп, күтіп баптаймыз, жарай ма? Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығың өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар, балалар.

Балалар оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже

жаңғыртады:Бөлме гүлдерінің атауын,күту жолдарын білуі керек.

түсінеді:Өсімдіктер туралы түсініктері оларға деген қамқорлық сезімдері болуы тиіс.

қолданады:Гүлдерді дұрыс күтіп,қопсытып,суғаруды үйренуі керек.

Өткізген тәрбиеші:Әлішова Арайлым Серкіболқызы

Авторы
Әлішова Арайлым Серкіболқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 13 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин