Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бөлме гүлдерін күтіп-баптау

Казимова Гулжайна Абдыханова
2 мин оқу 462 оқылым

Казимова Гулжайна Абдыханова

Шымкент қаласы

ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ

Мұғалім-дефектолог

Тақырыбы: Бөлме гүлдерін күтіп-баптау

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың көркемдік талғамын дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық: Балаларды әсемдік әлемін танып-білуге үйрету, гүлдер туралы толық түсінік беру.

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқор көрсету, балалардың аяушылық сезімдерін, бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын ояту.

Көрнекілік: Гүлдер бейнеленген суреттер, геран гүлінің суреті,гүл отырғызатын құты, топырақ, су, геран гүлінің көшеті.

Сабақ барысы:

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс мезгілі.
  • Дұрыс қыс мезгілі. Қараңдаршы, далада гүлдер, ағаштарда жапырақтар бар ма?
  • Жоқ.
  • Жарайсыңдар. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Сән береді бөлмеге,

Қысы, жазы көгере.

(Бөлме гүлі).

- Дұрыс айтасыңдар, бөлме гүлі ( балалардың назарын гүлдердің суретіне аудару). Балалар, мына гүлдердің суретіне қараңдаршы, біреуі - әдемі, жапырағы жайқалып өсіп тұр, ал екінші гүл – бүгіліп, гүлі мен жапырағы төмен салбырап, күтусіз қалған. Сендер де осы бірінші гүл сияқты түзу, әдемі болып өсу үшін денелерің шыныққан, тәртіпті, ақылды болуларың керек. Сендер де осы гүл сияқты өсесіңдер, жалқау болмай, тәртіпті болсаңдар, әдемі де ақылды боласыңдар.

Біз бәріміз бірдей гүлді қалай күтіп-баптау керектігін біле бермейміз. Бүгінгі сабағымызда қалай күтіп-баптауды, құтыға гүлді қалай отырғызуды үйренеміз.

- Балалар, гүлді қалай күтіп-баптауды көрсетіп жіберейін.

  1. Түбін қопсытамыз.
  2. Жапырағын сулы шүберекпен сүртеміз.
  3. Су құямыз.

- Міне, гүлдің қалай күтіліп-бапталатынын үйрендік. Ал, балалар, гүлдер бөлмеге не үшін қажет?

- Әдемі болып тұру үшін, ауаны тазарту үшін.

- Дұрыс, жарайсыңдар! Қане, енді гүл туралы қандай мақал-мәтел білеміз.

Ер – елінде,                    Ел ұлсыз болмас,

Гүл – жерінде.                   Жер гүлсіз болмас.

Гүлсіз болса – жер мұңды,             Күнсіз гүл өспес,

Күлкісіз болса – ел мұңды.                 Күтусіз ұл өспес.

Сергіту сәті:

Айгүл көлден су алды,

Гүлдерді келіп суарды.

Қызыл, жасыл, ақ гүлдер,

Самал желмен ырғалады.

- Сендер гүлді жақсы көресіңдер ме?

- Иә.

- Жақсы. Енді мен сендерге гүлді қалай отырғызу керектігін үйретемін. Барлығымыз мұқият қараймыз. Бүгін біз бөлме гүлінің бір түрі Геран гүлін отырғызамыз.

  1. Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып, геран гүлінің көшетін тамырын үзіп алмай кішкене шұңқырға саламыз.
  2. Түбіне су құямыз.
  3. Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз, үстіне тағы су құямыз.

- Міне, гүлімізді отырғыздық, енді осы гүліміз әдемі болып өсу үшін су құйып баптаймыз.

- Балалар, гүл туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

- Гүлді аяқпен басуға болмайды.

- Гүлді жұлуға болмайды.

- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда гүлді күтіп-баптауды, гүл отырғызуды және гүл туралы мақал-мәтел, тыйым сөздерді үйрендік. Осы үйренгендерімізді жадымыздан шығармай әрдайым гүлге қамқор болуымыз керек. Сендер де осы гүлдер сияқты жайқалып өсе беріңдер.

Қорытынды: Міне балалар, осы отырғызған гүлімізді жақсылып күтіп-баптауымыз керек. Сонда еккен гүліміз үлкен де әдемі болып өседі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Казимова Гулжайна Абдыханова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым