Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Болмасаң да ұқсап бақ»

Ыбрай Назым
4 мин оқу 45 оқылым

​Қазақтың Жеранасы талай-талай ұлы тұлғаны өмірге әкелді. Жаугершілік заманда мың өліп, мың тірілген қазақ халқы үшін тарихта есімі қанмен жазылған дарабоз батырлардың орны ерекше. Хакім Абай «Бoлмaсaң дa ұқcaп бaқ, Бip ғaлымды көрсeңiз» деп ғибрат еткен. Ғалым, дана ғана емес, тарихта батыр бейнесімен өшпес із қалдырған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі ұрпаққа үлгі болар асыл қасиеті мол.
​Ұлтжанды. Ұлтшыл емес, ұлтжанды. Елін, жерін сүюді, қадірлеп-қастерлеуді бүгінгі жастар «қазақтан басқа текті ел жоқ, қазақтан бөлек мықты халық жоқ» деген кеудемсоқ әрі жаңсақ пікірмен шатастырып жүргені өкінішті. Патриот болу деген ол емес, бұл ауыз жыртатын құр сөзбен емес, іспен дәлелденетін ұғым. Бауыржан Момышұлы Кеңес өкіметі кезінде «-ов», «-ев» деген жалғаумен аяқталатын фамилияға қарсы шығып, өз тегіндегі «Момыш» сөзіне «-ұлы» деген тіркес жалғап жазамын деп, барша билік өкіліне қарсы тұрып, ата тегін қазақша жазу үшін барын салған, ақыры өз дегенін жасаған. Текті деген сөзді тура мағынасында түсінер болсақ, Момышұлын нағыз текті ер дей аламыз. Тектілігіне тағы бір мысалды өзі жазған «Ұшқан ұя» кітабынан алсақ та болады. Бауыржан атамызға әкесі Момыш бала кезінен бастап «Момыштың атасы – Имаш, Имаштың атасы – ...» деп жеті атасын түгел жаттатып, қайталап айтқызып, сұрап отыратын болған. Міне, қаны таза, жаны таза қазақтан осындай батыр ұл туып отыр.
​Айбарлы. Тілшілер Бауыржан Момышұлының көзі тірісінде одан сұхбат алуға жүрексінеді екен. Олар: «Ол кісіге жібергенше, мені арыстанның апанына жұмса» дейтін көрінеді. Алайда сондай сұсты, отты көзді, өткір сөзді болса да, іші жылып, жақын тартқан адамына ақтарыла алатын қарапайым қасиеті де болған. Бұл сөзімізге журналист, публицист Әзілхан Нұршайықовқа батырдың берген сұхбаты бір кітапты қамтитын тағылымды ой боп шыққаны айқын дәлел болады.
​Көрген-білгенім келер ұрпаққа үлгі болсын деп айтар ойын қағазға түсіріп, кітап етіп шығарып, өшпейтұғын артына нақыл сөз қалдырған жазушылық, ақындық қасиетінің өзі көпке өнеге. Ал өзі жазып үлгермегенін қазақ келіндерінің эталонына айналған – Зейнеп Ахметова (жалғыз ұлы Бақытжан Момышұлының жары) атасының аузынан шыққан орысша айтқан сөзін орысша, қазақша айтқан сөзін қазақша сол күйінше күнделігіне жазып алып, бізге боямасыз жеткізген. «Менің сөзімді аударамын деп тыраштанбай-ақ қой, қалай айтсам солай жаз» деген де осы қайсар тұлғаның өз сөзі. Келініне айтқан ақыл сөздері бүкіл қазаққа арналғандай естіледі. Ол жерде мынадай мазмұндағы ой айтылады:
– «Алаған қолым береген» демейтін адам болса, одан іргеңді аулақ салуға тырыс;
– Әр нәрсеге таңданып жүріп өткізетін уақытың мен құртатын энергияңды, керісінше, басқа адамды өзің таңдандыруға жұмса.
– Адам басқалар туралы қандай жаман нәрсе ойласа, шынында да сол ойындағы адамдар алдынан шыға береді.
– Жарық дүние есігін ашқанда өзің жылап келіп, өзгелерді қуантасың, сол сияқты өмірден өтерде өзгелер жыласа да, өзің риза болып кететіндей әрекет ет.
– Жақсының жақсылығын айтарда өтірік қосып, бөсіп сөйлеме. Жаманның жамандығын бетіне айтсаң да, істемеген ісін мойнына ілме!
– Пышақ пен қаламның айырмашылығы: қалам салған жара пышақ жарасынан ауыр болады әрі жазылмайды.
– Пайдакүнем достар абыройың артып, атағың аспандаған кезде пайда болатынын айтады. Міне, осы мәндегі қанатты сөздерін еш ұрпақ ұмытпайды әрі мәңгі есінде сақтап, жадында жаңғыртып отырады.
​Тағы бір келелі кеңес құрғанда бір кісі Бауыржан Момышұлынан «Шыныңызды айтыңызшы, соғыс болып жатқанда қорықтыңыз ба?» деп сұрайды. Оған қаһарманымыздың берген жауабы мынадай: «Қорықпайтын адам жоқ. Жау алдында қасқайып қарсы тұрғанда қорықпайын десең де қорқасың, алайда жауға жараңды білдірмей, қорқынышыңды жеңе білсең ғана нағыз батырсың».
Қанша жау алдында қасқайып, кеудесін оққа тосқан қаһарман болса да, қарапайым қалпында өмірден өтіп кетті, көп атағы мен марапаты жарық дүниеге қош айтып, о дүниеге аттанғанда ғана берілді. Атақ пен даңқты өз мүддесінен төмен қойып, халқы үшін, елі мен жері үшін қызмет етер нағыз ер осындай болса керек.
Батырдың батыл, сөзге шешен, патриот, қарапайым қасиетін бір шығарманың көлеміне сыйғызу мүмкін емес. Келешек ұрпақ «Ондай болмақ қайда» демей, осы асыл қасиеттерін өз бойына сіңіре білсе, тағы талай өр азамат өмірге келе берері хақ.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2003. – 37 б.
2. Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2004. – 320 б.
3. Ахметова З. Шуақты күндер. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2016, – 129 б.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ыбрай Назым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым