Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Болашаққа көзқарас»

Ақжарқын
3 мин оқу 121 оқылым

Жанатаев Данат Жанатайұлы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент

Күнтуған Ақжарқын

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты

«Болашаққа көзқарас»

«Болашақ» деген сөз әрбір адам баласына  ерекше жағымды әсер сыйлайтыны анық,  сыйлап қана қоймай тамсандырып ойын сан-саққа жіберіп, қиялын ұштап, арманын асқақтатып, көз алдына  сағымдай бұлдыратып,  әр нәрсені елестететіні  мәлім. Әр адам өз өмірінің- авторы және суретшісі, яғни   өмірін, болашағын қалай армандайды, қандай мақсаттар қояды, қандай жетістіктерге жеткісі келеді тағысын тағы өз қолымен жасайды. Осы орайда, Назым Хикмет Ранның  «Жастық-арман. Бұл –сенім. Бұл-ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл-болашақ  жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл-болашақ атаулысының бастауы»-деген сөзін есімізге аламыз. Осылайша, жастық арманымыздағы, берік сенімімізді батыл ерлікпен  құштарлық арқылы болашаққа деген үлкен-үлкен жоспарлар құрып, болашақ атаулысының бастауын   бүгінгі күнімізден бастаймыз.  Мәселен, менің болашаққа деген көзқарасым қандай? деген сұраққа тоқталатын болсам, мен- болашақ филологпын, тіл жанашырымын, ұлт ұрпағына тәрбие мен білімді бір арнаға ұштастыра сыйлайтын жас маманмын . Болашақта ұлт баласын тәрбиелейтін, ұлттық құндылықты шәкірттің бойына дарытатын  филологтар  мен мұғалімдер. Сондықтан жарқын болашаққа  жол бастайтын дана көшбасшылар мен  ана тілін құрметтей алатын тұлғалар  ғана  шығатынын дәлелдей түсу үшін еңбектенудеміз. Болашаққа деген жолымыз өзгеден емес өзімізден басталатынын есімізден шығармағанымыз абзалырақ.                                «Бүгінгі күн болашақтың  сұлбасы»-деп Уильям Гибсон айтқандай,  бүгінгі күнімізден бастап,  бүгінгі күнімізді түсініп, болашақтың жарқын дидарын көз алдымызға елестету үшін өткенімізге бір үңілгеніміз дұрыс деп ойлаймын.  Ал,  өткенімізге үңілу дегеніміз- рухани құндылықтарымызды жаңғырту яғни артына өшпес мол мұра қалдырған ұлы тұлғаларымыздың  шығармашылығымен сусындап, ата-бабаларымыз  жүрген жолмен  жүріп,  салт-дәстүрімізді дәріптеп, адамгершілік-рухани құндылығымызды биік ұстау.   Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының да  бізге берері өте көп екенін айтқым келеді. «Білімнің салтанат құруында»: - Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін  әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдылық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі,  құндылықтар жүйесінде бәрінен білімді ұлт қана табысқа жетеді»-деп тереңнен тоқталады.

Ойымды қорытындылай келе;

«Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім,

Үміт еттім, ұмтылдым, көп терледім.

Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ,

Көрмеген күндерімді өткер менің!»-деп,  Мұқағали Мақатаев  атамыз жырлағандай, үміт етіп, ұмтылып, көп терлеп, болашағымыздың жарқын болуына ұмтылайық!   Осы орайда, Қазақ жастарының  болашаққа деген көзқарасын алып бәйтерекке балар едім. Алып бәйтерек- қанатын кеңге жайып,  жер анадан   ойып орын алып, қанша дауыл соқсада тырп етпей, сабырлықпен  әр мезгілде өз ерекшелігімен тамсандыруда.   Жастарымызда болашаққа деген көзқарасымен  мемлекетіміздің      дамуына үлкен үлес қосып, тамырын кеңге жайып келе жатқаны айқын. Алып бәйтеректің түзу өскенін-қазақтың тәрбиесінің беріктігіне баласам, бәйтеректің тамырының нық бекіген тереңдігін-  қазағымның сабырлығы,  қанатын кеңге жайғанын, жан-жағына сая бола білгенін-ұлтымыздың ұлы тұлғаларына балар едім. Ал,  «бәйтерек» деген  атауды  «болашақ» деп алмастырғым келеді. Себебі, болашақ-ұлтымыздың тірегі, ұрпақ тәрбиесі.                                                                            Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп, болашақ ұрпаққа нұрын  шашатын  күн болып, жүзіміз мейірім мен нұрға бөленіп, Көк Туымызды әлемнің түкпір-түкпірінде желбіретіп, «Қазақ» деген қасиетті атымызды  арқашан асқақтата берейік демекпін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ақжарқын

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Отбасы-бақыт мекенім»

Балабақшадағы сөйлеуді дамыту оқу қызметіне арналған материалда отбасы құндылықтары, тәрбие мақсаты, әдіс-тәсілдері мен іс-әрекет кезеңдері берілген.

Ақжарқын 6 мин 193 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 70 оқылым