Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Болашақ - білімді жастарда

Бектурғанова Айсана Бектурғанқызы
2 мин оқу 606 оқылым

Бектурғанова Айсана Бектурғанқызы

Біз Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары мен азамташаларымыз. Бүгінде осындай егеменді елдің азаматшасы болғаныма өте қатты қуаныштымын. Еліміз күннен-күнге, жылдан-жылға жаңарып, жақсарып келеді. Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі жас ұрпақ екені айтпаса да белгілі. Жастар үшін елімізде барлық жағдайлар қарастырылған. Білім алудың да жаңартылған түрлері белең алып келеді. Сондықтан да елімізден түлеп ұшқан кез-келген жас ұрпақ ертең халқына қалаулы, еліне еңбегі сіңген азамат боларына еш күмәнім жоқ.

Жастардың болашағы үшін, келешекке ел басымыз біраз жоспарлар жасады. Енді еліміз болашақта үш тілде де еркін сөйлейтін болады. Осы "Үш тілділік" жоспары аясында, әліпиіміз де латын қарпіне көшуге ақырын аяқ басып жатыр. Рухани жаңғыру жоспары аясында мемлекет ішінде де арнайы жастар үшін іс-шаралар өтіп жатыр. Мен де мемлекет ішінде болып жатқан әртүрлі іс-шараларға қатысып, бағымды сынап жатырмын. Өз басым еңбегімді тек қана өз еліме, отаныма сіңіретін ұлтжанды жас ұрпағыңмын деп сеніммен айта аламын.

Менің ойымша ұрпақты тәрбиелеу, сонау бесіктен баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуден басталуы тиіс деп ойлаймын. Себебі ұлтын сүйген бала әрқашан отанын қорғауға дайын болады, ұлты жоғалмас үшін жанын қиюға әзір, тек өз еліне ғана қызмет ететін нағыз патриот болып өседі. Қазақтың ұлы перзенті Мұстафа Шоқай "Ұлттың мәдениеттен жұрттай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды"-деп  ұлт ертеңі жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу керек екендігін атап көрсеткен.

Ел басы халқына жолдауында : Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп жастарға зор сеніммен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету өз қолымызда.

Осындай тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан әрбір ұрпақтың бағы бар. Бейбіт елде өмір сүріп жатқандығымызға ата-бабаларымыздың қосқан үлесі зор. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған еліміз болашақта талай белестерден асып, шыңдарды да бағындырмақ. Бабамыздан қалған бұл жерді сақтап, алға дамыту ең үлкен міндет. Осынау үлкен міндетті абыроймен атқару кез-келген білімді жас ұрпақтың қолынан келетініне өз басым кәміл сенемін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бектурғанова Айсана Бектурғанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 57 оқылым