Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Біздің айналамыздағы диффузия

Куспанова Айгуль Сагитжановна
2 мин оқу 294 оқылым

Куспанова Айгуль Сагитжановна

Ақтөбе қаласы, №73 ЖББОМ

Физика пәнінің мұғалімі

Біздің айналамыздағы диффузия

Біздің айналамыздағы адамдар, өсімдіктер мен жан-жануарлар, Жер мен Ай, Күн мен жұлдыздар әлемі табиғат деген ұғымды білдіреді.Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Халқымызда «Жер-Ана» деген қосырланған ұғым қалыптасқан. Жерді Анасына, Анасын күнге теңеу салтымызда бар. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы, судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы-осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология, биология сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика - табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.Физиканы және басқа пәндерді оқып үйрену барысында әр түрлі ғылымдардың өзара қандай байланыста болатынын білеміз. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың жер бетінде, балықтардың су ішінде қалай қозғалатынын түсіндіреді. Олардың дыбысты қалай шығарып әрі еститінін және көру мүшелерінің құрылысы қандай екенін сипаттайды.Физика заңдары мен құбылыстарын көптеген мамандар, мысалы, инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, конструкторлар пайдаланады.
Ғаламкеңістігінде не бар болса, соныңбәрі материя депаталады. Материяғаөсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар да, сондай-ақәртүрліденелерде, олардықұрайтынәралуанзаттар да жатады.Материя зат пен өрістенқұралады. Затөтеұсақбөлшектердентұрады. Заттадыңөзі де, оны құрайтынбөлшектер де бір-біріменөрісарқылықарым-қатынасжасайды. Заттардыңұсақбөлшекктердентұраттынын диффузия құбылысыарқылы анықтадым.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Куспанова Айгуль Сагитжановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым