Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 1 197 оқылым

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз тұратын көше»

Мақсаты: Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылықтарын арттыру. Қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету. Өз мекеніне, қаласына  деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  түрлі – түсті қарындаштар, үлгі суреттер, бейнетаспа, таратпа құралдар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік, ойын технологиясы.

Үштілділік: қала-город-city, көше -улица-street.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы кезең -Балалармен сәлемдесу.                                                           Шаттық шеңбері

- Оқу қызметімізді бастамас бұрын  бейнероликке назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейнероликте сендер нені көрдіңдер?

-Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз Шиелі кентінде тұрамыз.

-шаттық шеңберіне тұрады.           -назарларын бейнероликке аударады.                                      –Шиелі кенті жайлы бейнероликті көрдік.
 

Ұйымдастырушы-ізденуші кезең

- Балалар, бүгін біз «Коммуникация» білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту оқу қызметінен сендерге туып өскен  жеріміз, қаламыз жайлы әңгімелесетін боламыз.

- Балалар, сендер білесіңдерме, Қазақстан  Республикасының көптеген қалалары мен  ауылдары бар.  Сол қалада  сендер сияқты бақытты балалар  тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін  мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен біз тұратын қала жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

     Суретпен жұмыс                                                    - Біз Шиелі кентінде тұрамыз.Кентімізде мектептер және бала-бақшалар, театрлар, кітапханалар демалыс орындары, ескерткіштер көп. Күні бойы қалада қыдырып, оның әсемдігіне тамсанып, тамашалауға болады. Біздің қаламызда атақты жерлестерге арналған ескерткіштер, қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп.

 Дидактикалық ойын: «Менің мекенжайым»                               -Біздер әртүрлі көшелерде тұрамыз. Мәселен, мен С.Асфандияров көшесінде тұрамын. 
Ал сендер қай көшеде тұрасыңдар?                                                                 -Біздің қалада қандай демалыс орындары бар?

-Балалар, шаршаған боларсыңдар, қане, бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Көше бойы келеміз,

Онда не бар көреміз:

Автобекет, дүкендер,

Мұражай мен әуежай.

Барлық үйлер сәулетті

Біздің қала әдемі!

Үштілділік: қала-город-city, көше -улица-street

Тапсырма аялдамасы

Ø  Суреттердің ішінен Қызылорда қаласындағы ескерткіштерді тауып қалташаға салу.

Үлгі сурет бойынша қиынды бөліктерден суретті құрастыру.

Өнер аялдамасы                                                 Шығармашылық сәт

«Менің қалам» тақырыбына сурет салу ұсынылады.

-мұқият тыңдап    отырады.

-суретке назар аударып, мұқият тыңдайды.

өздері тұратын көшенің атын атайды.

-Өлең жолдарын бірге айтып, мазмұнға сай қимылдап,

сергіту сәтін жасайды.

-қала-город-city

- көше -улица-street

-берілген бірнеше суреттер ішінен Қызылорда қаласын тауып, қалташаға орналастырады.

-үлгі суретке қарай отырып, суретті құрастырады.

-«Менің қалам» тақырыбында сурет салады.

Рефлексивтік кезең «Сұрақтар аялдамасы»                                                Сұрақтар қойып, оқу қызметін талдап қорытындылау.                                                              -Бүгінгі оқу қызметінде не жайлы әңгімелесті?                     -Біз тұратын қалада қандай ескерткіш, ғимараттар бар екен?                                                                          -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балаларды мақтап, мадақтау.

-қойылған сұрақтарға жауап береді.

-қаламыз жайлы

-мұражай, театр, саябақ, демалы с паркі.

-ия, ұнады

Күтілетін нәтижелер:

Түсінеді: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының атын, ондағы мәдени орындары туралы түсінеді;

Қолданады: жаңа сөздерді үш тілде қолданады,қаланың көрікті орындарын сипаттап, әңгіме құрастыруда ғимараттардың  атауын қолдана алады.

Авторы
Дусанова Гульназ Мамадалиевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 13 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин