Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бірлікті ту еткен - Мұстафа Шоқай

Автор

Қаниева Ақбаян Бекарысқызы
2 мин оқу 37 оқылым

"Бірлік туы (بىرلىك تۋى)" газеті және Мұстафа Шоқай

Бас асылы мен маржаны тереңде жатқан тарихымызды қанша ақтарып тынбасақ та, әр кез жаңа дүниелер мен тың мәліметтерге, құнды мұрағаттарға кез болып жатамыз. Кейде тіпті тарихтың кернеу түбін қазып бітемін дегенше, теңіз түбіндегі асыл тастардың әрбірін теріп,су бетіне қалқып шығарған оңай ма дерсің? Өзінің төл тарихын білмейтін, дәріптемейтін мәңгүрт халықтың болашағы бұлыңғыр екені айтпаса да түсінікті. Тарихты өз өне бойында жазған, бірлікті ту еткен, халықтың жан-жарасын айтып шырылдағын басылым, ол-"Бірлік туы".

Қазаққа аты мәшхүр,Түркістан мұхтариатының төрағасы Мұстафа Шоқайдың басшылығымен шыққан қазақ баспасөзінің беткеұстар басылымының бірі емес, бірегейі "Бірлік туы" газеті әрбір қазаққа мәлім екені сөзсіз. Аталмыш газет 1917 жылы, маусымның 24-ші жұлдызынан бастап, 1918 жылдың сәуір айының ортасына дейін тұрақты түрде шығып тұрған.  Бұл Алашшыл идеологияны жақтаған, кеңес отаршылдарына қарсы бағытталған, тәуелсіздік пен тұтастықтың негізін салған, халықтың жетілу, ояну жолында қызмет еткен, сол замандағы ұлттың ажырамас бөлігіне айналған сапалы басылым болды.  Газетті шығарудағы басты мақсат,ол- Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан қоғамдық-саяси мәселелердің шешімін табу мен ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды реттеу болған-ды. Басылым азаттық жолындағы күрестің жаршысы, елдің мұң-мұқтажының жоқшысы әрі аты айтып тұрғандай,балаларды сабаққа шақыратын қоңыраудай, елді бірлікке шақырушы "алтын қоңырау" болды. Газеттің әрбір апта сайын 1 саны басылып, онда қоғамның өзекті мәселелері шығып,замана шындығы айрықша жазылатын. Аталмыш газеттің негізін қалаушы ,әрі редакторы Мұстафа Шоқай сәйкесінше басылым сандарында Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметін қолдап, бұл жөнінде “Түркістан автономиясы”, “Бостандық һәм автономия”, “Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары”, “Сырдария қазақ-қырғыз съезі” атты мақалалар жариялады. Ұлттық баспасөз тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, төл тарихымызды толықтырып, тың деректермен таныса түстік. Бір дәуірдің көсеміне айналған Мұстафа Шоқайдың есімі қазақ тарихының беттерінде көк айдындағы жарқыраған жұлдыздай болып, өзінің ойып тұры алатын орнын кеше де, бүгін де, ертең де басқаға бермек емес.

Дереккөз: «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қаниева Ақбаян Бекарысқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Арман жетегіндегі өсиет"

Естелік мақалада «Ақтөбе» газетінің тарихы мен соғыс жылдарындағы қызметі, сондай-ақ автордың атасы арқылы газетке деген ықыласының қалыптасуы баяндалады.

Қаниева Ақбаян Бекарысқызы 18 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

"Серкенің" терең тарихы

Мәтінде «Серке» газетінің шығу тарихы, «Улфат» газетіне қосымша ретінде жарық көруі және басылымның жабылуына қатысты деректер баяндалады.

Қаниева Ақбаян Бекарысқызы 29 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин