«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында жастармен жүздесу

 

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау мақсатында кездесу өтті.

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында Алматы қаласының Мәслихат депутаттары – Есматов Серік, Ерлан Диана, «Қазақстан» КВН Одағы РЖҚБ Алматы КВН филиалының директоры -Кулымбетов Ондасын және Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы — Кенесов Акежан сөз сөйледі.

https://ltdfoto.ru/image/yT0pfr

Жолдау елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік –экономикалық басым бағыттар жайында айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты атқарылатын жұмыстар нақты айтылғандығы жайында түсіндірме талқылау жұмыстары жүргізілді.

Жолдаудың ең басты мақсаты – халықтың әл- ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту болып табылатындығы айтылды.

Жастар тарапынан да спикерлерге ұсыныс пен сұрақтар қойылып, өз ойларын жеткізді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *