Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Бір сәт саяхаттап шыққанда..

Серкбаева Гулнур Идрейсовна
3 мин оқу 35 оқылым

Адам баласы үнемі қимыл-қозғалыс үстінде жүреді. Бір күннің өзі әрекетсіз өтпейтіні белгілі. Бірі үй шаруасы, бірі жұмыс, енді бірі оқу, бірі мал шаруасы, т.б. Міне, осындай қым-қуыт қарбаластан бір сәт қол үзіп, өзін мәдени-танымдық тұрғыдан жетілдіру мақсатында өлкелерге саяхат жүргізіп, сол жердің ғажайыптарына қанық болудың өзі  бір ғанибет.

Қазақстанның кез келген жері тылсым құпияға толы, тарихи жәдігерлерге бай, әлемнің жеті кереметінен асып түсер кереметке лайық. Біз осындай ғажап өлкелерге саяхатқа шығып, кейінгі жас буынға құпия болып жатқан құндылықтарымызды, тасада жатқан тамаша жерлерімізді насихаттай аламыз. Сондықтан біз, Мұнайлы ауданының  №10 жалпы білім беретін мектебінің педагогтерінен құрылған «Барыс» тобы, маңғаз Маңғыстау өлкесінің тамаша жерлеріне саяхатқа шықтық.

Қарақия ойпатынан басталған бұл сапарымыз сол жердің ойдым-ойдым болып әсерлі көрініс беретін жерлерімен қызықты болды. «Қарақия» ойпаты туралы білмейтін жан жоқ шығар деп ойлаймыз.

Өсіп келе жатқан жас буынды сырлы табиғатпен, тарихи өлкелермен таныстырып, олардың жан-дүниесіне рухани күш қуат сыйлау мақсатында біздің жорығымыз «Қараман ата» мешітіне саяхаттаумен жалғасты.

Қараман ата жер асты мешіті — ХІІ-ХVІІ ғасырларға жататын діни сәулеттің бірі. Жер асты мешіті үш бөлмеден тұрады: кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Оның аумағы 4,02 га жерді қамтиды. Мешіттің ерекшелігі — жердің астында орналасуы.

Қараман ата қорымы Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен 35 км қашықтықта, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас қыстағының батысынан 5 км жерде орналасқан.

Жер асты мешіті мен қорым 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған. Бұл жорық біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, білімімізді толықтырды.

Адамзат табиғаттың бір бөлігі екенін ескерсек, онда болашақ ұрпағымызды табиғатпен үндестіріп таныстыру басты міндетіміз. Көрікті жерлерге, тарихи мұражайларға, ашық табиғатқа саяхаттай отырып, балалардың бойына табиғатқа, Отанға деген сенімділікті ұялата аламыз.

Осындай межелі мақсаттың жалауын желбірете отырып, біз «Ыбықты» сайына да келіп жеттік. Аты да, заты да таңсық қандай жер екен деген оймен қалай жеткенімізді де аңғармаппыз.

Маңғыстаудың табиғатына құмарлана, қызыға қарасаң да, көз тойдырмас ғажап сұлулығымен таңдай қақтырады. «Ыбықты» сайының атауын естімеген біздерге бұл сайдың не себепті «ыбықты» аталуы қызықтырды. Ғаламтор желісінің деректеріне сүйенсек, «ыбық» сөзі көне түркі сөзі, Махмуд Қашқари сөздігінде «тауешкі» деген мағынада жұмсалған екен. Бұл маңда тауешкілер мекен еткен болу керек. Соған байланыстырылып «ыбық» деп аталып кеткен дейді. Енді бірде «ыбық» деген түрікмен тайпасы болған дейді. Сол түрікмендер осы жерді мекендесе керек. Бұл– болжамды  мәлімет.

«Ыбықты» сайының іші сап-салқын, тап-таза, тып-тыныш. Қабырғалары хас шебердің  қолымен ойылып бедерленген тастағы бейнелер. Табиғаттың адамзатқа берген тартуын тамашалап, бір сәт өзіңді тыныштықта тербелгендей күй кешеді екенсің. Бұл тамашаларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Біз мақсат еткен сапарымыздың мәресін «Ыбықты» сайының жерімен тоқтаттық. Бұл қайта келмейміз деген сөз емес. Керісінше, сіздерді, барша қазақстандықтарды Маңғыстаудың осындай керемет жерлерін тамашалауға шақырамыз. Жолдарыңыз түсіп, саяхатқа шықсаңыздар, осы сайға аяңдап кетуге шақырамыз. Мұнымен саяхатымыз аяқталмайды, бойларында жері мен елі үшін ықыласы ауып тұрған жан саяхатымызды одан әрі жалғап кетері сөзсіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Серкбаева Гулнур Идрейсовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 75 оқылым