Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Биология сабақтарында жаңа ақпаратық технологияларды тиімді пайдалану

Молдахметова Күнсұлу
3 мин оқу 732 оқылым

Молдахметова Күнсұлу

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуы осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басымдықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модульдік технология, рейтинг жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білімде, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным – түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» – деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған тәдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тапсырмаларды тиімді қолдану керек. Тек қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде енгізу керек екенін мұғалім өзі шешеді. Сабақ барысында әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар,тест, ойындар, деңгейлік тапсырмалар пайдалана отырып – қызықты сабақтар өткізу – оқушының белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі.

Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым.

Биология пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі – мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстысу. Сабақты жалықпай тыңдап көңілді отыруына, білім алуға ынталандыра түсуге жағдай жасау үшін сабақты түрлендіре, жаңа технологияларды пайдаланып өткізу қажет. Ол үшін мұғалім өз пәнін әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізуге көңіл бөледі. Оқу нормативі вариативті болуы ықтимал, ол әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы қажет. Бұл жерде шығармашылық мүмкіндігінде шек жоқ, әр ұстаздың өзінің жеке қабілеті, оның жеке тұлға сапасы, өзінің әдістемесі өзінше болуы мүмкін. Бірақ жұмыс бағытында барлық мұғалімдердің жалпы бағдарлама бойынша берілген нормативті сақтауы қажет.

Қазіргі жаңа педагогикалық технология биология оқытуда Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек – конспект, диаграмма, график, логикалық тірек – сызбасы қолданылады. Әсіресе, көп назар топтық және жеке оқушылармен жұмыс істеуге аударылады, бұл жерде жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың, семинар, дискуссия, баспасөз – конференциясы, лекция, сынақ, топ серуендері, практикалық жұмыстардың маңызы зор. Бұл сабақтарда оқушылардың әр түрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс – тәсілдің ара – жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Молдахметова Күнсұлу

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 4 мин 175 оқылым
Биология

Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Биология пәнінің оқытушысы ЖШС «Кентау колледжі» Аннотация Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.…

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна 6 мин 44 оқылым
Биология

STEAM әдістемесін қолдана отырып биология сабағында жобалық жұмыс ұйымдастыру

Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ КММ Биология мұғалімі Аннотация Бұл мақалада биология пәні бойынша жобалық жұмысты STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тұғырында ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік…

Жылқыбай Айдана Сағадиқызы 7 мин 230 оқылым
Биология

Биологияның адам өміріне пайдасы

Мақалада биологияның медицинаға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғауға, ғылыми-техникалық прогреске және дұрыс тамақтануға қосатын үлесі баяндалады.

Bilimger Media 2 мин 146 оқылым