Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Білімнің озық тәжірибесі қара шаңырағымызда…

Қалжан Тарихова, Нұралы Айберген
2 мин оқу 29 оқылым

БІЛІМНІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫМЫЗДА...

Қалжан ТАРИХОВА, Айберген НҰРАЛЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының  1-курс магистранттары

Назираш ЖҰБАНАЗАРОВА

п.ғ.к., профессор м.а.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі білім дәрежесі мен кәсіби шеберлігі жоғары маман дайындауда оқ бойы озық тұрған университеттің бірі. 1934 жылы іргетасы қаланған оқу орнында бүгінде 20 000-нан астам студент білім алады. Сонымен қатар, елімізге елеулі оқытушылардың профессорлық құрамы сабақ беріп, студенттердің білім деңгейін көтеруде ықпал етіп келеді. Университет студенттерінің білім мен білігін арттыру үшін түрлі шаралар, халықаралық конференциялар ұйымдастырып, шетелдік университеттермен академиялық байланыс жасап, ғылыми-зерттеу орталықтарымен тәжірибе алмасады.

Қиялы ұшқыр, ойы жүйрік, талапты студенттер жиналған білім ордасында, тәлімгерлердің болашақ кәсібіне бағыт-бағдар беруде Филология факультеті жыл сайын түрлі жұмыстар атқаруда. Тек қана әдебиет бағытында емес, түрлі салалармен, ғылымдармен байланысты пәндерді оқыта отырып, білім алушылардың кәсібилігін шыңдауда. Соның бірі,Философия және саясаттану факультетімен біріге отырып, мемлекет тарапынан міндетті пән саналатын – «Басқару психологиясы» пәні. Пәнді оқытудағы мақсат – басқару іс-әрекетінің  теориялық-практикалық негіздерін талқылай отырып,  басқарудың мотивациялық аспектілері, ұйымдағы эмоциялық күйді  басқару, басшының тұлғасы мен тұлға аралық және   қызметтік қатынастар психологиясы, басқару жүйесінің психологиялық негізі  туралы теориялык білімдерін қалыптастыру. Қысқаша айтқанда, психологиялық және әлеуметтік тұрғыда сауатты басшы дайындау.

Курсты оқу барысында өмірге ықпалын тигізер түрлі мәселелер қозғалды. Басқаруды көптеген аспектіде қарастырып, шетелдік және Отандық ғалымдарың еңбектері талқыға салынды. Соның ішінде Н.С. Ақтаева, С.Қ. Бердібаева, А.Д. Столяренко, Э. Берн, Д. Карнеги сынды ғалымдардың еңбектері қаралды. Тек қана басшы тұлғасы емес, басқарудағы ең өзекті мәселелер қарым-қатынас туралы да пікірталасты. Шетелдік ғалымдардың тәжірибелеріндегі қарым-қатынасты реттеуге, қалыптастыруға арналған түрлі әдістер сөз болды. Адам ең әуелі қоғамның бір бөлшегі болғандықтан, басқарудағы қарым-қатынасты талдау орынды. Магистранттарға ең қызықты болғаны – Дейл Карнегидің адамдармен тез тіл табысуға көмектесетін 30 кеңесі болды. Осы секілді өзекті тақырыптарды қозғау арқылы курстың өте пайдалы, әрі өмірде ұтымды болары анық.

Сабақ барысында кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамып, ысылған жас мамандар келешекте облыс пен аудан-ауылдарымыздағы білім саласы деңгейін көтеретініне сеніміміз мол.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қалжан Тарихова, Нұралы Айберген

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым