Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Білімді ұрпақ - кемел келешек бастауы

Нуркадамова Эльмира Қаметқалиқызы
4 мин оқу 570 оқылым

Нуркадамова Эльмира Қаметқалиқызы

Шоқан Уәлихановтың  "Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"-деп айтқан нақылы бүгінгі қоғамның бейнесін толық ашып тұрғандай. Жаңа дәуірдегі әрбір мемлекет, әрбір ұлт, әрбір басшы ойлайтын, бірінші кезектегі екі мәселе бейбіт өмір кепілі болатын егемендік пен жарқын болашақ бастауы саналатын білім мәселесі. Қай заманның ғұламасы болсын есіне алмай кетпейтін дүние де осы – білім тереңдігі. Әлемдік дамудың көз ілестірмес жылдамдығынан қалыспауға да,  дүниежүзі алпауыттарымен дәреже  теңестіруге де бірден – бір мүмкіндік - білім болып қала бермек. Мемлекет басшысы да ұлт болашағын саналы, білімді ұрпақпен ғана елестетуге болатынын айқындап келеді. Мұны әр жыл сайынғы жолдауларында білім секторына беретін басымдығынан байқауға болады. Оған дәлел 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнекәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп айқындалған жолдауының жетінші бағытындағы білім берудің жаңа сапасы.  Жолдауында Елбасы «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс»- деп оқытушылар қауымының міндеттерін айқындай түсті. Бұл бағыт іс жүзінде де үздіксіз жүргізіліп жатыр деп айтуға болады. Президент жолдауында тек мектепте білім алу сатысы ғана емес, сонымен қоса колледж,  ЖОО-дағы, яғни білімін жетілдірудің барлық деңгейлері ашып көрсетілген. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу 2016 жылы басталып, 2021 жылы аяқтау көзделетіндігі баяндалған. Президенттің соңғы жолдауларының басты өзегі болып жүрген цифрландыру мәселесі білім беру саласында да нәтиже көрсетуі тиіс. Мектеп оқушыларының білім алуда барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтылуы жас ұрпақты ғылыми зерттеу және өндірістік  - технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектесетіндігі жаңа міндет ретінде қабылданды. Білім саласының барлық түрін қамтитын үш тілділік қағидасымен бірге, латын әліпбиіне көшу бастамасы да айтылмай кеткен жоқ. Бұл ұсынылған бастамалар мен жүктелген міндеттер, өз кезегінде ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жоюға көмектесетіні сөзсіз. Мұның барлығы білім беруде толассыз қажыр мен тынымсыз еңбек талап етілетіндігін тағы бір  рет дәлелдейді. Бұл ретте педагогтарды оқыту және біліктілігін арттыру міндеті шешілуе тиіс мәселелер ретінде нақтыланды.

Бүгінгі таңдағы білім берудің айқын басымдықтары ретінде мемлекет басшысының көрсетуімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру міндетінің қолға алынуы. Қазақстан осы мәселе бойынша әлемнің дамыған мемлекеттері қатарына кіретін Ұлыбритания және Финляндия сынды елдердің білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерін басшылыққа алды. Ұлыбританияда «Жобалау әдісі» деп аталған оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын арттыратын және жылдам өзгерістерге қабілетті оқушының зияткерлік мүмкіндіктерін кеңейтетін «Функционалдық ойлау» әдістерін оқу үдерісіне тиімді түрде енгізе алды.  Бұл методика оқушыларға теория мен практиканы қатар беру арқылы алынған білімді алдағы өмірінде қолдана алу мүмкіндігін береді. Бұлардан бөлек, оқыту барысында жаңашылдыққа көп мән беріп, оқушы зейінін арттыратын, қызығушылықтарын күшейтіп,  ақпаратты қабылдауын жеңілдететін мол әдістер базасын толықтыру көздері әлі де қажет. Мұндай шаралар кешені келесідей бірқатар мүмкіндіктерге жол ашады:

  • Білім алу, яғни мәліметтерді қабылдау жылдамдығы және сапалылығы;
  • Есте сақтаумен шектелетін білімнен, меңгергенін пайдалану арқылы ойлауын дамытатын оқу;
  • Тек орташа білім беруден гөрі әрбіріне саралап, жеңілден күрделіге қарай оқыту мүмкіндігі.

Мұндай әдістер мен шаралар кешені оқушылардың әртүрлі ғылыми жобалар жасауы, интеллектуалдық сайыстардан озық шығуы, алған білімін іс жүзінде дәделдеуінен көрініс табатыны белгілі. Бұл ретте, Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебінің педагогтар қауымы  мұғалім ретіндегі кәсіби біліктілік деңгейлерін шәкірттері жеткен жетістіктер арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұған дәлел ретінде үстіміздегі жылы облыстық «Зерде» ғылыми жоба жарысынан 2 оқушымыздың ІІІ орын, «Пони» халықаралық байқауынан жүлделі І орын, «Ақбота» интеллектуалдық марафонынан 5 оушымыздың ІІІ  орын иеленген марапаттарын жатқызуға болады. Оқу ордасының педагогтар қауымы жыл сайын білім берудің жаңа бағдарламаларын меңгеру мақсатында біліктілік курстарын оқып, оларды мектептегі оқу үдерісіне, оқуышылардың білім алу дағдысына бейінді түрде енгізуде. Білім беру саласында жасалып жатқан реформаларды қабылдау және талдау бойынша ата-аналармен ұдайы байланыс орнатылып, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда ата-ананың маңызды рөлге ие болатындығы  басты назарда ұсталады. Оқушының білім дәрежесін, бағдарламаны игеру мүмкіндігін бағалау және арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады, оған ата – аналардың қатысу деңгейлері бағаланады. Мектептің үздік оқушылары әрдайым аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жақсы жетістіктерге ие болып келеді. Мұның бәрі оқу ордасының білім берудің жаңа бағдарламаларды игерудің нәтижесінде болып отыр.

Қорытындылай келе, ұрпақ сауаттылығы мемлекет дамуының қайнар көзі болғандықтан, үнемі еңбекті, жаңашылдықты, алға жылжушылықты қажет етеді. Әрине бұл ізденіс әрбір білікті педагогтың қолында екені сөзсіз. Мемлекет басшысы айқындаған бағыт бойынша білім берудегі жүктелген міндеттерді нақты қадамдармен іске асыру қажет. Әлемнің озық мемлекеттері тәжірибесінде сыналған білім берудің жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушының алған білімін тек уақытша есте сақтауы емес, кейінгі өмірде қолдану мүмкіндігін беретін ақыл – ой деңгейінде дамытуын көздейтін сапалы білім берейік. Ал білімді ұрпақ – кемел келешек бастауы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нуркадамова Эльмира Қаметқалиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым