Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

БІЛІМДІ ШӘКІРТ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Bilimger Media
2 мин оқу 50 оқылым

БІЛІМДІ ШӘКІРТ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Тәуелсіз еліміздің  болашағы жарқын, келешегі кемел болуы өсіп келе жатқан жастарымыздың қабілет-қарымына,  талантты мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздар  алдында тұрған басты мақсат-іскер, білімді, сыни тұрғыдан ойлай алатын, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады.Білім  ошағының табалдырығын аттаған  оқушылардың  барлығы талантты, дарынды. Тек олардың бойындағы қабілетін ашып, жан-жақты дамуына жол сілтеп, шығармашылық қатынасын, азаматтық белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағыттағы жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларда, олимпиадаларда топ жарып,  мектебіміздің мәртебесін биіктетіп келеді.

«Б.Майлин атындағы №21 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-сынып оқушысы Абжапбар Өнеге Маратқызы  2023-2024 оқу жылындағы  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде «СМАРТ БЕСІК» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап, І орынмен  облысқа жолдама алды. Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Буйрабаева Гулмира Утегеновна.

Абжапбар Өнеге Маратқызы жан-жақты дарынды,қабілетті оқушы.Қандай бағыттағы байқаулар мен олимпиадалар болсын қатысып, жүлдемен оралады. Оған дәлел Жетісай ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің

8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының  «Көркемсөз оқу номинациясы» бойынша Абжапбар Өнеге Маратқызыжүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық «Әбіш оқулары» байқауының мәнерлеп оқу бағыты бойынша Абжаппар Өнеге ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. 

Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», — деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

«Б. Майлин атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Сейдимбеков

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ғылым

GMP иммундық жасушалары қатерлі ісікке қарсы емге жаңа жол ашуы мүмкін

Оңтүстік Калифорния университетінің зерттеушілері GMP жасушаларын зертханада көбейтіп, тышқандардағы ісік дамуын баяулатуға қол жеткізген. Бұл тәсіл әзірге адамда сыналған жоқ.

Bilimger Media 4 мин