Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Білім негізі бастауышта

Акболаева Жадра Шортанбаевна
3 мин оқу 51 оқылым

Акболаева Жадра Шортанбаевна

Білім негізі бастауышта
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» - деп Я.А.Коменский айтқандай мектептің жүрегі болып қызмет ететін бала бағбаны ұстаздар қауымы. Осы ұлағатты ұстаздардың білімімен сусындап, тәлімді тәрбиесін алатын өрендердің болашағынан күтетін үміт зор. Осы зор үміттің іргетасын қалайтын кез балабақшадан кейінгі бастауыш сынып кезеңі.
Бастауыш сынып әрбір оқушының білімін қалап, қолына қалам ұстатып, алғаш әріп танытып, әліппені қолына ұстататын, сауатын ашатын кезең. Сондықтан да білім негізі – бастауыш деп бекер айтылмаса керек-ті.
Білім беру стандартының негізіне сүйеніп өткізілетін бастауыштағы әрбір сабақ сұрыптау мен саралаудан өтеді. Баланың жоғарғы сыныпта белгілі бір бағыт бойынша алатын білімін де қалыптастыратын бастауыш кез. Осы тұрғыдан келгенде бастауыш сыныптың бала өміріндегі әсер ететін талаптарын бірнеше категорияға бөліп қарастырып көрсек:
Біріншіден, мұғалімнің жан-жақты, сауатты болуы талап етіледі. Жаңартылған білім беру жүйесі негізінде қолданылатын әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Оның өзі бірнеше бөлікте қарастырылады. Олар:
- баланы сыни ойлау тұрғысында ойлауды жүзеге асыруда сыни ойлау технологиясын қарастыру;
- баланың тілін дамыту, сөйлеу әрекетін жүзеге асыруда жаңылтпаштарды, тақпақтар мен мәтін құрастыруды үйрету;
- баланың логикасын дамыту;
- көрнекіліктермен жұмыс жасау;
- топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлерін жасау т.б. сабаққа қатысты материалдарды методикалармен сабақтастыра дамыту әрбір мұғалімге тиімді.
Екіншіден, бастауыш сынып кезінде баланың қоршаған ортасымен, қоғаммен байланысы орнай бастайды. Сыныптастарымен коммуникативтік байланыс орнату бастауыш кезінде қалыптасады. Осы ретте, мұғалім мұрындық болуы қажет.
Үшіншіден, әрбір баланың бойында шығармашылыққа бейімі, өнері, дарыны мен белгелі бір істе қабілеттілігі осы жастан байқала бастайды. Тек соны әрі қарай толастатпауда дұрыс бағыт-бағдар беріп, дамытуымыз қажет. Мысалы, қазіргі таңда бір мамандықтың білгірі болып отырған еліміздің белді азаматтары мен азаматшалары мамандық таңдаудан жаңылыспағандар. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші бала күнінен мұғалімдерінің салған сара жолымен өз дарындылықтарының арқасында биік шыңды бағындырып отыр. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп қазақ біліп айтқан. Бұлақтың өзін дер кезінде дұрыс ашып, жол сілтеген жандардың арқасында қабілет-қарымының бейімімен өмір жолын тапқан тұлғаларға бастауыш кезіндегі мұғалімдерінің сіңірген еңбегі зор.
Төртіншіден, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп ғұлама Әл-Фараби айтпақшы, берілген білім тәрбиесіз, оның ішінде рухани тәрбиесіз берілсе оның бойға жұғуы екіталай.
Бесіншіден, бастауыш сынып кезіндегі пәндердің барлығы өз ана тілінде өтсе құба-құп. Себебі, өз елінің нағыз патриотын, отансүйгіш ұланын тәрбиелегіміз келсе, ана тілі білім беру басты құрал болмақ. Бұл жөнінде ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек» деген тәмсілі бекер айтылмаса керек-ті.
Қазір дамыған заман, жаңа ғасыр, дамушы кезең. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап тұрған шағы. Қойылатын талап та, міндет те зор. Ең алдымен жан-жақты, заманауи, заман көшінен қалмай жүру қажет. Жоғарыда айтып өткеніміздей егемен еліміздің тұтасын ұстайтын талапкерлердің буынын қатайтып, болам деген баланың бетінен қақпай, белін бекем бууы әсте қажет-ақ. Жаңаны біліп-тануға ұмтылатын жас өрендердің ойы анық, сөзі ширақ болуы бастауыш мектептің мойнында.
Тәрбие тал бесіктен басталады демекші, тек педагогтарға бар жүкті артып қою дұрыс болмас. Ата-ана да бала тәрбиесіндегі басты қозғаушы фактор. Осы ретте, ұсыныс ретінде өзімнің субьективті пікірім бойынша: мектепте ата-аналармен жұмыс ретінде аптасына 3 рет өткізілетін пән бекітілсе. Онда психолог мамандармен қатар сынып жетекшілері, пән мұғалімдерді қатысып, пікір алмасып, ой-толғату жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, бұл келешек шақтың еншісіндегі ой һәм іс.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, біраз жағдаятты басын қайырып, қозғап, сөз еттік. Айтып қана қоймай, іс жүзінде де көрсетіп келеміз. Соған дәлел, осы аптада өткізілген бастауыш апталығы. Осы апталықта көрсетілген жұмыстар мен еңбектердің нәтижесінде келелі істердің түйіні тарқағаны да анық. Қуантарлық жайт, мұғалімдеріміз талапқа сай дайындалып, білімдері мен біліктерін жоғары дәрежеде көрсете білгендігі. Өздерінің бірнеше жылдық тәжірибесінің арқасында еңбектерінің нәтижесін абыроймен ақтады. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде еліміздің болашақ жастарын дайындауда шыңдалғандарын айқындады. Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деген отансүйгіш балдырғандарды тәрбиелеуде жасап жатқан игі істері үшін барша ұлағатты ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Акболаева Жадра Шортанбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым