Мазмұнға өту

Білім күні

Дауренбекова Жибек Сериковна 3 мин оқу 437 оқылым

Дауренбекова Жибек Сериковна

Мақсаты: Бүлдіршіндерге Білім күні- мерекесінің қоғамда алатын ор -нын көрсету. Мерекелік көңіл күй орнату. Балалардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту.Сахналық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: Балаларға 1-ші қыркүйек күні Білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Елімізде тек қана бейбітшілік тыныштық үшін, әр адам оған атсалысу керектігін түсіндіру. Байланыстырып сөйлеуді, сөйлем құрауды үйрету.

Дамытушылық:  Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, сахыналық мәнерлеп сөйлеуді, нақышыңына келтіріп айтуды үйрету. Балалардың бойына ұлттық мақтаныш, өз ана тіліне деген сүйіспеншіік сезімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Бірін бірі сыйлауға адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Көрекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздереінің суреттері, оқу құралдар, ойыншықтар.

Достық шеңбері:

Біздің топта балалар тату тәттәі ойнайды,

Дос көңілі әр-қашан тек жақсылық ойлайды

Тәрбиеші: Бүгіннен бастап біз доспыз, арамыз ешқашан ос ышеңбе

Дамыту ортасы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз  1-ші қыркүйек білім күніне арналады. Бұл  күні барлық балабақшаларда, мектептерде, басқа да білім беру мекемелерінде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр-бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланын суретін көрсетеді). Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Ән «Балабақша гимні» (аудио дыбыспен қосылып балалар хормен ән айтады)

Осы кезде сырттан есік қағылып сырттан жалқаубек келеді.

Жалқаубек: Ой балалар, мұнда не болып жатыр? Кеттік ойнайық. Менімен  ойнағыларың келіп тұр-ай деймін.

Тәрбиеші: Жалқаубек, бұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсің бе? Бүгін бізде мереке, 1-ші қыркүйек- білім күні, барлық мектептер мен балабақшаларда осы мерекені толап жатыр.

Жалқаубек: Әй балалар, мектеп дей ме? Мектепте біздің апалаымыз, ағаларымыз барады. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер, ойнайық.

Тәрбиеші: Жалқаубек, сіз одан да бізбен бірге қалып, мерекені тойлап, тамашалаңыз. Біздің балалар ақылды, алғыр, өнерлі. Ал сіздің қандай өнеріңіз бар?

Жалқаубек: Мен жалқау болсам да, өнерлімін! Мен би билей аламын.

Тәрбиеші: Біздің өнерлі балалаларымыз сізбен бірге би билегісі келіп тұр. Жалқаубек пен балалаларымыздың өнерін тамашалайық! (сергіту сәті)

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Қазақстан Республикасыныңм астанассы қай қала?( Астананың суретін көрсету)

(Балаларың жауабы: АСТАНА)

Біздің президентіміз кім?( Н.Ә. Назарбаев портретін көрсету)

Қ.Р рәміздерін кім біледі? (Қ.Р рәміздерін суретін көрсету)

Қ.Р туында не суреттелген? Ол нені білдіреді? Елтаңбада не суреттелген?

Қазақстанда қандай ұлттар өмір сүреді?

Қ.Р рәміздері туралы тақпақтарымызға кезек берейік

ЗЕРЕ:      Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат,әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

АЯЖАН: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Жарайсыңдар балалар мен сендерге риза болдым.

Залға әдемі әуенмен суретші кіреді: (Қолында түрлі түсті қарандаштар және гүлдері бар)

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Тойларың тойға ұлассын!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Суретші: Балалар мен суретші боламын, сендерді бүгінгі білім күнімен құттықтау үшін арнайы келдім. Балалар  түстер туралы не білесіңдер? Түстер суық және жылы болып екіге бөлінеді, ал сендер түстерді ажырата аласыңдар ма?

Балалар: Иә

Суретші : Қандай түстерді білесіңдер?

Балалар: Қызыл, сары, көк, күлгін, жасыл, қоңыр.

Суретші: Керемет, ал сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә

Ойын: ( өз түсіңді тап)

Шарты: Еденде төрт түсті гүлдер қойылады, сол түсті қарындаштар беріледі. Әуенмен билеп жүріп, әуен тоқтағанда өз түсіне сәйкес гүлдің тұсына үлгеру керек.

Суретші: Балалар сендер түсті жақсы айыра алады екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Мен енді кетейін, сіздерге сәт сапар!

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Қандай ғажап бүгін күн.

Күлкі күміс жан жағың,

Көрдіңбе дос құрбыңның,

Қолға портфель алғанын.

Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер, білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған әніне кезек берейік.

Ән: (Балабақшам-бақұям)

Тәрбиеші: - Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам.

Ден қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!

Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Дауренбекова Жибек Сериковна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин