Мазмұнға өту

Білім келешегі – адал азамат және кәсіби маман

Бәшентаева Фарида Кәжіғалиқызы 3 мин оқу 133 оқылым

Бәшентаева Фарида Кәжіғалиқызы
№15 “Жидек” бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші


Кіріспе

Еліміздің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде көрсетілген. Себебі ,елдің жарқын болашағы мен қоғамның өркендеуі – бүгінгі бүлдіршіндердің сапалы тәрбиесіне тікелей байланысты.

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, адамның мінез-құлқының, құндылықтарының, дүниетанымының негізі дәл мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы – жас ұрпақты адал азамат және болашақ кәсіби маман ретінде балудың алғашқы әрі ең маңызды баспалдағы.

Балабақша тәрбиешісі ретінде менің негізгі міндетім – әр баланың бойындағы қарым- қабілетін танып, бойына адалдықты, мейірімділікті, еңбекқорлықты дарыта білу. Өйткені негізгі нәтиже– білім алған түлектің санында емес, қоғамға пайдасын тигізетін адал әрі кәсіби тұлғаның қалыптасуында деп білемін.

Негізгі бөлім

Адал азамат тәрбиесі – тұлға дамуының негізі

Адалдық – адам болмысының басты өлшемі. Философиялық тұрғыда адалдық ұғымы «ар-ұждан тазалығы», «әділеттілікке адал қызмет ету», «шындықты ұстану» деген түсініктермен пара пар. Балғынның бойына тура қасиеттерді сіңіруді біз ең қарапайым әрекеттерден бастаймыз: ойын барысында шынайы жауап беруге баулу, өзінің қателігін мойындау, топтағы қатарластарына көмектесу, аманатқа адал қарау.

Халық ауыз әдебиеті бұл бағытта баға жетпес құрал болып табылады. «Алдар көсе», «Аяз би», «Ер Төстік» сынды ертегілерде адалдық, әділдік, қарапайымдылық қасиеттері дәріптеледі. Балаларға осы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы шынайы өмірде адал болудың қажеттігін түсіндіреміз.

Абайдың «Адалдық – адамдықтың белгісі, арамдық – надандықтың белгісі» деген тұжырымы бізге бағдар береді. Яғни, адалдықты бала бойына ерте бастан сіңіру – оның азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер ететін басты фактор.

Кәсіби маман қалыптастырудың бастауы – мектепке дейінгі тәрбие

Кәсібилік – бір күнде қалыптаспайды. Ол ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен дағдының нәтижесі. Алайда кәсібилікке бастар алғашқы қадам мектепке дейінгі шақтан басталады. Балабақшадағы еңбекке баулу, тәртіпке үйрету, ұжымдық әрекеттер – болашақ маманға қажет дағдылардың негізін қалайтыны анық.

Баланың қарапайым әрекеттері – ойыншықтарын жинау, үстелді таза ұстау, кезекшілікке жауапкершілікпен қарау – кейінгі өмірде еңбекқорлық пен кәсібилікке ұласатын мінез ерекшеліктерін қалыптастырады.

Психологтардың пікірінше, мектепке дейінгі шақта балада зейіннің тұрақтылығы, табандылық, қызығушылық қалыптасады. Егер осы қасиеттерді тәрбиеші дұрыс бағыттай білсе, жеткіншек болашақта қай мамандықты таңдаса да, кәсіби жетістікке жету ықтималдылығы жоғары.

Тәрбиешінің кәсіби және адамгершілік рөлі

Балабақша тәрбиешісі – баланың алғашқы ұстазы. Біз тек әріп, сан үйретпейміз, біз өмірлік құндылықтарға баулимыз. Кішкентай баланың жүрегіне жол тауып, бойына адалдық пен еңбексүйгіштікті дарыту – тәрбиешінің басты миссиясы.

К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің кәсібін сүйгенде ғана шәкірт жүрегіне жол таба алады» дейді. Бұл ой тәрбиеші мамандығына да тікелей қатысты. Өз ісін сүймеген маман баланың бойына ешқашан адалдық пен білімге құштарлықты сіңіре алмайды. Сондықтан үздіксіз даму – бүкіл білім беру жүйесінің басты міндеті.

Менің тәжірибемде байқағаным: бала тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды. Егер тәрбиеші баламен шынайы сөйлессе, уәдесін орындаса, бала да уақыт өте адалдыққа бейімделеді. Демек, тәрбиешінің әр сөзі мен ісі – тәрбиенің үлгісі.

Мектепке дейінгі ұйымдағы тиімді әдіс-тәсілдер

Балалардың бойында адалдық пен еңбексүйгіштікті дамыту үшін біз түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

• Ойын арқылы тәрбиелеу – балалар рөлдік ойындар арқылы шыншылдықты, әділдікті үйренеді.

• Әдеби шығармаларды оқу – ертегілер, өлеңдер арқылы адалдықтың мәнін түсінеді.

• Еңбек әрекеттері – гүл суару, ойыншық жинау, бөлме тазалау сияқты қарапайым істер арқылы еңбекке баулимыз.

• Сөйлеу мәдениеті – үлкенге сәлем беру, кішіге қамқорлық көрсету арқылы әдептілікке тәрбиелейміз.

Бұл әдістердің барлығы баланың тұлғалық дамуына ықпал етіп, болашақта кәсіби және адал маман болып қалыптасуына алғышарт жасайды.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, білімнің келешегі мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Балабақша тәрбиешісі ретінде менің міндетім – әрбір балаға адалдықты сіңіріп, еңбекқорлық пен жауапкершілікті үйрету. Бұл қасиеттер болашақта олардың кәсіби дамуының негізін құрайды.

Адал азамат – елдің рухани тірегі, кәсіби маман – қоғамның қозғаушы күші. Егер осы екі құндылық мектепке дейінгі шақтан бастап қалыптасса, еліміздің болашағы жарқын болмақ.

Соңғы жаңарту: 1 қаңтар 2026, 18:04

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Бәшентаева Фарида Кәжіғалиқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин