Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

білім беру жүйесі

Автор

Bilimger Media
4 мин оқу 621 оқылым

Қызылғұл Арухан

Қазақстан - егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елдің қатарына  енгізетін біздің болашағымыз- бүгінгі жас ұрпақ. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің  жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие жұмыстарына нақты өзгерістер енгізілуімен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралай отырып, жастар шығармашылығын жаңа тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» Заңында  қосымша білім беру азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің  қосымша дамыту бағдарламалары негізінде іске асырылатын  тәрбиелеу және оқыту үрдісі деп көрсетіледі.

Дамыту сипатындағы білім бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады. Мектептен тыс ұйымдар жеке тұлғаның дамуына, олардың қабілеттерін  шыңдауға, қоғамда өмір сүруіне бейімделуіне, азаматтық сана сезімдерінің, жалпы мәдениетінің қалыптасуына, салауатты өмір салтына,баланың бос уақытының мазмұнды ұйымдастырылуына жағдай жасайды.Мектептен тыс мекемелер, соның ішінде қосымша білім беру жүйесі оқушылардың ғылыми техникалық шығармашылығын ұйымдастыруда маңызды орын алады.

Қазіргі таңдағы өзгерістер мен ақпараттар ағымы   қоғамның  шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Ал қосымша білім беру жүйесі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай ,әр оқушының бейімдігін анықтап, табиғи қабілетіне қарай зерттеп, оны болашақ мамандығына таңдау жасауына бағыт бағдар береді. Оны жүзеге асыратын мұғалімдер қауымы. Ол үшін кәсіби педагогикалық шеберлік керек. Осы мәселені зерттеген В.Маркова  мұғалімнің кәсіби деңгейіне мынадай критерийлерді атап көрсетті.

Олар:

  • Обьективті критерийлер, яғни мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, біліктілігі;
  • Субьективті критерийлер,яғни адамның мамандығы оның табиғатына, қабілеті мен қызығуына сәйкес кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну:
  • Шығармашылық критерийлер,өз тәжірибесін тарата білуі;
  • Нәтижелі критерийлер, оқушының алған білімін өмірлік жағдаяттарды шешуде пайдалана алуы.

Осы орайда қосымша білім беру жүйесі ұйымдары қызметінің маңызы ерекше. Олар балалардың қызығуына қарай ерікті бірлесуі негізінде олардың  ынтасы мне әрекеттілігінің дамуы, әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы, балалардың жас және дара ерекшелігіне байланысты жұмыс атқарады.

Қосымша білім беру жүйесіндегі жеке адамның қалыптасуы үйірмеден басталады десек, әр түрлі бағытта жұмыс істейтін үйірмелердегі оқушылардың болашақ мамандығына деген талабы ұштала түседі. Үйірме – шығармашылық ізденістің алғашқы баспалдағы. Қай үйірмеге қатысқан оқушының өзіндік ізденісі, талпынысы болады. Яғни, қазіргі заман педагогтары алдына мынадай мақсат қоюы керек: оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз жасау. Мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың қабілетін ашып, білімге жетелеу.

Оқушылардың қабілетін арттыруда шығармашылық, еркін ойлау мен үйлесімді шешім қабылдауына ықпал ете отырып, «Балаларды жақсы көру аз, оларға ұнай білу керек. Оқушының қасында бол, бірақ сәл-пәл ілгері жүріп отыр» деген қағидаға сүйеніп, баланың деңгейіне түспей, керісінше, оны өз деңгейіңе, яғни жоғары қарай жетелей отырып, жетекші мен оқушы арасындағы белгілі бір қашықтықта пропорцияны сақтай отырып, ортақ нәтижеге жетсем деймін.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамаларға кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі мен педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа үлгіде ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетінің дербестігін, ынтасын арттыруда тиімді амалдарды табу, жалпы тәрбие жұмыстары мен жаңа тәсілдері мен әдістерін анықтау, оларды ұйымдастыру үшін мынадай ойларды айтар едім:

  • Дарынды, талантты балаларды анықтау, қолдау жұмысы жалғасын тапса;
  • Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы күшейтілсе;
  • Қосымша білім беру педагогтеріне арналған көмекші әдістемелік құрал ретінде қазақ тілінде жинақталған, жаңа педагогикалық әдістер мен жүйеленген кітаптар шығарылса;
  • Оқушыны қызықтыратындай сабақа қосымша түрлі-түсті суреттер, нұсқалар көрсетілген қазақ тіліндегі кітаптар шығарылса, кітапхана қоры жасалса;
  • Оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында «Шеберлік шыңына шыңу» тәжірибе алаңы құрылса;
  • 12 жылдық білімге көшу барысында баланың болашақ мамандығын таңдауда, оның қабілеті мен икемділігін ұштап, дұрыс таңдау, бағыт жасауына қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп, ата-ана бірігіп жұмыс атқарса.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» жолдауында білім беру саласына қатысты қатысты нақты міндеттер қойды. Болашақтағы білікті мамандар - қазіргі оқушылар болғандықтан, оларға ұлттық негізде тәрбие беріліп, жаңа заманға, жаңа технологияға сай білім берілуі керек.

Менің рухани интеллектуалдық және өмірлік тәжірибем барысында қалыптасқан педагогикалық тұғырнамам келесі компоненттерден тұрады:

  • Оқытудың бүгінгі күн талабына сай өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашалық іс-әрекетке қабілетті, дарынды, елжанды еркін тұлға тәрбиелеу;
  • Интеллектуалдық, зиялы және білімді тұлға тәрбиелеу үшін өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді жетілдіріп отыру;

Оқытудын озық заманауи әдістері мен тәсілдерін, құралдарын игеру арқылы білім беру процесін жетілдіру.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин