Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Берекелі күз

Автор

Костниязова Нуржамал Чегебековна
3 мин оқу 77 оқылым

Костниязова Нуржамал Чегебековна
Маңғыстау білім басқармасының КММ нің «Оңалту орталығы»
Тәрбиеші

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Өтпелі тақырып: «Жомарт күз» 

Тақырыбы: «Берекелі күз»
Күні: 20. 11. 2024ж 30 минут
Топ:Қыран Кіші топ Қатысқан балалар саны: 4
Мақсаты: Білімділік: балаларға  күз мезгілі  туралы түсінік бере отырып,ерекшеліктерімен таныстыру. Жапсыруды  дәстүрлі емес әдіспен  үйрету,саусақ моторикасын дамыту дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: іскерлік дағдыларын дамыту,ойлау қиялдау қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік: еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу,өзара бір- біріне көмек көрсете білу,құрметпен  қарау ниеттерін қолдау.

Күтілетін нәтиже: Бидайдың масақтарын қағаздағы үлгіге жапсырады.
Өткенді қайталау Күз мезгілінің ерекшеліктерін атайды.
Түзете - дамыту жұмысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс әрекет Ресурстар
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату                                

Ұйымдастыру.                   

Жаңа тақырып бойынша  жұмыс

Сәлемдесу!

Балаларды «Біртұтас тәрбие» негізінде алынған фетрадан дайындалған оюлы кілемше арқылы қарсы алу.

Ойын: «Көңілді текшелер».

Шарты: текшені лақтырып түскен түсті бала атауын атайды,кілемшеде түсті тауып секіріп ішке кіреді.Қазақша ұлттық әуен орындалады.

Шаттық шеңбері

Сәлемдесіп иіліп

Жылы жүзбен жымиып

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік

-Жарайсыңдар!

-Балалар,бүгінгі күніміз өте көңілді болмақ

Қане экранға назар аударайық

-Нені көріп тұрсыңдар?

-Жапырақтар желмен ұшып жерге түсіп жатыр

-Дұрыс айтасыңдар

-Түсі қандай екен жапырақтың?

-Сары

-Жарайсыңдар,өте дұрыс!

-Жаңбыр жауып тұр,құстар жылы жаққа ұшып барады. Адамдар жылы киініп алған. Егін алқабында диқаншылар астық жинап жүр.Балалар себетке жеміс пен көкөніс жинап жатыр.

-Балалар осы ерекшеліктің бәрі жылдың қай мезгілінде болады айтыңдаршы?

-Күзде

-Өте дұрыс айтасыңдар,бұл күз мезгілінде болады

-Жарайсыңдар!

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар-қыркүйек ,қазан, қараша.

-Керемет балалар,жарайсыңдар!

-Балалар мен сендерге күз мезгіліне байланысты қызықты ойын ала келдім.

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр »

Шарты:Балалар алаңға ойнауға шығады,ойнап жүріп кенеттен жаңбыр жауып кетеді сол кезде балалар қолшатыр астына тығылады.Жаңбыр басылып  тағы  ойын алаңына шығады, осылай ойын жалғасын табады.

-Балалар сендерге ойын ұнадыма?

-Ия

-Жарайсыңдар ,балалар!

- Балалар күз мезгілін берекелі деп бекер айтпаған, себебі астық, дәнді- дақылдар осы кезде пісіп жетіледі екен, сондықтан  молшылық айы деп аталады екен.

-Балалар,менің қолымдағы не?

-Нан

-Нанды қайдан алады білесіңдерме?

-Жооқ

Ендеше мен сендерге айтып берейін,мұқият тыңдап алыңдар.

Күз мезгілінде көптеген дәнді дақылдар,астықтар піседі,оны диқаншылар комбайнмен орады,яғни жинайды.Жинаған астықтарды жүк көліктеріне тиеп диірменге апарады.Біздің жейтін нанымыз бидайдан алынады.

Ал енді балалар сол бидайды өздеріміз жинап көремізбе?

-Ия

Ендеше не тұрыс қырман басына аттанайық.

Балалар  қажетті киімдерді киіп,қолдарына орақ алып,

«Қырманға кел, қалқатай» әнімен жүк көлігіне мініп,қырманға келеді.

Диқаншы балаларды  күтіп алып,бидайды орақпен орып алып жинап беруге көмектеседі.Енді осы бидайды өңдеп  диірменге тартатын боламыз.

Балалар диірменнен бидайды тартып ұн алады.Бұл ұнды илеп қамыр жасаймыз екен,дайын болған қамырымызды аспазшы апайға беріп жіберейік ол біз жұмысымызды аяқтағанша бауырсақ пісіріп әкелсін ия,балалар?

-Ия

Олай болса балалар диқаншы ағайымызға рахметімізді айтып тобымызға оралайық

Сау болыңыздар балалар,деп қоштасады

Балалар енді нанның  ұннан,ұнның бидайдан алынатынын білдіңдер,енді осы бидайды біз бүгінгі түзету жұмысымызда қағаз бетіне жапсырып көремізбе?

-Ия

Ол үшін мен сендерге дайындап әкелген қағазға желімді жағып, мына ыдыстағы бидайды жапсыратын боласыңдар.

Алдымен мен сендерге көрсетемін,мұқият қарап алыңдар,менің жасағанымды  қайталап жасайсыңдар.

Жұмысты аяқтаған соң қолдарымызды дымқыл сүрткішпен сүртеміз.

-Балалар не жапсырдық?

-Бидай

Тақтаға жұмыстарын іледі.

Балалар шаршаған боларсыңдар бір сергіп алайық

Сергіту сәті:

«Қазақша оюлардың қимылымен жаса»

Аспазшы апай бауырсақты алып келеді

-Балалар қараңдаршы қандай керемет бауырсақтар.Көрдіңдерме бауырсақтың пісуі үшін қаншама еңбек еттік.Сондықтан нанды қадірлей білуіміз керек.Күз мезгілінде  астық мол болатын уақыт екен.

Сәлемдеседі.

Интербелсенді тақта

Қолшатырлар,құрсаулар

Алжапқыш,орақ,қолғап

 

Рефлексия   бекіту                                

-Балалар бүгін біз қандай жұмыс жасадық?

-Қайда бардық?

-Ең алдымен бидайды не істейміз?

-Орып алған бидайды қайда апарамыз?

-Диірменнен тартылған ұннан не жасаймыз?

-Қамырдан не жасалынады екен?

-Жарайсыңдар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Костниязова Нуржамал Чегебековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин