Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

БЕЙСЕННІҢ ЖЕТІ ИДЕАЛЫ

Бейсенбай Диана
5 мин оқу 41 оқылым

Бейсенбай Диана

Әдетте адамдар өмірдің мәні жайлы тақырып қозғаса, «Не ол өмірдің
мәні? Маған, мысалы, өмірдің мәні мүлде көрінбейді», деп  шағымданады. Логотерапия оған мынадай жауап айтады: өмірдің  мәні Тәңірлік әлемнен келеді. Оны ақжүрек адамдар ар-ұяттың  құлағымен естиді. Атеиске қарағанда иманды кісінің Тәңірлік  әлемнен келетін әуезге құлағы түрік тұрады. Сондықтан да ар-ұятына  бекем болып, жүрегін бөтен ойдан таза ұстайтын тауазылар әманда  мағыналы ғұмыр кешеді. Бірақ мұндай тақуалық пен тауазылықты  елдің бәрі ұстай алмайды. Қалай десек те, қоғамның дені ауыр  тұрмысқа маталып тұрады. Олар жүрегін үнемі тоттан тазалап, арұяттың әміріне құлақ түріп отыруга мұршалары бола бермейді.  Мұндай кезде, амал жоқ, ондай пенделер идеалдардың етегінен  ұстауға мәжбүр болады. Себебі Тәңірлік әлемнен келетін Мәннің  шұғыласы идеалдардың өнегелі өмірі арқылы кез келген кісіге  жанама түрде жол сілтеп тұрады. Бейсен екі жағын да ұстауға  тырысқан. Біріншіден, көңіліне кір түсірмес үшін дүниенің  мағынасыз ойын- сауығы мен саясаттың лас ойындарынан бойын  аулақ ұстаған. Өзінің субъективті психофизикалық жаттығулары  арқылы жүрегін жаман ойлардан тазалап отыруды жолға қойған.  Ақылына билеткен кісі мәннің дәмін бір алған соң үнемі оған  шөліркеп жүреді. Оның нұрынан айызы қанғанша үлес алғысы кеп  тұрады. Сондықтан Бейсен ақыл-парасаты мен ерлік істері өзінен  үстем түскен ұлы тұлғаларды өзіне идеал етіп алудан ешқашан  арланбаған. Әсіресе соңғы отыз жылда насихаты барынша әлсіреп,  бет-бейнесі мен өнегелі өмірі, таңғажайып ерлігі жаңа буынның  санасынан өше бастаған Бауыржан Момышұлын идеал етіп алуы  расымен де ерлік. Төменде Бейсеннің өміріне тірек болған жеті  идеалын беріп отырмын.

Сондықтан бұл ЖЕТІ идеалды да объективті құндылық ретінде
ұсынбаймын. Әр адам өзінің идеалын өзі жасап алуға қабілетті. Ол  үшін Бейсен сияқты ақылына билеткен мәнқұмар арлы адам болсаң,  жетіп жатыр.

Бейсеннің жеті идеалы
:Бірінші атам Бауыржан Момышұлы. Баукең өзіне ұнамаса да,  шындықты айтып кетті. Ал біз олай ете алмаймыз. Өйткені өзімізді  жақсы көрсеткіміз келеді. Бауыржан ештеңе ойламады. Тек  шындықты ғана қолдады. Сол үшін де халық Бауыржанды батыр  санады. Мен жұмыста тек шындықты айтуды талап етемін.  Шындықты айтпасақ, жұмыс ешқашан алға баспайды. Мәселен, бір  қызметкеріме тапсырма беремін. Ол қызметкерім маған  «орындадым» дейді. Шын мәнінде ол орындамаған. Не болады?  Әрине, ұят болады. Әсіресе телевизия саласында өтірік айтуға мүлде  болмайды. Өйткені сен бір адамды емес, тұтас бір халықты  алдағанмен тең боласың. Ал көрермен мұны ешқашан кешірмейді.Біз Бауыржанның екі қасиетін аламыз. Екінші қасиеті, батылдық. Мейлі, батыр болмай-ақ қой. Соғыс ешқашан болмасын. Бірақ батыл  бол. Жұмысты істесең қорықпа, қорықсаң істеме! Екінші атамыз -Дінмұхаммед Қонаев. Қонаев бірнеше жыл ел  басқарса да, ол адамгершілік қасиеті мен кішіпейілділігін биік  ұстады. Тіпті, ол кабинетінде отырса да, есіктен жас бала кіріп келсе  орнынан тұрып, өзі барып сәлем береді екен. Өмірінде араласқан  адамдардың атын ұмытпай, қолынан келсе көмектесіп жіберетін  көрінеді. Осыған байланысты жұмыста әріптестеріме: «Бізге келген  әрбір кейіпкердің тағдыры біз үшін өте маңызды болуы керек», деп  айтып отырамын. Қолымыздан келсе, біз де көмектесіп жіберуіміз  керек. Жақында ғана «Ардагерлер» туралы хабар түсірген едік. Бір  ата мен апамыз келді. Бірақ атамыз сонша ашуланып, айғайлап  жатыр екен. Жастар да қызба мінез ғой, біздікілер де «қайтсаңыз  қайта беріңіз» деп ренжіп жатыр екен. Дереу көре салған бойда  жанына жетіп барып: «Ата, бекер келмедіңіз ғой. Келіңіз, түсіп  кетіңізші осы бағдарламаға», деп жалынып ақыры көндірдік.  Қасында жетпіске келген апамыз да бар екен. Екеуін студияға алып  келіп, бағдарлама жасадық. Сол бағдарлама арқылы ардагер  атамыздың өнертапқыш, ал апамыз химиядан жүзге жуық олимпиада  жеңімпаздарын тәрбиелеген ұстаз екенін білдік. Ақыр соңында  апамыз да, атамыз да риза болып, алғысын айтып кетті. Егер біз  білместікпен қателік жіберіп, ол кісілер қайтып кетсе, көңілдерінде  үлкен дақ қалар еді.

Үшінші атам-Томас Эдисон. Томас Эдисон шамды ойлап
тапқан ғалым. Ол жарықты ойлап таппас бұрын халықты жинап алып,  мен бүкіл ғимарат пен көшелерді жарық қылатын боламын деп уәде  беріпті. Кейін бірнеше жыл өткеннен кейін оны бір адам көріп қалып:  «Әлгі шаруаңыз не болды? Жасаймын деп уәде берген едіңіз, жасай  алмадыңыз ғой», деп мұрнын шүйіре сұраған екен. Томас: «Он мың  рет тәжірибе жасадым, он мың рет сәтсіздікке ұшырадым. Бірақ әлі  жалғастырамын», деген екен. Жаңағы адам содан кейін: «Қоя  салсаңызшы одан да, бәрібір түк шықпайды ғой», десе, «Жоқ,  қателесесің. Мен он мың рет қалай жасамау керек екенін білдім. Енді  жақын қалдым...» деген екен. Расымен де жарты ай өткеннен кейіТомас жарықты ойлап тапты. Эдисонның бір сөзі бар: «Жұмысты  істер болсаң жаныңды сал немесе табандылықпен істе», деді. Кейде  жұмыстан сәл - проблемалар шығып қалса, «Мен жарықты ойлап  тапқан кезде бірнеше мәселелерді шеше білдім. Сен осыншама ұсақ  мәселелердің шешімін таба алмайсың ба?» дейтіндей көрінеді. Сонда  өз-өзімнен ұялып кетемін.

Төртінші атам - Уолт Дисней. Егер мен бір бағдарламадағы  кейіпкерлерді қайта-қайта шығара берсем, ел- жұрт мені көрмей қояр  еді. Сол кезде Уолт Дисней: «Кешегідей жасама. Жаңаша бір нәрсе  ойлап тап», дейді. Шығармашылық пен жаңашылдық болмай, сенің  хабарыңды ешкім көрмейтін болады.

Бесінші атам - Имманнуил Кант. Кант дәл уақытымен жүретін
адам болған. Ол таңертең үйінен шыққан кезде көршілері сағаттың  сегіз болғанын, үйіне келерде кешкі сегіз екенін біліп отырады.  Біздің жұмыста бес секунд уақыттың өзі маңызды. Мүмкін басқа  жұмыста ол маңызды болмауы мүмкін. Бірақ журналистикада  уақытты бағалай білу керек.

Алтыншы атам Уильям Френд. Уильям Френд: «Ең басты
мәселелеріңді бітірмей, басқа мәселелерге басыңды ауыртпа», дейді.  Себебі ұсақ-түйек мәселелер бәрібір шешімін табады. Соған орай  мен де ақ қағазға айдың басты мәселелерін, аптаның басты  мәселелерін тізіп жазып қоямын. Оларды орындамай басқа нәрсеге  басымды қатырмаймын.

Жетінші атам- Роман Гарсия. XIX ғасырдың аяғында Испания
мен Америка соғысып жатады. Президент Маккенли Роман атты  офицеріне Кубадағы революционерге маңызды хат апаруды  тапсырады. Роман: «Ол жақта соғыс болып жатыр ғой. Қалай  апарамын?» - деп бас қатырмайды. Он күн дегенде барып, әлгі хатты  тапсырып, аман-есен елге қайтады. Адам осындай болуы кажет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бейсенбай Диана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Алтын алма, дұға ал!

Материалда дұғаның мәні, Алладан тілек тілеуге үндейтін аят пен хадистер және батаның қадірін танытатын халық нақылдары сөз болады.

Бейсенбай Диана 1 мин 26 оқылым
Жалпы рубрика

Бейсенбай Диана. Аффирмация әлде Сөз құдіреті?

Материалда сөздің адам көңіл күйі мен әрекетіне ықпалы, жақсы сөздің жігерлендіретін қуаты және сөзге абай болудың маңызы баяндалады.

Бейсенбай Диана 2 мин 68 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым