Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алтын алма, дұға ал!

Бейсенбай Диана
1 мин оқу 26 оқылым

Қазіргі таңда мыңдаған мотиваторлардың сабағына жазылып, дәрістерінен дәптер толтырып жүрген ағайын аз емес.  Ол сабақтардың белгілі бір деңгейде пайдасы бар шығар. Бірақ  көбісі шариғатымызға жат, табиғатымызға қайшы болып жа- тады. Пайдасыз ілімнің жолына түсіп уақытын да, бақытын  да жоғалтқандар қаншама. Адамзатты адастырмайтын асыл  дінімізден дүниенің де, ақыреттің де бақытын табасыз. Бір  ғана қабыл болған дұға екі өміріңізді игілікке толтыруы мүмкін. Тіпті Раббымыздың өзі бізді дұға жасауға құлшындырады.  Алла Тағала Бақара сүресінде: «Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз, Мен өте жақынмын. Қашан Менен тілесе, сұраушының  тілегіне жауап беремін», – дейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің Раббыларың – Ұялшақ және Жомарт. Ол  өзіне қол жайып сұраған құлының қолын бос қайтаруға ұялады» деген. Бұл ғажап сөздер дұға жасауға ерінетін пенденің  ұятын оятса керек. Тағы бір хадисте: «Алла Тағала құлының Өзінен сұрағанын жақсы көреді, керісінше сұрамағаны үшін ашуланады»  делінген. Дұға жасаушыға осындай ұлы сөздерден асқан мотивация бар ма?!  Аяқ киімнің бауына дейін сұрауға рұқсат беріп, «құлым  қолын жайып сұраса, бос қайтаруға ұяламын» деген Кең, Жомарт Алла Тағала - әрдайым уәдесінде тұрушы. Анығында,  Оның күш-қуаты барлық нәрсеге толық жетеді. Ол бізді бір  тамшы судан жаратып, көркем бейнемен үйлестірді, білім,  қуат, ризық-несібе, түрлі қабілет берді. Алла шеше алмайтын  қиындық жоқ! Оның мейірімі мен жарылқауы барлық нәрсені қамтиды. Бір дұғаңыз қабыл болса, бүкіл өміріңізді өзгертуге себеп  болуы мүмкін. Бабаларымыз дұғаны алтыннан, батаны байлықтан жоғары қойған. «Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын», «Алтын  алма, дұға ал» деген нақылдар сөзіме дәлел болмақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бейсенбай Диана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

БЕЙСЕННІҢ ЖЕТІ ИДЕАЛЫ

Әдетте адамдар өмірдің мәні жайлы тақырып қозғаса, «Не ол өмірдің мәні? Маған, мысалы, өмірдің мәні мүлде көрінбейді», деп шағымданады. Логотерапия оған мынадай жауап айтады: өмірдің мәні Тәңірлік әлемнен келеді. Оны…

Бейсенбай Диана 5 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Бейсенбай Диана. Аффирмация әлде Сөз құдіреті?

Материалда сөздің адам көңіл күйі мен әрекетіне ықпалы, жақсы сөздің жігерлендіретін қуаты және сөзге абай болудың маңызы баяндалады.

Бейсенбай Диана 2 мин 68 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым