Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көкше батыр (2-бөлім)

Ер Көкше · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Тоқтап иіріліп тұрған бұларды көре сала бір кісі Сүйретпенің тауынан төмен түсіп, бұларға қарай жүре берді. Көп ұзамай келіп те қалды. Бұған қарсы ерлердің ішінен Ер Көкше де шығып, оған қарсы жүре бастады. Көкшеге жақындап келіп сөйлей бастады:

Осыны естіп қалмақтың хабаршысы тұрған жеріне қайтып кетті. Барып патшаға айтып еді. Патша «үлкені—мен, жол менікі» деп атқа міне бергенде, үлкен баласы Қайнас:—Ә, әке, мен барайын, сіз бармаңыз,—деді. Ер Көкше әуелгі тұрған жерінде тұра берді. Сонда Ер Көкше атының айыл-тұрманын бекіте берді де, өзінен-өзі сөйлей бастады:

деп еді, Көкше қалмақтың кезегін беріп, Тарлан аттың басын тартпай қақшайып тұрды.

Атайын деп қалмақ оқталды,
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды,
Сауыт бұзар оқ алды.
Қақ жүректің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,
Кезеп қалмақ оқ атты.
Көкшенің мінген Тарлан ат
Бұға жата қалады.
Оғы тимей қалмақтың
Көкірегі жанады.
Тағы кезеп оқ атты,
Оғынан қарғып ат асты.
Тағы кезеп тағы атты,
Бұлтарып ат кетіпті,
Қапталдан оғы өтіпті.
Сонда қалмақ қашады,
Көкшедейін батырдың
Әруағы асады.
Келген жауы қашқан соң,
Қайраты судай тасады.
Қайнастайын кәпірді
Шашақты болат найзамен
Ақ сауыттың сыртынан
Ажал оқтың тұсы деп,
Өлер жері осы деп,
Батыр Көкше шаншады.
Арқаға найза кірген соң,
Аттан қалмақ құлады.
Өгіздейін өкіріп
Көкше түсіп атынан,
Өңешке қанжар тығады.
Жығылғанын бұның көргенде,
Тағы шапты біреуі.
Тағы тұрды Ер Көкше
Бұзылмастан реңі.
Дулығасы шалқайып,
Айылын бір жимастан,
Тұрды батыр талтайып.
Ақ сүңгі найза қолында,
Тарлан аты ойнаған,
Бір шабысқа тоймаған.
Келді тағы біреуі
Інісі екен Қайнастың,
Келіп тағы сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Менің атым Жайнас-ты,
Ағам еді Қайнас-ты.
Абайсызда алдырды,
Аяғынан шалдырды.
Жеңдім деп, ноғай, тұрмысың,
Тайдырайын бастан бағыңды,
Сындырармын сағыңды.
Өлім іздеп жүрсең сен,
Өлім саған табылды,—
Деп бір қалмақ ұмтылды.
Қылыштары жарқылдап,
Әрі-бері шабысты.
Үлек пен нардай қағысты,
Қылыштары сартылдап,
Қылышы қалды майысып,
Найзаласып шанысты.
Шанышқанға шыдамай,
Аттан түсе қалысты.
Жаяуласып асып алысты,
Бірін-бірі ала алмай,
Алуға айла таба алмай,
Жағаласты салысты.
Бірін-бірі бағысты,
Күні-түні сегіз күн
Терін жұтып, қан ішті.
Бір мезгілдер болғанда,
Күн бір түске толғанда,
Қалмақтың ері Жайнастың
Тізесі сонда бүгілді,
Аяғы жерге ілінді.
Жайнастайын кәпірдің
Желкесіне тұра мінеді.
Алтын сапты қанжармен
Тамағынан тіледі.
Қол-аяғын байлады,
Кірерге көрін сайлады.
Ағасының қасына
Апарып мұны жайлады.
Өлтірген соң ердің екеуін,
Қайраты ердің қайнады.

Бұл жерде батырдың қылышсыз қалғанын қалмақтар көріп, бірақ бата алмай, енді әкесі екі баласы өлген соң, өлгенін көзі көрген соң, балаға шыдай алмай, сар тұлпарға үш сүрініп барып зорға мінеді. Олар ол жақтан шыққанда, бұл жақтан Орақ батыр жүре қоя берді, Көкшеге келіп:—Ер Көкше, шаршадың ғой, ендігі кезегіңді маған бер,—деді. Көкше қайтып барып топқа қосылды. Сүйтіп тұрғанда Сұлтанғали қалмақ та Орақтың қасына келіп сөйлей бастады.

Тағы оқыңыз