Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ МЕН ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ

Аружан
6 мин оқу 38 оқылым

http://ҒТАМР: 14.31.09 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ МЕН ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ ӘШІМ АРУЖАН ҚАЙРАТҚЫЗЫ «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК, «Бастауыш білім беру» мамандығы, 4-курс студенті Ғылыми жетекшісі: Амиржанова Гульмира Қайыржанқызы, технология және оқыту әдістемесі пән оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, gul.mirok@mail.ru, 87771821833 Аңдатпа: Мақалада қазақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы екені туралы айтылған. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқаны туралы сипаттайды. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтерге тоқталған. Зергерлік бұйымдардың өзіндік ерекшеліктері – қыз-келіншектің келбетіне берер әсері жайлы ойларымен бөлісскен. Сұлулықтың нышаны – ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасалған. Аннотация: В статье отмечается, что казахский орнамент – это произведение искусства, которое формировалось веками. Говорится о том, что во всех отраслях ремесел нашего народа, сохраняется определенный порядок расположения орнаментов, и что это отражает нашу самобытность. Останавливается на издревле дошедших до нас элементах орнаментов. Делится своими мыслями об уникальных свойствах ювелирных украшений – об оказываемом их влиянии на внешность женщины. Сделан краткий экскурс в национальные украшения – символа красоты. Annotation: The article notes that the Kazakh ornament is a work of art that has been formed over the centuries. It is said that in all branches of crafts of our people, a certain order of arrangement of ornaments is preserved, and that this reflects our originality. It rests on ancient elements of ornaments. She shares her thoughts about the unique properties of jewelry - about their influence on a woman's appearance. A short excursion into national decorations - symbols of beauty. Түйін сөздер: Ою- өрнек, зергерлік бұйым, әшекейлер, ұлтымыздың сұлулық нышаны. Қазақтың ою-өрнек өнері — қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіре болып саналады. Мақсатыны келетін болсақ, болашақ жеткіншектерімізге ұмыт болып бара жатқан қазіргі өнерді таныстырып қана қоймай,сонымен қатар қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына өндіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту мақсатында және жасалу жолдарын білу. Қолөнердің халықтың әлуметтік және салт-тұрмысында алатын орыны қаншалықтты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол - ою-өрнек деп айтуға болады. Ою-өрнек сөздері бір мағынаны білдіреді. Жалпы анықтама беретін болсам, кез келген үлгіні ойып кесіп, қиып немесе қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, түскиізге, т. б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, қоржынға түсірілген түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының, өзін айнала қоршаған ортада бейнеленген бейнелер. Гүлдің және жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол қалпында берілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып бүгінгі күнге дейін жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, даныпшандығы. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынандай топтарға бөлген: 1. Өсімдік типтес ою-өрнек («жапырақ», «үш-жапырақ», «шиыршық гүл», «ағаш» т. б.); 2. Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, «қошқармүйіз» жөне оның түрлі нұсқалары: «қосмүйіз» «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «кұсқанаты» т. б.); 3. Космогониялык өрнек («дөңгелек», «шымай», «төрткөз», «айшық»); 4. Геометриялық өрнек («ирек», «қармақ», «балдақ» т.б). Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Солардың бірнешеуіне тоқтасақ: «Жұлдыз гүл» ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді түспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, бет-орамалдың ортасына және сырт киімнің арқа ұсына немесе шапан етегінің алдыңғы екі бұры- салынады. «Сынық мүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды. «Қосмүйіз» - ою- өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды безендіру үшін қолданылады [1]. Қазақтың ою-өрнектерін жасау мысалдарын келтіретін болсақ, көбінесе олардың симметриялық заңдылықты сақтай отырып жасалатына назар аудару қажет. Жұмысты жеңілден күрделі деңгейіне көшу жүйеде орындаймыз. Алдымен, қағазды бір бүктеу арқылы жасалатын ою элементтерін жасап үйренеміз. Мысалы, «қошқар мүйіз», «сынық мүйіз» элементтері бір бүктеу арқылы жасалса, келесілері, «қосалқа», «алтыбұрыш» және т. б. ою-өрнектер бүктеу әдістерінің өсуіне қарай күрделене түседі. Олар төмендегідей жасалады: «Қошқар мүйіз» және «Сынық мүйіз» ою-өрнегін - қағазды бір бүктеп ойып алу арқылы жасайды. Қайшымен дұрыс қию бағытын пайдаланып, қағазды бүктеу бағдарын көрсететін жебе арқылы орындайды. Бүктелген қағаз бұрыштарының аралық өлшемі тең түрде сақталады [2]. Сурет 1. «Мүйіз» ою-өрнек элементін симметриялы түрде құру. «Қосалқа» ою-өрнегі – ортасынан екі рет бүктелген түрлі қағаз бетіне «қосалқа» ою-өрнегінің жарты көрінісінің эскизін тез салып, қайшымен қиып көрсетуден бастайды. Алынған оюды басқа қағазға желімдейді [2]. Сурет 2. «Қосалқа» ою-өрнектің симметриялы түрін жасау. «Алты бұрышты» ою-өрнегін тік төртбұрышты қағазды тігінен бір бүктеп, бүгілген қағаздың жоғарғы бұрышын төмен қарай елу градуска жеткенше қайырады. Енді төменгі бұрышын жоғары қарай қабаттаймыз. Жеткен жерді қиып, тұмар жасап аламыз. Тұмар тәрізді бұл қағаз алты қабат болып, одан кейін бір жақ бетіне ою үлгісін сызып, қиып шығамыз. Сурет 3. «Алты бұрыш» ою-өрнектің симметриялық түрін жасау. Жоғарыда айтылған қазақ халқының ою-өрнектерін біз ұлттық зергерлік бұйымдарында көреміз. Сондықтан, келесі қарастырылатын мәселе – зергерлік бұйымдар жайлы болмақ. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Мысалдарды келтіретін болсақ, олардың түрлері келесідей: Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, сабақты сырға, шашақты сырға және т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Қазақ зергерлері (зер-зар – парсы тілінде алтын дегенді білдіреді) әрқайсысы жеке-дара жұмыс істеп, өз ұсталығын атадан балаға мұра етіп қалдырып отырды [3]. Қазақ зергерлерінің сүйікті материалы күміс болды. Ал балалармен жұмсақ сымды қолдану арқылы зергерлік жұмыстарды жасау қолайлы болып табылады. Сурет 4. Сымнан жасалынған әр түрлі бұйымдар [4]. Қорытындылай келе, айтқым келгені, осы тақырыпты таңдау мақсатым, халқымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларының ұлттық ерекшеліктерін, ою-өрнек өнерін жетік түсіндіріп, оқушыларды қолөнерге баулу. Халқымыз еңбек пен өнерге егіздеп қараған деп саналады, сол себепті де қол өнері шеберлігін жоғары бағалаған. Өнер - өмір бұлағы деп, халқымыз бостан бос айтпаған. Ұлттық қолданбалы өнерді, оның қоғамдағы тәрбиелік мәнін жан - жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт деп есептеймін. Қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата- бабаларымыздан қазіргі кезге дейін сақталып келеді. Халқымыз айтқандай «өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деп, тегін айтпаған, зергерлік өнер жалпы адамзатты, оның ішіндегі жас жеткіншектерді сұлулық пен әсемдікке, ізденіске, құштарлыққа үйретеді. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Өмірбекова М.Ш., «Энциклопедия», Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы: «Алматыкітап» 2003; 2. Төленбаев С., Өмірбекова М. – «Қазақтың ою-өрнегінің жасалу жолдары», Алматы, 1993 ж.; 3. Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері, А., 1969; 4. Қазақ мәдениеті, Энциклопедиялық анықтамалық, Алматы, 2005.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Аружан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ана тіл

Мәтінде ана тілінің ұлт болмысындағы орны, қазақ тілін құрметтеу және оны күнделікті өмірде дамыту жауапкершілігі сөз болады.

Аружан 1 мин 27 оқылым
Ғылым

Қазақ және Думадағы саяси ахуал

Мәтінде 1915 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақ және Дума» мақаласы талданып, Думадағы заң қабылдау тәртібі мен қазақ жұртының талап-тілегі баяндалады.

Аружан 4 мин 33 оқылым
Жалпы рубрика

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ(XIX-XX Ғ. БАСЫ)

Материалда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы, ұлттық сананы дамытуға және қоғамды жаңғыртуға қосқан үлесі қарастырылады.

Аружан 8 мин 139 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым