Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Басқару менеджментінің корей және жапондық үлгісі

Қалиева Гүлден, Орынбаева Бибигүл
3 мин оқу 55 оқылым

Басқарудың психологиясы тұлғаның қоғамда өзін дұрыс ұстауы мен басқарушылық және лидерлік қабілетін ұштастыруға атсалысатын бірден бір маңызды пән. Бүгінде басқару психологиясы сұранысқа ие әрі қоғам талабына сай, нақты қажетсінетін салаға кіріп отыр. Заман ағымына сәйкес даму аясында, бүгінгі күні Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Философия және саясаттану факультеті»
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Садыкова Назира Марғұшқызының бастауымен басқару психологиясы пәні өз жалғасын табуда. Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану мамандығы магистранттарына осы саланың қыр-сырын үйрену аясында біз тек басқарудың батыстық үлгісінен бөлек, шығыстық стиліне де ерекше тоқталып өтті. Осылайша жинаған білімімізбен бөлісу мақсатында бүгінде Корея мен Жапония сынды Қиыр шығыстың алпауыт мемлекеттерінің тұлғаны дамыту мен басқарушылық қасиеттерін ұштастыру үшін қолданатын амал-тәсілдерімен бөлісе өтудің келешек қазақстандық тұлғалардың бойында да болуы керек бір қасиет ретінде де көмегі тиеріне сөзсіз сеніммен бөлісуді дұрыс шешім деп таптық.                                                                                           Корея өзінің тәуелсіздігін алған сәттен бастап-ақ, елдің экономикалық және әлеуеттік сапасының көтерілуі үшін тынбай еңбек етіп ерекше жетістікке жете білді. Әрине, кез-келген істі дөңгелетіп алу үшін әрбір тұлғаның бойында қажетті басқарушылық және жауапкершіліктің болуы маңызды. Корей халқы өзінің басқару қабілетінің жоғары әрі ұжымдық қатынастарына тиянақты қарауының нәтижесін озық экономика мен білікті мамандарды тәрбилеумен байланыстырады. Сонымен қатар бұл елде басшы мен жұмысшы арасында арнайы этикеттің және кері байланыстың жоғарғы сапасы мен ұжымдық қатынастардың талапқа сай орындалуы жұмыскерлерді ынталандырып қана қоймай сапалы нәтижеге талпыну мен сол қоғамның дамуында бір із болып қалуды маңызды санауында. Басқаша дамыған елдер арасында әрбір ұйымның арасында белгіленген мақсатқа жету барысында конкуренцияның орын алуының жоғарғы сатысын корей және жапондық қоғамда ерекше байқауға болады, дегенмен мұндай қатынастарда олардың жаңа заманауи дағдыларды тез үйреніп, сапалы нәтижеге жетелейді. Осы сынды арнайы халықтар арасындағы тұлғааралық қатынастардың даму ерекшелігін біз «басқарудың психологиясы» атты сабақта толық түсінуге мүмкіндік аламыз.

Жапондық басқару стилі елге жеңіл автокөліктер мен жартылай өткізгіш микросхемалардың ірі өндірушісі болуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Жапония әлеуметтік саясат пен өмір сапасын бақылау саласында сөзсіз көшбасшы болып отыр. Дегенмен, бұл жай ғана ойластырылған жоғары деңгейдегі басқару емес.  Бұл қоғамдық және әлеуметтік дәстүрлерді қамтитын  шетелдік тәжірибені жапондардың өз ұлттық құндылықтарымен ұштастыру арқылы қол жеткізген басқару жүйесі болып табылады. Жапондық басқаруда басты назар адами қарым-қатынастарға аударылады – қызметкерлер арасындағы сенім, басшылыққа сенім, компаниядағы өзінің орны мен әріптестерінің орнын жақсы түсіну, іс-әрекеттерді дұрыс үйлестіру, жоғары моральдық ұстанымдар, т.с.с. Ұжымның өнімділігін арттыру әрбір жеке маманның өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін басшы қызметкердің мансаптық өсу жолын қамтамасыз ететін ынталандыру, шабыт беру секілді түрлі әдістерді қолданады. «Басты байлық – адами ресурстар» - бұл жапон басқару жүйесінің негізгі ұстанымы. Осы ұстанымның тиімділігін ондаған компаниялар, соның ішінде Mitsubishi Corporation, Toyota Tsusho, Honda Motor Co сияқты алпауыт компаниялар дәлелдеді.

Жоғарыда аталған корей және жапон басқару стилінен бөлек, сол елдердегі ұжымдық қарым-қатынастар, коммуникативті жағдаяттар мен мотивациялық аспектілер сынды тақырыптары жайлы «басқару психологиясы» пәні арқылы егжей-тегжейлі оқып үйрене аламыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті магистранттары

Қалиева Гүлден, Орынбаева Бибигүл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қалиева Гүлден, Орынбаева Бибигүл

Пікірлер 2

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Диана

    Қызықты ақпарат екен👏 Пайдалы болды! Жарайсыздар
  2. Нұржанар

    Басқарудағы корей және жапондық үлгінің қандай екендігі жайлы біраз ақпарат ала алдым. Шыныменде қызық екен. Рахмет .

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым