Төлебек Дариға
Ғылыми жетекшісі:
фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева
Бұл мақала газет ашамыз деп, халықтан қаражат жинап, оның қолды болғаны жайлы жазылған.
1912-ші жылғы 28 майда Ақтөбеде қазақ мырзаларынан газета ашамыз деп қаржы-қаражат жиналады. Ол ақшаны қолына алған Мұхтарам Исмағұл Иманшалов болатын. Сол кезде газет бастырушы міндетін алып еді. Бұл – бір.
Екінші, Исмағұл болашақ газетті Оренбургта ашуға уәде берді. Алайда, халық тарқағаннан кейін газетті Оренбургта емес Троицкіде ашайық деген ұсыныс айтты. Бұл жерде халықтың алдында уәде беріп, кейін оны өзгерткен Исмағұл Иманшалов өзінің жеке басының жағдайын ойлап, ақшаны өзімен бірге ауылына алып кеткендігі жайлы және ол газеттің ашылмағаны туралы көрсетілген. Ол қаражатты өзінің Ақтөбеде өткен екінші Думаның мүшесі болуға сайлауға салғандығы туралы жазылған.
Мақаланы түйіндей келсек, Исмағұл Иманшалов халықтың ақшасын жеке мүддесіне жаратқан. Пайда көру мақсатында халық қаржысын өз пайдасына жаратқандықтан, сыбайлас жемқорлыққа жол берілген.
Сыбайлас жемқорлық – адамзатқа ертеден таныс. Заманмен бірге өсіп- өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпты дерттің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де бұл дерт айналып өткен жоқ.
Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ. Біз қазіргі таңда күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Әр адамзат өз бойында адалдық, әділеттілік, берілген тапсырмаға бағыну, кез келген құқық бұзушылықтан қаша білу, проблемаларды шеше білу, адам құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделері сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Жемқорлықты жою үшін аянбай күресу – әрбір Қазақстандық азаматтың азаматтық та әрі адамзаттық парызы.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/basqarmaga-kelgen-khattar
Дариға
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.