Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Басқара білу де - өнер

Жукиева Мендеш
3 мин оқу 37 оқылым

«Генерал болуды армандамайтын солдат бола ма»  демекші, әрбір студент  қолына диплом аларда беделді, белді мекемелерден жұмыс орнын қарастыра бастайды.  Ондай жұмыс орындарының талабы да күшті. Қазіргі заман талабына сай, жас түлек тек қана білімді, іскер   болып қана қоймай, оның бойында әртүрлі  қасиеттердің болуы шарт. Мысалы, топпен жұмыс жасай білу, стресске төзімділік, конфликтілік жағдайлардан шыға білу, т.б. Бұрын ондай жағдайларға түсіп көрмеген үміткер университет қабырғасында қажетті білім алмаса, қатты қиналары сөзсіз. Сондықтан да, әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  білім алушылары  «Басқару психологиясы» пәнін қызыға оқиды. Пән оқытушысы, тәжірбиелі ұстаз,  психология ғылымдарының кандидаты Әлия Болтаеваның сабақ беру әдісі де ерекше. Ол әр сабақты қызғылықты түсіндіріп, білім алушылардың назарын өзіне аудара алады. «Басқару психологиясы» пәні аты айтып тұрғандай, басқару іс -әрекетіндегі түрлі жағдайларды, қарым- қатынастарды, туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдарын, т.б. қамтиды. Студенттер сабақ барысында басшының қабілеті мен құзыреттілігі туралы, әртүрлі басқару стильдері туралы, жеке адамдар мен ұжым мүшелерінің психологиясы, ақпарат алмасу, тағы басқа көптеген осындай қызықты тақырыптар туралы дәріс алады.

Г. Кунц пен С. О. Доннел сияқты зерттеушілердің пікірінше: «барлық шынайы ситуацияда бұл ғылымды қолдану мәні болатын, басқару процесі өнер болып табылады», яғни басқару бұл ең алдымен өнер.  Дегенмен, бұл өнер мынадай ғылымға сүйенеді: «Басқару бойынша іс-әрекет өнер болғанымен де, оларды иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп  және қолданса ғана, жақсы нәтижеге жетеді». Егер барлық қоғамдағы топтық серіктестік тиімді әрі маңызды нәтижені көрсетсе, онда басқару- барлық өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады. Қазіргі дүниежүзілік менеджменттің  дамуында жүйелік, үрдістік, ситуациялық деген бір бірімен тығыз байланыстағы негізгі жолдар бар.  Соның ішінде басқару теориясының әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін ситуациялық жол болып табылады.

Басқару теориясының қазіргі даму сатысында менеджмент пен бизнес интернационализациясын басқарудың жаңа мәселелеріне, ұйымдастырудың материалдық технологиялық базасына  үлкен мән берілуде.

Ұжымды толыққанды басқару үшін және жұмыстың сәтті болуы үшін басшы өз іс әрекетін талдай біледі  және дұрыс шешім қабылдайды. Ол үшін қалыпты және төтенше жағдайда жұмыс істей білудің психологиялық механизмін меңгеруі, яғни,  кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Осылайша басқару қызметінің басты мәселелерін психологиялық біліммен зерделейді.  Басқара білу өнер болса, басшы сол өнер иесі болуы заңдылық.

Студенттерге басшы мен көшбасшының бойындағы ұқсас қасиеттер мен айырмашықтар туралы дәрістер де өте қызықты болды. Бір қарағанда екеуінің қызметі бірдей болғанымен, екеуі екі түрлі ұғым. Басшыны құзырлы органдар тағайындайды, ал көшбасшы стихиялық түрде тізгінді қолына алады. Екуінің артатын жауапкершілігі де екі түрлі. Басшы орын алған барлық іске толығымен жауапты болса, көшбасшыда ондай құзіреттілік жоқ. Басшы заңды түрде билік бере алады, ал лидер тек өзінің жеке харизмасы арқылы айтқанын істете алады.  Басшының бұйрығын қызметкерлер орындауға тиесілі болады да, көшбасшының бұйрығын жүрек қалауымен орындайды. Басшы адамның бойында көшбасшылық та қасиеті болса, онда ол басқарған үйымды табыс күтіп  тұр дей аламыз. Көшбасшылық қасиет  адамға тек қана  туа бітеді деу қате. Дұрыс білім алып, оны тәжірбиемен ұштастыру арқылы әрбір адам өз өзін жетілдіре алады. Еліміздегі ең шоқтығы биік оқу ордасында білім алып жатқан әр азамат оқу бағдарламаларын жете меңгеріп, қызмет істеуге кіріскен кезде, осы алған білімдерін оңтайлы пайдаланады деп сенеміз. Табысты, жемісті еңбек етуге қажетті білімді беретін пәндердің бірден бірі - «Басқару психологиясы» пәні. Сол білімді студенттердің жетесіне жеткізуге бар ықыласын салып жүрген  Әлия Масакбайқызы Болтаева сынды   ұстазымызға алғысымыз шексіз. Сүйікті Универіміздің қабырғасында алған білімізді ел игілігіне жұмсап, заман талабына сай, күйзелісті жағдайларға төзімді, мәселені оңай әрі тез  шешуге қабілетті маман иесі болып шығамыз деген сенімдеміз.

Жукиева М.Б. магистрант

«Лингвистика» мамандығы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жукиева Мендеш

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым