Мазмұнға өту

БАРЛЫҚ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҢАЙ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР

Алтынгул 5 мин оқу 35 оқылым

Маңғыстау облысы білім басқамасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 ЖББМ»

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Турмуханова А.Т.

БАРЛЫҚ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҢАЙ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР

Жаңаөзен 2023

БАРЛЫҚ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҢАЙ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР

Турмуханова А.Т.

Маңғыстау облысы білім басқамасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 ЖББМ»

Бұл жобада ағылшын тілін оңай әрі еркін меңгеруі үшін мектеп жасындағы барлық сынып оқушыларына арналған әдіс тәсілдер және оларды ұйымдастыру жолдары ұсынылған.Ағылшын тілін үйренуде оқушылардың қызығушылығының болуы маңызды рөл атқарады.Жобаға ұсынылған ”Tell me a story”, “ What is X?” атты тәсілдер ағылшын тілінде дұрыс жазуға, оқуға, сөйлеуге және сол тілде ойлауға көмектеседі. Бұл әдіс тәсілдерде оқушыладың ағылшын тіліндегі speaking, writing, reading and listening дағдылары қалыптасады. Аталған бұл әдіс тәсілдерге практика жүзінде жан-жақты талдау жасалып, мектеп жасындағы балаларға ағылшын тілін оқыту кезінде өзіндік жақсы нәтижесін көрсетті.

Кілт сөздер: ағылшын тілі, оқушылар, әдіс тәсілдер, ұйымдастыру, дағды, speaking, writing, reading, listening, нәтиже

НОВЫЕ ПОДХОДЫ К ЛЕГКОМУ ОБУЧЕНИЮ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ВО ВСЕХ КЛАССАХ

Турмуханова А.Т.

МБОУ «СОШ №17" отдела образования Мангистауской области по городу Жанаозен

В данном проекте представлены методические подходы и способы их организации для учащихся всех классов школьного возраста для легкого и свободного владения английским языком.Немаловажную роль в изучении английского языка играет наличие интереса учащихся. Методы под названием ”Tell me a story”, “ What is X? “ помогут ученикам правильно писать, читать, говорить , а также думать на английском языке. В этих методах у учащихся формируются такие навыки, как speaking, writing, reading и listening на английском языке. Данный метод показал свои хорошие результаты при обучении английскому языку детей школьного возраста с всесторонним практическим анализом подходов.

Ключевые слова: английский язык, учащиеся, методы, организация, навыки, speaking, writing, reading, listening, результат

БАРЛЫҚ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҢАЙ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР

Турмуханова А.Т.

Маңғыстау облысы білім басқамасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 ЖББМ»

Қазіргі таңда ағылшын тілі 2ші сыныптан жоғары барлық мектеп сыныптарында оқытылады.Ағылшын тілінің сабақ кестесінде жиі болатынына қарамастан, оқушылардың сол тілде өздерін таныстырып, өз ойларын еркін жеткізуі әлі күнге дейін білім саласында үлкен мәселелердің бірі болып саналады.Бұл жобада осы мәселені шешу үшін ағылшын тілін оңай әрі еркін меңгеруге арналған мектеп жасындағы барлық сынып оқушыларына қолданылатын әдіс тәсілдер және оларды ұйымдастыру жолдары ұсынылған.Ағылшын тілін үйренуде оқушылардың қызығушылығының болуы маңызды рөл атқарады.Мен ұсынып отырған “Tell me a story”, “What is X?” атты тәсілдер ағылшын тілінде дұрыс жазуға, оқуға, сөйлеуге және сол тілде ойлауға көмектесіп қана қоймай, олардың тілге деген қызығушылықтарын ашады. Бұл әдіс тәсілдерде оқушылардың ағылшын тіліндегі speaking, writing, reading and listening дағдылары қалыптасады. Аталған бұл әдіс тәсілдерге практика жүзінде жан-жақты талдау жасалып, мектеп жасындағы балаларға ағылшын тілін оқыту кезінде өзіндік жақсы нәтижесін көрсетіп келеді.

“Tell me a story” әдіс тәсілі арнайы ағылшын тілінде сөздер мен суреттер бейнеленген қатты қағаздармен қолданумен жүзеге асырылады.Бұл ойындық тәсілде оқушылар топқа бөлінеді.Әр топ мүшесіне қораптан кез-келген қағазды таңдалып ұсынылады, топ мүшесі берілген қағаздағы сөзге қатысты сөйлем құрауы керек. Мысалы, “water” сөзі жазылған карточка түсті делік, оған қатысты “I drink water” деген сөйлемді құрауға болады.Әр топ мүшелері жеке сөйлемдерін құрап болғаннан соң, сол қағаздарымен топ болып қысқа мәтін құрастыруы керек.Мәтінде оқушы дара сөйлемдерді “and, but, or, after that, because” секілді көмекші сөздерді қолдану арқылы толық сөйлемдер құрап шығады. Мәтіннің шындыққа жанасуы маңызды емес, бастысы оқушы өз фантазиясымен сол сөздерді біріктіріп, белгілі шаққа жанасқан мәтін құрауы керек. Бұл тәсіл арқылы оқушының ағылшын тілінде сөздік қоры артады. Сөздерді тек жазу арқылы емес, суреттегі бейнемен көру арқылы да оңай жаттап алатын болады.Тіл үйренгенде сөздерді дара жаттап қана емес, сол сөздерге сөйлем құраған кезде ғана баланың есінде қалу мүмкіндігі жоғары болады.Сонымен қатар оқушы ағылшын тілінде сөйлемдерді құрастырып оны ауызша жеткізген кезде оның speaking және listening дағдылары дамыса, сөйлемдерді құрастыру барысында оқушы оны жазып алу арқылы writing және reading дағдылары қалыптасады.

“What is X?” ойын тәсілінде оқушының ойлау қабілеті мен ағылшынша сөйлеу дағдылары дамиды. Бұл ойынды оқушылардың деңгейіне сай 2 түрге бөліп қарастырдым. Біріншісі, ойын сөздер жазылған карточкалар арқылы жүзеге асады.Әр оқушыға жасырын сөз жазылған карточка таратылады.Оқушының міндеті сол жасырын сөзді аудиторияға сипаттап айту.Мысалы, “café” сөзі түсті делік, бұл сөзді “This is a small restaurant where we can buy and eat meals and drinks” сияқты сөздікте берілген сөздерді қолдану арқылы сөйлем құралады.

Екіншісі, оқушыларға жасырын сөз жазылған, суретімен бейнеленген қағаз беріледі. Оқушы жасырын сөзді "Х" деп алып, сол сөзді қосып мәтін құрастырады. Мысалы, "bag" сөзі түсті делік, бұл сөзге төмендегідей мәтін құрастырса болады: Today   I        go to shopping and buy new wallet. After that I put this wallet in my X. Then I meet with my friend in a cafe. He gives me a book and I put this book in my X. My X is big and in my X have a lot of things. I always carry this X. And What is X?

Бұл тапсырмада оқушы жәй сөйлемдерді байланыстыру арқылы ұйқасты мәтін ойлап табуы керек. Тапсырма орындау кезінде оқушы тек жасырын сөзді ғана жаттап қоймай, оны ашу үшін басқа сөздерді де ағылышн тілі грамматикасындағы белгілі шақпен н/е раймен қолданып есте сақтай алады.Тапсырманы оқушының деңгейіне ж/е санына қарай жеке н/е жұптық, топтық ретінде ұйымдастырсаңызда болады.Бұл ойында оқушылардың ой ұшқырлығына, сөздерді дұрыс қолдануына баға беріледі.

Қорытындылай келе, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемде әртүрлі жастағы оқушыларға қолданып, олардан жақсы нәтиже алғаннан соң, осы идеямды басқа да ағылышын тілі пәні мұғалімдерімен  бөліскім келеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Алтынгул

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Мектеппен танысамыз

Каракойшиева Алтынгул Кайрболовна Тақырыбы Мектеппен танысамыз Күтілетін нәтиже Мектепте, сыныпта жүріс-тұрыстарытуралы негізгі ережелерді біледі. ҰОҚ мақсаты Мектептегі қызметкерлердің еңбегі туралы түсіне алады және…

Алтынгул 235 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин