Мазмұнға өту

Балқаш көлі

Мекерғалиева Құндыз Бақтиярқызы 3 мин оқу 272 оқылым
САБАҚ: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мекерғалиева Құндыз
Сынып: 6-сынып Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Бөлім атауы: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
Сабақтың тақырыбы Балқаш көлі
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 6.1.5.1.- 6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
Сабақтың мақсаттары Шипалы су, тұщы көл, өзен, фауна, көл түбінде моллюскілер.

1.  Тыңдаған   мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Өз  пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3.  Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.                                                                 4. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Бағалау критерийлері - Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

- Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Құндылықтар Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.
АҚТ қолдануы Интерактивті тақта арқылы  слайд-презентация пайдаланылады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар сұрақ қою технологиясымен танысады, өз ойын еркін әрі анық жеткізе білуге тырысады.
Осыған дейін меңгерілген білім Тарихи тұлғалар. Лексика.
 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың басы

2 мин

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Суреттер қиығы топтарға таратылады. Сурет қиықтарын жинап, сурет бойынша ойларын айтады, суреттің артындағы жазылған сұрақтарға топ болып жауап береді.
Бағалау критерийлері Дискриптор
Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Суреттерге қарап, тақырыпты болжайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды кезеңі.

Сурет артына жазылатын сұрақтар:

- Жер бетіне түскен жауын-шашын суы қайда кетеді? Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі?

- Табиғаттағы су айналымы туралы не айтар едің?

- Теңіз бен мұхит суларын ішуге болады ма? Неге?

- Оны қалай тазартып алуға болады? (Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын өте қуатты қондырғы арқылы тазартып ішеді.)

- Жер асты сулары қалай пайда болады?

- Шипалы су деген  не?

-Табиғатта таза су қандай жерде кездеседі?

Тыңдалым кезеңі.

Тыңдалым мәтіні:

Балқаш көлі - табиғат әлемінің ерекше туындысы

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк.
Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді.

Балқаш – жартылай тұщы көл. Көл жер бетіндегі ең көне көл болып саналады. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар кездеседі.

1-тапсырма. «Кубизм» стратегиясы арқылы топқа төмендегідей сұрақтар қойылады:

1.Суреттеңіз. Балқаш көлін сипаттап беріңіз.

2.Салыстырыңыз. Балқаш көлін Аягөз, Бақанас, Лепсі, Ақсу өзендерімен салыстырыңыз. Бүгінгі жағдайы туралы айтыңыз.

3.Зерттеңіз. Балқаштың адам біле бермейтін қандай құпиялары бар?

4.Қолданыңыз. Балқаш көлінің суын ауызсу ретінде қолдануға бола ма, қалай ойлайсыз? Бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.

5.Талдаңыз. Қосымша ақпараттарды қарастыра отырып,  көлдің қалай пайда болғаны туралы аңызды талдаңыз.

6.Бағалау. Бүгінгі Балқаштың  жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайларын, себептерін қарастырыңыз.

Тыңдалымнан кейінгі кезең.

«Балқаш көлі» ребус жасаңыз.

«Төрт сөйлем» тәсілі.                                         

1.  Пікір. Тыңдаған   мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2.  Дәлел.  Өз  пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3.  Мысал.  Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.                                                                 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Дескриптор

ü  Тыңдалым мәтінін кубизм әдісімен талдайды.

ü  Ребус құрастырады.

ü  Тыңдаған мәтініне қорытынды жасайды.

Бағалау

Сабақтың соңы

3 минут

 

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мекерғалиева Құндыз Бақтиярқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин