Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Балдырған» бар кезде балалар әдебиеті өлмейді

Bilimger Media
2 мин оқу 41 оқылым

http://Балдырған» — қазақ балалары баспасөзінің көш басында тұрған журнал. 1958 жылдың шілде айынан бастап шығып келеді. Содан бері 63 жылға жуық уақыт өтті. 1958 жылы осы журналды ашып, бас редакторы болған белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев еді. Мұзафар ағамыз журналды 28 жыл, 3 ай, 15 күн басқарыпты. 1986 жылы еңбек демалысына шығып, «Балдырған» журналының тізгінін Тұманбай Молдағалиевке тапсырып кетті. Тұманбай ағамыз журналды 25 жыл басқарды. Өмірінің соңына дейін журналда қызмет етті. «Балдырған» — бастауыш класс оқушыларына арналған журнал. 1958 жылдан бері «балалар әдеби журналы» деген мәртебесі бар. Қазір де осыдан айнымай келеміз. Басылымға жарияланып жүрген материалдардың 80-85%-і — әдеби шығармалар, қалғаны — танымдық материалдар. Мұзафар Әлімбаев «Балдырған» — балалар әдебиетінің бас кітабы, балалар жазушыларының ұстаханасы» деп айтқаны бар еді. Осы бір ауыз сөздің өзінде көп нәрсе жатыр. «Балалар әдебиетінің бас кітабы» дегені — «Балдырған» журналы бүгінге дейін балалар әдебиетінің уығы болып қадалып, осы саланың шаңырағын көтеруге зор үлес қосып келе жатыр. Балаларға арнап шығарма жазып жүрген 50-60-қа жуық ақын-жазушы бар. Соның бәрі — «Балдырған» авторы. Кейінгі 10-15 жылда келіп қосылған жастар да бар. Сондай ақ Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен «Мұзафар Әлімбаев және Балдырған журналы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.Конференцияда қойылған сұрақтардың біріне Бақдәулет Әбдуалы былай деп жауап қатты. «Қазір балалар әдебиеті бар бар ма, жоқ па?» деген әңгіме көп айтылып жатады. Біреулер «балалар әдебиеті бітті, ауылдан аса алмай қалды» дейді. «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары, «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері тұрғанда балалар әдебиеті өлмейді. Осы журналдар жабылғанша бола береді. Одан кейін білмеймін. Неге десеңіз, осы басылымдардың өзінде жыл сайын ақын-жазушылардың балаларға арналған қаншама әңгімесі, өлеңі жарияланып жатыр. «Балалар әдебиеті ауыл деңгейінен шыға алмай қалды» дегеннің де жаны бар, ол рас, бірақ оған да қарсылық білдіруге болады. «Балдырған» журналы оқырмандарының 80%-і — ауыл балалары. Балалар әдебиетінде қозы, лақ, төрт түлік, жануар туралы жазылады деп айтылып жатады. Ауылдағы тіршілік қандай? Баяғы мал-жаннан қазақ әлі ажырған жоқ, сонымен күн көріп отыр. Соны жақсы көреді, сонымен айналысады. Ал қалаға келсек, мұнда басқаша. Бүгінгі заман туралы әңгімелер жазу да жоспарда бар. Өзім жүрген жерімде балаларға арнап шығарма жазып жүрген азаматтарға «бүгінгінің ертегісін жазып беріңдерші», «қала баласының тіршілігін көрсететін әңгіме жазып берші» деймін. Ешкім «жоқ» демейді, бірақ жоғалып кетеді. 10-20 бет әңгіме жазып әкелетіндер де бар, оны не қысқартуға келмейді, не журналға баса алмаймыз. Өйткені 10-20 бет әңгімемен журнал толып қалады. Басылымды кішкентай балалар оқитын болған соң қысқа-қысқа материалдар жариялаймыз.Кезінде Мұзафар Әлімбаев Мұқағали Мақатаев бір келгенінде «балаларға арнап бір-екі өлең жазып бер» деп қолқа салады. Сонда Мұқағали «Мектебің, мынау – класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың» деген атақты өлеңін жазып шыққан. Сол сияқты біз де ақын-жазушыларға өтініш айтамыз деп сөзін аяқтаған болатын.

Арыстанбаева Ұлбосын

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым