Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Баланың тілін дамыту

Недайводина Наталья
3 мин оқу 716 оқылым

Недайводина Наталья

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері:

Баламен әңгімелесу: күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату: кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу көрген-білгені туралы әңгімелеп біреуді үйретіп отыру: сөздік тапсырмалар орындату: әңгімелесуден соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тындату: түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

  1. Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсілі арқылы іске асырылады;

1.Затты бақылатып көрсету;

Балалардың түсінігін байқау, сұрақ қойып жауап алу;

Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тияқтап отыру.

Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шығынан, ана әлдиінен басталады.

Бар жақсысын баласынан аямаған халық - баланы сылаумен өсіре отырып, құлағына бесік жыры әуенін құя берген. Бала есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, тазалыққа, имандылыққа баулып, ізеттілікке, жомарттыққа, әсемді сезімталдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке үйретіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу - әрбір отбасы, ауыл-аймақ арманы болған. Оған дәлел - халық даналығы: санамақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар баланы ойландырып, толғандыратын өтірік өлендер, ертегі, аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізіп, ойына орала қалады.

Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге еліктіреді. Өйткені, ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен, арман-мүдесінен туындаған. Тілі жеңіл, мазмұны түсінікті, ойната сөйлететін шығармаларды тыңдату, сөйлесу кезінде-ақ бала қиналмай жаттап алып айта береді.

Баланың тілін дамыту арқылы танымдық іс-әрекетін арттыру.

Балалардың сөздік қорын кесте арқылы дамыту.

Көп тілдік мәселелер.

Баланың мектепке дейінгі кезі - оның жеке қасиеттерінің қалаптасып, дамитын кезеңі, сондықтанда бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлгені жөн. Баланың жағымды мінез-құлық әрекеттері 3-4 жасқа дейін -ақ, қалыптасып, тұрақтала бастайды .Сондай-ақ оның физиологиялық психологиялық жақтары да жедел дамып жетіледі. Осыған орай түрлі қимыл-әрекеті күрделене түседі. Күнделікті өмірде өзіне қажетті заттарды білуге деген баланың ынтасы артады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізгі мақсаттар қарастырылады.

Ауызша сөйлеуге үйрету,сөздік қорын дамыту .

а) Айналадағы дүниені табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.

ә) 3аттың атын (ойыншық,гүл,жапырақ ) т.б. сөздерді үйрету.

б) 3аттың сынын ,сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.

в) 3аттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту (жүрді, жүгірді, келді, қиялы, екті, септі т.б ) меңгерту.

г) Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде т.б) қосып айтуға үйрету.

Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс,анық айтуға үйрену 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

Грамматикалық категорияларды меңгеру.

Зат есімге іс-әрекетті білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрату.Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше, көпше (менің досым, біздің ойыншықтарымыз) айтуға үйрету.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен, кезінде көрген- түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіпкерлерін білуге үйрету (сызбаның түрлері берілген).

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Недайводина Наталья

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 296 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым