Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 29 оқылым

Шакизат Икина
“Балбөбек” жеке бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Мектепке дейінгі тәрбие – баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңі. Бұл уақытта балалар айналасын танып, алғашқы өмірлік тәжірибелерін жинақтайды. Осы кезеңде тәрбиеші тек білім берумен ғана шектелмей, баланың эмоциялық, әлеуметтік, және тұлғалық дамуына да ықпал етеді. Бұл міндеттің маңыздылығын қазақтың “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген мақалы жақсы түсіндіреді. Шынайы тәрбие арқылы балаға дұрыс бағыт беру – қоғамның болашағын қалыптастырумен тең.
Тәрбиеші балаға білім беруде түрлі әдістерді қолданады, солардың ішінде ойын арқылы оқыту – ең тиімдісі. Бұл әдіс баланың ойлау қабілетін, зейінін дамытып, танымдық белсенділігін арттырады. “Ойнап жүріп ой түй” деген нақыл сөз осының маңыздылығын көрсетеді. Ойын арқылы тәрбиеші балаға жаңа білім мен тәжірибені жеңіл әрі қызықты түрде береді, бұл баланың дамуына тың мүмкіндіктер ашады.
Мектепке дейінгі мекемелерде балалар алғашқы достықтарын құрып, қоғамда өмір сүрудің негіздерін түсінеді. Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда тәрбиеші балаға жол көрсетіп, оның айналасындағылармен түсіністікте болуын үйретеді.
Тәрбиеші баланың эмоцияларын түсінуге, өзін-өзі тануға көмектеседі. Бала өз сезімдерін түсіне бастағанда, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туады. Бұл болашақта бала үшін сенімділік пен жауапкершілікке негіз болады. Әр баланың бойындағы осы қасиеттерді қолдап, оларды дамыту тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қорытындылай келе, “Тәрбие – тал бесіктен” демекші, тәрбиешінің еңбегі баланың тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алады. Тәрбиеші берген өнегелі тәрбие бала бойында өмір бойына із қалдырады. Жақсы тәрбие мен сапалы білім арқылы тәрбиеші әр баланың бойында адамгершілік, жауапкершілік сынды қасиеттерді қалыптастырып, қоғамға сенімді, жарқын ұрпақ тәрбиелейді. Абай Құнанбайұлының “Адам баласы жақсы нәрселерді үйренбей, жақсы болмайды” деген сөзі тәрбиешінің балаларға берген білім мен тәрбие арқылы олардың болашағына үлкен әсер ететінін көрсетеді.

Авторы
Шакизат Икина

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 14 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық мәдениет негізі

Аннотация Мақалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында мектепке дейінгіұйым тәрбиеленушілерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Балалардың табиғатқа жанашырлықпен…

Омарбекова Гульжана Калиевна 7 мин 31 оқылым
Балабақша

Ойынға өрілген ұлттық мұра: мектепке дейінгі балаларға арналған авторлық ойындар.

Аңдатпа Мақалада ұлттық мәдениет мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың ойын тәжірибесіне енгізуге арналған авторлық дидактикалық ойын нұсқалары ұсынылады. Ою-өрнек, қонақжайлық және киіз үй тақырыптары баланың…

Балтабаева Марфуға Рахматуллаевна 8 мин