Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Баланы ойын арқылы адамгершілікке баулу»

Рахима
2 мин оқу 542 оқылым

Манғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жұлдыз ш/а «Рахат бөбекжай-бақшасы»
Дунканаева Рахима Калдарбаева педагог-психолог

Тақырыбы: «Баланы ойын арқылы адамгершілікке баулу»
Ойын-мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі.Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды ,өзінің күш жігерін жұмсап үйренеді.Бүгінгі күні талабы-баланың ақыл-ойын парасаттылық дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтанда баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың бойында оқытуды мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы ойын әрекеті,яғни ойын –баланың жетекші әрекеті.Бірақ ойын тек қана балаларды қызықтырып ,уақыт өткізудің құралы болуы керек.Яғни оқыту,тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау мектепке дейін мекеме педагогтарының негізгі міндеті.Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды даму мәселесі әли де өзекті болып отыр.Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды,берілген материалды тез қабылдайды.Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау,ойлау қабілетін,елестету сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді.Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды сабаққа деген қызығушылықтары артады.Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым-қатынас жасау балалардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтереді.Сондықтанда дидактикалық ойынға қажетті құрал жабдықтар,атрибуттар айшықты мазмұнды безендірілуде өте маңызды.Балаларды интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал.Мысалы логикалық тізбек ойындарылогикалық ойлау арқылы бала саралау салыстыру,жинақтау сияқты өз бетімен іс-қимылдар жасауды үйренеді.Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды,оның дамуына мақсатты түрде білім беру мамандарының ,ата-аналардың балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет.Балалар ойыны заттың-қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолына бастап интеллектуалды даму ойынына дейін жетеді.Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады.Бұл ойындар арқылы интеллектуалды дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес ойлау,қиялдау,есте сақтау,елестету және т.б.қабілеттерінің танымдық іскерлік ,шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиді.Мысалы суреттердіесте сақтау керекті фигураны қызықты геометриялық лабиринт ойындары және т.б.Ойы,саяздың тілі саяз деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған.Ойлау негізі баланың сөйлеу тілінде қалыптастырады.Қорытып айтқанда ,балаларды интеллектуалды дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге бекітуге ,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Рахима

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым