Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балалықтың бал мекені – «Сыр - Берекесі»

Bilimger Media
2 мин оқу 932 оқылым

Кез келген ұлттың болашағы жас ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. Балаға жастайынан назар аударып, тәрбиесіне көп көңіл бөлсек болашағынан үміт күтуге мүмкіндік көп десек қателеспес едік. Осы орайда бүлдіршіндер мен ата – аналар үшін балабақшаның маңызы ерекше екені даусыз. Қаланың КБИ мөлтек ауданынан орын алған көркем балабақшалардың бірі – «Сыр - Берекесі» балабақшасы. Балабақшада бүгінде 109 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі кіші орталық мекемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды. Осы ретте ұжым қызметкерлері тәрбиеленушілерге жан – жақты мол тәрбие беру тұрғысында заманауи әдістерге бағына қызмет етуде. Мұнда балалар 6 топ бойынша тәлім - тәрбие алады. Балабақша меңгерушісі Роза Сабырханқызы ұрпақ тәрбиесіндегі балабақшаның рөлін ерекше атап өтті:
- «Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол себептен келешек қоғам иелерін жан – жақты етіп ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздіңде қоғам алдындағы борышымыз.»
«Сыр - Берекесі» балабақшасы – тәлімді тәрбие ортасы. 2015 жылдың қараша айынан өз бүлдіршіндерін қабылдай бастаған балабақшаға биыл 3 жыл. Мұнда айтулы мейрамдарға орай мерекелік ертеңгіліктер, сонымен қатар әр – түрлі іс шаралар, ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері де өткізіліп тұрады.
«Тілден артық қасиет жоқ», - деп Елбасымыз айтпақшы балабақшада тәлім – тәрбие, салт – дәстүрмен қатар, тіл үйрету жұмысыда жүйелі жолға қойылған. Балабақшада арнайы мамандарда қызмет етеді. Информатика, дене шынықтыру, ағылшын тілі, музыка, би сабақтары тұрақты түрде өтіледі.
Үстіміздегі аптада күз мезгіліне орай ұйымдастырылған «Беркелі алтын күз» атты ертеңгілік тартымды өтті. Тәрбиешілер мерекеге мұқият дайындалды. Балалар мен ата – аналар ерекше әсерге бөленіп, тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.
Бүгінгі таңда ата – ана балаларын балабақшаға бермес бұрын «балам ол жерден не үйренеді екен, тәрбиешісі қандай болады» деген сұрақтар мазалауы заңдылық. Балаға жан – жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал етуі сөссіз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 302 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым