Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Балаларға адамгершілік тәрбие беруде отбасының рөлі»

Айгерім
3 мин оқу 371 оқылым

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де  мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.Кейде сабақтан жие қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.Жас шыбықты қалай ексең,солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің», демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты тәрбиесінде алғашқы ұстаз- ата-ана. Жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді.«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге  әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше«жұмысымды бөгейсің,істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін.Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып,оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өйстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.Әрі істеген ісінің ұқыпты да тындырымды орындалуына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку,сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана-бала  тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де,шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктері жетік білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай,сырласа білмейтін ата-аналар.  «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүрып-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеге үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен? Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айгерім

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Өмір. Өзгеріс

Мәтінде өмірдегі өзгерістерге әсер ететін жағдайлар, жасөспірімдерге ата-ана қолдауының маңызы және қиындықтарды сынақ ретінде қабылдау туралы айтылады.

Айгерім 1 мин 34 оқылым
Жалпы рубрика

Жастардың айқайы

Мәтінде мектептегі буллинг пен отбасындағы қысымның жасөспірімдерге әсері баяндалып, жастар мен ата-аналарға қолдау көрсету жөнінде кеңестер ұсынылады.

Айгерім 1 мин 26 оқылым
Балабақша

Кітаптың маңыздылығы қандай?

Мәтінде кітаптың білім мен қоғам өміріндегі құндылығы, кітап оқуды тұрақты әдетке айналдыру және өзіңе қызықты жанрды табу жолдары қозғалады.

Айгерім 4 мин 36 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 420 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым