Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары

Айдос Мухаметкалиев
6 мин оқу 178 оқылым

Мухаметкалиев Айдос

«МДШО бар №9 орта мектеп» КММ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы бірізді заңдылықтарға бағынады. Организмдегі жасушалардың саны мен салмағы ұлғайып, соның нәтижесінде дене көрсеткіштері артады.

Өсу мен дамудың негізгі көрсеткіштері

Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:

1. Бойы – адамның денесінің ұзындығы.

2. Салмағы.

3. Кеуде шеңбері. Өсумен қатар организмде даму да жүріп жатады.

Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз – сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналуы, ұлпалардың жіктеліп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелері қызметінің артуы және баланың ақыл-ой өрісінің кеңеюі. Организмнің дамуы физикалық және функциялық болып бөлінеді.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге ортақ: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы және алып жатқан орны.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп-даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл кезеңдердің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтау және оның сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.

Кәмелетке келу немесе дамып-жетілу дегеніміз, ең алдымен, жастардың жыныстық жетілуі және ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдени құндылықтарды жасау, еңбек ету қабілеттері де осы кезеңнің белгілеріне жатады.

Бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп-дамуы гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылы миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2–2,5 есе артады (жаңа туған нәрестенің миы 360–390 г). 7 жасқа жеткенде миы ересек адамның ми салмағының 80–90%-ына жетеді. Баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, ал мүшелердің қызметі жүйке жүйесіне, әсіресе орталық жүйке жүйесіне тікелей байланысты. Лимфа ұлпаларының өсуі 10–12 жаста күшейеді, жыныс мүшелері 12 жастан кейін жетіледі. Бір мүшенің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі баяу дамуы мүмкін, ал қызметі жетілген кезде ұзындыққа өсуі баяулайды.

Осы ерекшеліктерге байланысты бала организмінің қажеттіліктері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организмге белок көбірек қажет болады. Сөйлеу қабілеті дамыған кезде бала адамдармен көбірек қарым-қатынас жасауға ұмтылады, ал қимыл-қозғалысы дамыған шақта белсенділігі артады.

Бала организмінің түрлі әрекеттерге бейімділігі мен сыртқы орта жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функциялық жүйелерге байланысты. Мысалы, баланың миы оқуға 6–7 жастан бастап бейімделеді. Сондықтан одан ерте оқыту басқа мүшелер жүйесіне кері әсер етіп, олардың дамуын баяулатуы мүмкін.

Ұлпаларға қажетті оттегін тасымалдау қабілеті де біртіндеп дамып, 16–17 жаста жетіледі. Сондықтан балаға ауыр жұмыс жүктегенде, дене еңбегін ұйымдастырғанда және спортпен шұғылдануына жағдай жасағанда осы ерекшелікті ескерген жөн.

Қорыта айтқанда, бала организмінің әртүрлі еңбек түрлеріне бейімділігі бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек және спорт жұмыстарының көлемін сыртқы орта жағдайлары мен баланың өсу-даму кезеңіне сәйкес мөлшерлеген дұрыс.

Өсу мен дамудың гетерохрондылығы сыртқы орта жағдайларын ескеріп, бала еңбегін дұрыс мөлшерлеудің ғылыми негізі болып саналады.

Балалар мен жасөспірімдердің жыныстық айырмашылықтары дене құрылысының өсуі мен дамуынан және жеке мүшелер жүйесінің жетілу қарқынынан байқалады. Жыныстық жетілуге дейін ер балалардың антропометриялық көрсеткіштері, әсіресе бойы, қыздардан жоғары болуы мүмкін. Жыныстық жетілу басталғанда қыздардың салмағы, бойы мен кеуде шеңбері уақытша басым болады. 15 жастан кейін ер балалар тез өсіп-жетіліп, көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғарылауы мүмкін. Өсу мен дамудың жалпы заңдылықтарымен қатар баланың жасына және жынысына байланысты ерекшеліктері де ескерілуі керек. Оқу-тәрбие, еңбек және спорт жұмыстарын ұйымдастырғанда баланың денсаулығы мен жеке ерекшеліктеріне сай қауіпсіз жүктеме белгілеу маңызды.

Балалардың жас кезеңдері

Өсу жас кезеңдері деп физиологиялық ерекшеліктері ұқсас, өсуі мен дамуы бір деңгейде болатын уақыт аралығын айтады. Әр кезеңде организм белгілі бір даму деңгейіне жетіп, келесі кезеңге дайындалады. 1965 жылы Мәскеуде өткен ғылыми жиында адамның өмірі 12 кезеңге бөлінген:

1. Жаңа туған сәби (өмірінің алғашқы 10 күні);

2. Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);

3. Алғашқы балалық шақ (1–3 жас);

4. Бірінші балалық шақ (4–7 жас);

5. Екінші балалық шақ (қыздар – 8–11 жас, ұлдар – 8–12 жас);

6. Жеткіншек немесе жасөспірім кезеңі (қыздар – 12–15, ұлдар – 13–16 жас);

7. Кәмелеттік кезең (қыздар – 16–20, жігіттер – 17–21 жас);

8. Ересектіктің бірінші жартысы (әйелдер – 21–35, ерлер – 22–35 жас);

9. Ересектіктің екінші жартысы (әйелдер – 36–55, ерлер – 36–60 жас);

10. Егде жас (әйелдер – 55–74, ерлер – 60–74 жас);

11. Қарттық кезең (әйелдер мен ерлерде 74–90 жас);

12. Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан асқан адамдар).

Педагогикалық жас кезеңдері

Балаларды тәрбиелеу, үйрету және оқыту жағдайларын ескере отырып, педагогтар мынадай жас топтарын ұсынады:

1. Жаңа туған сәби (1 айға дейін);

2. Емшектегі сәби (1 айдан 1 жасқа дейін);

3. Балбөбектер тобы (1–4 жас);

4. Мектепке дейінгі балалар (5–7 жас);

5. Мектеп жасындағы балалар:

6. Бастауыш сынып оқушылары (7–11 жас);

7. Ортаңғы сынып оқушылары (11–14 жас);

8. Жоғары сынып оқушылары (14–18 жас).

Адам жасын кезеңдерге бөлудің көптеген нұсқасы бар. Ғалымдар зерттеу мақсатына қарай белгілі бір көрсеткіштерді негізге алып, жас кезеңдерін ұсынған. Олардың кейбірі ескірген немесе біржақты болуы мүмкін. Физиологиялық тұрғыдан 1965 жылғы топтастыру организм ерекшеліктеріне негізделген нұсқалардың бірі саналады. Әр жас кезеңінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бір кезеңнен екіншісіне ауысу уақыты өзгеру немесе өтпелі кезең деп аталады. Кейбір зерттеушілер оны мүшел жаспен байланыстырады, алайда жас кезеңдерінің шектері қазақтың мүшел жасымен толық сәйкес келмейді. Өтпелі кезең организмнен бейімделу үшін көп күш талап ететін уақыт.

Өтпелі кезеңде организм әлсіреп, сыртқы орта жағдайларының өзгерісіне бейімделуі қиындауы мүмкін. Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесіне түсетін салмақ артады. Жас ұлғайған сайын өтпелі кезеңді еңсеру күрделене түсуі ықтимал. Жас кезеңдерінің шектері биологиялық көрсеткіштерге негізделгенімен, әлеуметтік жағдайлар мен адамның жеке ерекшеліктерін де ескеру қажет. Денсаулық, тұрмыс жағдайы және жүйке жүйесінің даму деңгейі әр адамда әртүрлі болады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. – М., 1990
    2. Гужаловский А.А. Основы теории и методики физической культуры. –

М .: ФиС., 1986.

  1. 3. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.
  2. 4. Евсеев Ю.И. Физическая культура. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002.
    5. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
    6. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.

Қорытынды

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы біркелкі жүрмейді: әр жас кезеңінің физиологиялық ерекшеліктері мен қажеттіліктері бар. Оқу, еңбек және дене жүктемесін жоспарлағанда баланың жасын, жынысын және жеке денсаулық жағдайын ескеру маңызды.

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 5 қазан 2026, 12:39

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айдос Мухаметкалиев

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары

Материалда дене тәрбиесі сабағына жаңа технологияларды енгізудің оқыту үдерісін жетілдіруге және оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуға ықпалы қарастырылады.

Айдос Мухаметкалиев 13 мин 24 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 74 оқылым